Серіктай, Әбілтай сияқты формада еркелету жұрнағының мағынасында
жұмсалып жүр. Ал Айдай, Тастайбек тәрізді есімдерде -дай, -тай аффикстері
салыстырмалы сын есім туғызатын жұрнақ мағынасында жұмсалып,
субстантивтеніп тұр» [13, 157-158 бб.].
59
Кісі есімдерінде кездесетін еркелету мағынасында қолданылатын -ш
жұрнағын Г.Г. Мусабаев өз еңбегінде -шақ қосымшасының өзге бір түрі ретінде
қарастырады. Мысалы: Қарлыға – Қарлығаш, Балтабай – Балташ т.б. [146, 36
б.].
Қазақ тіл білімінде антропонимдік қосымшаларды Т. Жанұзақов екіге (тірі
және өлі жұрнақ) бөліп қарастырады. Тірі жұрнақтар бір сөз табына тән
сөздерден екінші сөз табына жататын сөздерді және антропонимдерді жасайды.
Ол жұрнақтардың атқаратын қызметі, өзіне тән мағыналары болады [147, с.
131-133].
Осы тұрғыда З.К. Жанғабылова Ерміш, Жармыш, Тілеміс, Жасамыс,
Өтеміс секілді антропонимдер құрамындағы -мыс, -мыш жұрнақтарын көне
жұрнақтарға немесе өлі жұрнақтарға жатқызады. Бұл жұрнақтардың қазіргі
тіліміздегі сөздерге жалғанбайтынын, тек жоғарыда көрсетілген антропонимдер
құрамында ғана кездесетінін айтады [76, 26 б.].
Қазақ антропонимикасында жиі кездесетін «суффиксоид» деп аталатын
грамматикалық тұлғаларға, морфемаларға М.Д. Мұсабаева -тай, -жан, -хан
сияқты
элементтерді
жатқызады.
Бұл
элементтердің
ерекшілігін
М.Д. Мұсабаева бір жағынан тілімізде өзінің лексикалық мағынасында жеке-
дара қолданылатын дербес сөздер ретінде, екінші жағынан морфологиялық
сөзжасаушы тұлға ретінде де қолданылуымен түсіндіреді. Ғалымның пікірінше:
«Ахметжан, Мұхаметжан, Айжан, Тоғжан секілді есімдерде «жан» сөзі
грамматикалық абстракцияға ұшырап, формальді элементке, морфологиялық
тұлғаға айналғандықтан, өзінің о бастағы («өмір-тіршілік көзі», рух-душа)
лексикалық мағынасынан қол үзгендігі белгілі. Жоғарыдағы есімдердің
бойынан «рух-жан» деген ұғымды біз аңғарып тұрғамыз жоқ» [74, 89 б.].
Қазақ грамматикасында -жан, -тай секілді морфологиялық элементтер
жайында: «Тілімізде өзінен жасы кішілерге, жас балаларға мейірлене,
ықыластана сөйлеген кезде олардың атына -жан, -тай секілді морфологиялық
элементтерді қосып айтатын дәстүр бар. Мәселен, баланың аты Марат, Болат
болса, оны Маратжан, Болатжан, Әмір болса, Әміртай деп қолданатын әдет
елдің бәріне таныс» деп көрсетілген [80, 448 б.].
Қазақ және башқұрт тілдеріндегі кісі есімдерінің жасалу жолдарын
салыстыра отырып А. Шайхулов екі тілде де нұр компонентінің кеңінен
қолданылатындығы жайлы айтады: «В казахских именах преобладающими
компонентами являются: ай (луна), ақ (белый), бал (мед), күн (солнце), нұр
(светлый луч). Как видим, компонент нұр и в башкирских, и в казахских именах
наиболее распростронен» [148, c. 85].
Б. Әбдуәлиұлы бойынша: «Антропонимжасам тілдегі кісі есімдерінің
жасалу жолдарын зерттейді. Кісі есімі атаушы тарапынан айтылғанда, оның
көңіл-күйі мен аталушы адамға деген көзқарасына байланысты (жасы
үлкендерді құрметтеп, жасы кішілерді еркелету түрінде) есімдер әртүрлі
өзгерістерге түседі. Ал аталушы тарапынан алғанда, әр адамның өзіндік ішкі
«мені» болады, осы арқылы адамның болмысы қалыптасады» [86, 13-15 бб.].
60
Профессор Қ.Қ. Жұбанов «Из истории порядка слов в казахском языке»
атты ғылыми еңбегінде былай деп жазады (алғашында ғылыми жұмыс Қазақ
тілі жөніндегі зерттеулер (Исследования по казахскому языку) атты жеке кітап
ретінде 1936 жылы жарық көрген): «Личные имена: Күнсұлу, Айсұлу, Таңсұлу,
Достарыңызбен бөлісу: |