Ер антропонимиясы. Жинақталған тілдік материалды саралау
нәтижесінде 2000 жылы ер аты-жөнінің рәсімделуі бойынша 9 нұсқа кездесті:
1) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Қанатбеков Аман Талгатович (-ов/-ев/-ин +
есімі + -евич/-ович), орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі
аты-жөні;
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Мәуленов Сәбит Қасымұлы (-ов/-ев/-ин + есімі
+ -ұлы), тегі орыс тіліндегі аффикстер арқылы жасалып, әке атына ұлы сөзі
бірге қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;
3) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Аубакир Мерей Мухамеджанұлы (тегі
аффикссіз + есімі + -ұлы), тегі аффикссіз жасалып, әке атына ұлы сөзі бірге
қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Искак Амангелді Ахмеджанович (тегі аффикссіз
+ есімі + -евич/-ович) тегі аффикссіз жасалып, әке атына орыс тіліндегі -евич/-
ович аффикстері жалғанған үш мүшелі аты-жөні;
5) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Тайбектегі Дархан Нұрымұлы (тегі тіркесі +
есімі + -ұлы), кісі тегіне «тегі» тіркесі жалғанып, әке атына ұлы сөзі бірге
қосылып жазылған үш мүшелі аты-жөні;
6) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Мухаметсоюз Дидар Багашар, тегі аффикссіз +
есімі + -ұлы), тегі мен әке аты аффикссіз жасалған үш мүшелі аты-жөні;
7) тегі, есімі (ТЕ) – Дуйсенов Рахат (-ов/-ев/-ин + есімі) тегі орыс тіліндегі
аффикс арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;
8) тегі, есімі (ТЕ) – Жасұлан Даулет (тегі аффикссіз + есімі) тегі аффикссіз
жасалған екі мүшелі аты-жөні;
9) әкесі, есімі (ӘЕ) – Адайұлы Бағылан (-ұлы + есімі), әке атына ұлы сөзі
жалғанып жасалған екі мүшелі аты-жөні;
Ер аты-жөні нұсқаларының пайыздық және сандық үлесі төмендегі кестеде
(кесте 12) берілді.
Кесте 12 – 2000 жыл ер аты-жөні нұсқалары
№
Ер аты-жөні нұсқалары (2000 ж.)
Саны
Пайыздық
көрсеткіші (%)
1
2
3
4
1
ТЕӘ (-ов/-ев /-ин + есімі + -ович/евич)
971
27,08 %
2
ТЕӘ (-ов/-ев /-ин + есімі + -ұлы)
1271
35,44 %
3
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы)
1074
29,95 %
4
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ович)
4
0,11 %
5
ТЕӘ (тегі -тегі + есімі + -ұлы)
1
0,03 %
6
ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі +әкесі)
2
0,06 %
7
ТЕ (-ов ев /-ин + есімі)
37
1,03 %
8
ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)
23
0,64 %
9
ӘЕ (-ұлы + есімі)
203
5,66 %
Ер аты-жөні нұсқалары арасында ең көп қолданыс тапқан ТЕӘ (-ов/-ев /-ин
+ есімі + -ұлы) аты-жөні нұсқасы – 37,95 %-ды құрады. Ұлты қазақ
96
азаматтардың аты-жөнін реттеу тұжырымдамасына сәйкес орыс тіліндегі
аффикстер қолданыстан алынып, қазақ азаматтары үшін аты-жөнінің ұлттық
нұсқасы ретінде ұсынылған «тегі, есімі, әкесі» нұсқасы – 29,95 %-ды құрап,
екінші орында болғандығын аңғаруға болады. Бұл деректерден қабылданған
Жарлық негізінде ұлттық дәстүрге сәйкес аты-жөні нұсқасының толық
қолданысқа енбеуі байқалады.
Үшінші сатыда ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ович/-евич) орыс тіліндегі
аффикстер арқылы жасалған үш мүшелі аты-жөні нұсқасы – 27,08 %.
АХАТ бөлімдерінде тіркелген аты-жөні нұсқалары арасында ең төменгі
сатыда 0,03% пайызбен кісі тегіне «тегі» сөзі жалғанған аты-жөні нұсқасы
болды.
Жиі таңдалған ер есімдері. 2000 жылғы деректер бойынша ер
антропонимдері саны – 469 болды. Оның ішінде ең жиі таңдалған 10 ер есімі
кестеде (кесте 13) берілді.
Кесте 13 – 2000 жылы жиі таңдалған ер антропонимдері
№
Ер есімдері (2000 ж.)
Саны
1
2
3
1
Темірлан, Тимур
88
2
Әлішер
60
3
Санжар
56
4
Данияр
51
5
Арман
49
6
Диас
48
7
Ілияс
47
8
Азамат
45
9
Дінмұхамбет
41
10
Дәулет
39
2000 жылы ең жиі қойылған ер есімдері: Темірлан, Тимур – 88 рет, Әлішер
– 60 рет, Санжар – 56 рет, Данияр – 51 рет кездесті. Сонымен бірге Данияр,
Арман, Азамат есімдерінің 1990-2000 жылдар аралығында жиі қойылған
есімдер тізімінде болғанын атап өтуді жөн көрдік.
Келесі ер антропонимдері рәсімделуінде бірнеше нұсқа кездесті: Темірлан
есімінің – 6 түрлі (Тамерлан, Темирлан, Темірлан, Тамырлан, Тамерулан,
Темрлан), Дінмұхамбет есімінің – 4 түрлі (Динмухамед, Динмухаммед,
Дінмухамед), Ілияс есімінің – 3 түрлі (Илияс, Ильяс) нұсқасы кездесті.
2000 жылы жиі қойылған ер есімдерінің шығу тегі, жасалу жолдары мен
мән-мағынасы төмендегідей:
Темірлан, қаз. – темір + қосымша лан. Бала өмірі темірдей берік, мықты
болсын деп қойылған есім [136, 125 б.];
Әлішер, ар. ғали – жоғары, биік + шер – арыстан [136, 33 б];
97
Санжар, ар. – патша, император. Түркі тілдерінде тесіп, түйреп өтуші
деген мағынаны білдіреді [136, 114 б.];
Диас, исп. – күн, күндіз, Испания көтерілісшілерінің көрнекті басшысы
Хосе Диас құрметіне 1936 жылы қойылған есім [136, 56 б.];
Ілияс, евр. – күш, құдірет [136, 136 б.];
Дінмұхамбет, ар. – біріккен тұлғалы есім, дін + Мұхаммед, ислам дінін
ұстанушы мұсылман (человек, исповедующий мусульманство) [165, c. 123];
Дәулет, ар. – 1) байлық, бақыт; 2) мемлекет, держава, империя [136, 2008,
55 б.].
Сирек ер есімдері. 2000 жылғы дерек бойынша келесі ер есімдері сирек
кездеседі: Абдулхақ, Азаматфараби, Айдынкөл, Ақнан, Амадей, Аянади,
Әбутәліп, Әзірет, Әлимұхаммед, Әмірсана, Әлиескендір (Альискандер),
Әрсенәли, Батухан, Белдос, Бірлес, Жарасөркен, Жасдәуір (Жасдауер),
Кегенханбатыр,
Күлтегін,
Қуанәділ,
Мәдениет
(Мадиниет),
Мұхаммедшайбани, Нариманқожа (Нариманходжа), Мұстақым, Нұрбатыр,
Оқжетпес, Оскар, Расмұхаммед, Самуил, Сұлтанбейбарыс, Сұлтансүлеймен,
Таңжарық, Тағдыр, Тоғанас, Тұңғышәли, Үгедей, Ыбырайымсұлтан
(Ыбраһмсұлтан), Эдуард, Ясауи. Берілген есімдер арасында 2000 жылы екі
немесе үш есім сөзден жасалған есім беру үрдісінің бастау алғандығы
айқындалды.
Тілдік қатысымдылығы. 2000 жылы ер антропонимдерінің жалпы саны –
644. Олардың тілдік қатысымдылығы антропонимиялық сөздіктер негізінде
анықталды.
Сурет 5 – 2000 жыл ер антропонимдері тілдік қатысымдылығы
Кестеде көрсетілгендей, саны жағынан гибридті есімдер – 30,59 %-бен
басымдық көрсетті.
Екінші сатыда қазақ (түркі тілдері) тіліндегі есімдер – 28,73 %-ды құраса,
келесі сатыда араб тілінен енген есімдер – 28,26 %-ды құрады.
Өзге шет тілдерінен енген есімдердің сандық және пайыздық көрсеткіші
төмендегідей: к. евр. – 11 (Иса, Исмаил, Мұса, т.б. – 1,71%), монғ. – 6 (Алтай,
Ноян, Сатай, т.б. – 0,93 %), герм. – 5 (Эрик, Эдуард, Оскар, т.б. – 0,78 %), слав.
– 5 (Ратмир – 0,78 %), гр. – 4 (Александр, Арсен, Денис, Кирилл – 0,62 %), лат. –
98
2 ( Алан, Амадей – 0,31 %), кельт – 1 ( Артур – 0,15 %), фр. – 1 ( Марат – 0,15 %),
исп. – 1 ( Дияс – 0,15 %), к. егип. – 1 ( Рамзес – 0,15 %).
Достарыңызбен бөлісу: |