58
Т. Жанұзақов тілдік заңдылық пен нормаға бағынатын қазақ
антропонимдерінің бірнеше жолмен жасалатынын айта келіп, оларды
дара
тұлғалы антропонимдер,
туынды тұлғалы антропонимдер,
біріккен тұлғалы
антропонимдер деп бөліп қарастырады [13, 129-135 бб]:
1) түбір тұлғалы антропонимдерге байырғы қазақ сөздерінен жасалған кісі
есімдерін жатқызады:
Асыл,
Алма,
Асқар,
Асау,
Арай,
Бақыт,
Серік,
Есет,
Жібек,
Күміс,
Сәуле,
Шекер т.б.
2) антропонимдер қосымшалар қосылу арқылы
туынды тұлғалы болып
келеді. Мысалы, -
лан жұрнағы зат есімнен етістік тудырады да, зат есімге
айналады: Нұрлан, Ерлан; -
лы, -
лі, -
ды, -
ті жұрнақтары зат есімнен сын есім
туғызып, қайтадан субстантивтенеді;
3)
тіліміздегі кісі аттарының басым көпшілігі екі сөзден біріккен, яғни
біріккен тұлғалы болып келеді
. Біріккен тұлғалы кісі аттарына үш түрлі
қасиет тән:
а) аффикстік тәсіл – түбір сөзге қосымша жалғану арқылы жасалады.
Мысалы:
Қойшыбай,
Малдыбай,
Аналық,
Аталық,
Жақсылық,
Игілік,
Сағындық;
ә) дербес мағыналы сөздердің бірігуі арқылы жасалатын кісі есімдері:
Бегайдар,
Базарбай,
Нұрсұлу,
Айсұлу,
Күлімхан,
Сағынғали,
Қозыбай,
Асанхан,
Ақжолтай,
Қаракөзайым,
Бибігүлжамал;
б) эпитеті алды-артында келіп бірге айтылатын кісі аттары. Олардың екі
сыңары да бірдей айтылып бір адамның есімін білдіреді:
Қозы Көрпеш,
Қыз
Жібек,
Ер Төлеген,
Алпамыс батыр,
Ер Тарғын,
Қобыланды батыр,
Ақан сері,
Біржан сал,
Алдар көсе,
Жиренше шешен,
Асан қайғы т.б.
Бекжан Әбдуәлиұлы құрылымдық сипаты тұрғысынан антропонимдердің
жасалу тәсілдерін
дыбыстық (кірме есімдердің бейімделуі),
синтетикалық
(аффиксация немесе аффикстік тәсіл:
лы/-
лі, -
ды/-
ді, -
ты/-
ті, -
м (-
ым/-
ім), -
дай/
-
дей, -
тай/-
тей),
аналитикалық (біріктіру, тіркестіру тәсілдерін пайдалану),
лексика-семантикалық
(дайын
сөздің
антропонимге
айналуы)
деп
топтастырады [86, 18-22 бб.].
Қазақ тілінде қолданылатын -
тай, -
дай, -
тей, -
дей жұрнақтарын
Қ. Жұбанов
тег,
тек сөздерінен шыққан деген тұжырым жасайды: «Казахский
суффикс сравнения –дей, (-дай, -тей, -тай), звучащий у современных уйгуров и
узбеков как -
тек, -
дек и -
дақ, а в орхонских надписях в одной только форме –
тег (
тәңрітег – подобно небу), восходит к слову
тег (род, происхождение)»
145, c. 64
.
Өз еңбегінде Т. Жанұзақ кісі есімдеріне -
тай, -
дай, -
тей аффикстерінің
кеңінен жалғанатынын, олардың бірде еркелету жұрнағы, бірде сын есім
жұрнағы ретінде кездесетінін атап өтеді: «Мысалы,
Алмастай,
Күлтай,
Достарыңызбен бөлісу: