Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет67/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Әйел  антропонимиясы.  Әйел  антропонимиясын  саралау  барысында 
олардың  рәсімделуі  кезінде  келесі  аты-жөні  нұсқалалары  қолданылғандығы 
анықталды:  
1) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Шынтасова  Алия  Зиябековна  (-ова/-ева/-ина  + 
есімі + -овна/-евна), орыс тілінің аффикстері арқылы жасалған үш мүшелі аты-
жөні;  
2) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Ахметова  Шамширак  Еркин-қызы  (-ова/-ева/-
ина  +  есімі  +  -кызы  (дефис  арқылы)),  тегі  орыс  тілінің  аффикстері  арқылы 
жасалып, әке атына кызы (қызы) сөзі дефис арқылы жалғанған үш мүшелі аты-
жөні;  
3) тегі,  есімі,  әкесі  (ТЕӘ)  –  Орункаева  Салтанат  Нуртулеукызы  (-ова/-
ева/-ина + есімі + -кызы (бірге)), тегі орыс тілінің аффикстері арқылы жасалып, 
әке атына кызы сөзі жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ)  –  Аккасова  Акбота  Бахытжан кызы  (-ова/-ева/-
ина + есімі + -кызы (бөлек)), тегі орыс тілінің аффикстері арқылы жасалып, әке 
атына кызы сөзі бөлек түрде жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
5) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Ерубаева  Мадина  (-ова/-ева/-ина  +  есімі),  орыс  тілінің 
аффикстері арқылы тек пен есімнен жасалған екі мүшелі аты-жөні. 
Жоғарыда  көрсетілген  әйел  аты-жөні  нұсқаларының  сандық  және 
пайыздық көрсеткіші кестеде (кесте 4) берілді. 
Әйел  аты-жөнінің  рәсімделуі  кезінде  төрт  нұсқа  қолданылған.  Жоғары 
сатыда  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  рәсімделген  ТЕӘ  (-ова/-ева/-ина  + 
есімі + овна/евна) нұсқасы – 98,20 %-ды құрады. Тек пен есімнен жасалған екі 
мүшелі ТЕ (-ова/-ева/-ина + есімі) аты-жөні нұсқасы – 1,40 %-ды құрады.  
 
Кесте 4 – 1980 жыл әйел аты-жөні нұсқалары 
 
№  Әйел аты-жөні нұсқалары (1980 ж.) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіші (%) 





ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + овна/евна) 
1687 
98,20 % 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -кызы (дефис 
арқылы)) 

0,29 % 

ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + кызы) 

0,11 % 

ТЕ (-ова/-ева/-ина + есімі) 
24 
1,40 % 
Барлығы: 1718 
 
Ең  аз  қолданылған  әке  атына  кызы  сөзінің  дефис  арқылы  жалғануымен 
жасалған  ТЕӘ  (-ова/-ева/-ина  +  есімі  +  -кызы  (дефис  арқылы))  аты-жөні 
нұсқасы – 0,29 %-ды, әке атына кызы сөзі жалғанған ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі 
+ -кызы ) аты-жөні нұсқасы – 0,11 % ды құрады.  


84
 
 
Жиі  таңдалған  әйел  есімдері.  1980  жылы  Алматы  қаласы  бойынша  әйел 
есімдері  саны  –  288-ді  құрады.  Бұл  есімдер  арасында  жиі  қойылған  10  әйел 
есімі кестеде (кесте 5) көрсетілді.  
 
Кесте 5 – 1980 жылы жиі таңдалған әйел антропонимдері 
 
№ 
Әйел есімдері (1980 ж.) 
Саны 




Әсел  
141 

Әлия  
77 

Айнұр  
74 

Динара 
67 

Жанар  
54 

Айгүл  
43 

Айжан 
41 

Жанна 
40 

Мәдина  
36 
10 
Гауһар  
34 
 
Кестеде көрсетілгендей, ең жиі қойылған әйел есімдері: Асель (Асел) – 141 
рет, Алия – 77 рет, Айнур (Айнура) – 74 рет, Динара – 67 рет, Жанар (Жанара
Джанар) – 54 рет. Қалған есімдерді жоғарыдағы кестеден көре аламыз. 
Құжаттарда  әйел  антропонимдері  орыс  тілінің  орфографиялық 
заңдылықтарына сәйкес ә/а, ұ/у, ж/дж, л/ль, һ/х болып рәсімделген: Әсел – Асел, 
Асель;  Мәдина  –  Мадина,  Айнұр  –  Айнур,  Айнура;  Жанар  –  Жанара,  Джанар, 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет