Өзегіне жуық аймағы: «бай, бек, хан, төре, сұлтан»
әлеуметтік детерминативтер; «ел», «нұр», «ұлт», «рух»
сөздері арқылы жасалған есімдер
Шеткері
кеңістік:
туыстық
атаудан
жасалған,
қорғаныш есімдер, табиғат құбылысына қатысты
есімдер, күнтізбелік есімдер, берді, туды, туған, келді
арқылы жасалатын есімдер
Өзегі: екі немесе үш есімнен бірігіп жасалған араб
тіліндегі антропонимдер, құрмет есімдері, апеллятивтен
жасалған есімдер
126
Замануи қазақ антропонимиялық кеңістігінің өзегі ретінде «екі немесе үш
есімнен бірігіп жасалған араб тіліндегі антропонимдер», «құрмет есімдерінен
жасалған антропонимдер», «апеллятивтен жасалған антропонимдер»
қатарын бөліп қарастыруға болады.
Екі немесе үш есімнен бірігіп жасалған араб тіліндегі антропонимдердің
уәжін талдау арқылы бұл топтағы ер антропонимдерінің Ислам дінімен, діни
тұрғыда ойлаумен ішкі байланысы анықталды.
Бұл үрдіс қазіргі жастардың басым бөлігінің Ислам дініне бет бұруы
ықпалынан туындап отырғанын байқауға болады. Мысалы: Асылмұрат,
Әбдуәли, Әбдіғазиз, Әбдіғани, Әбдікәрім, Әбдімүтәліп, Әбдіразақ, Әбдірақым,
Әбдірахман, Әбдірашид, Әбдісабыр, Әбдісалам, Әбдісамат, Әбдіхамит,
Әбунасыр, Әбубәкір, Әбілмансұр, Әлинұр, Әзіретсұлтан, Әли-Ағзам, Әлиназар,
Әлиасқар, Әлимұхамбетнұр, Әлисұлтан, Әмірсұлтан, Мәдизейінуайыс,
Мұстафа-Әмір, Мұхамбетәлі, Мұхамбетсыдық, Мұхамбетясин, Нұриман,
Нұрислам, Нұрмұхамбет, Нұр-Раян, Омар-Серік, Рамазанәли, Хабибрахман,
Яхияжұма. Сонымен бірге, Ислам дінінде «Аллаһым, дұғамызды қабыл ет»
деген мағынаны білдіретін әмин сөзінен жасалған Әмин (Мұхамбетәмин)
антропонимі және мұсылмандар үшін ең қасиетті мерекенің бірі – Миғраж түні
дүниеге келген сәбиге берілген Миғраж есімі қазіргі қазақ антропонимиясына
енгендігі анықталды.
Құрмет есімдерінен жасалған антропонимдердің уәжі «Рухани жаңғыру»
бағдарламасы, «Мәдени мұра» сынды бағдарламалар аясында ұлттық тарих пен
мәдениетті жаңғыртумен тікелей байланысты екендігін аңғаруға болады.
Мысалы: Абылайхан, Абылайханбейбарыс, Альбертгор (Альберт Гор), Асанәлі
(Әшімов), Ататүрік, Аттила, Әбілқайыр, Әлихан (Бөкейханов), Балғынбек
(Имашев), Батухан, Бауыржан (Момышұлы), Бәйдібек (Қарашаұлы),
Бейбарыс, Бельгер, Бөкейхан, Досхан (Жолжақсынов), Ертұғрыл, Есімхан,
Жәнібек, Жәңгірхан, Жиренше, Заманбек (Нұрқаділов), Қазыбек, Иманғали
(Тасмағамбетов), Кенесары, Керейхан, Қайырхан, Қарасай, Қасымжомарт
(Тоқаев), Құбылай, Қаныш (Сәтбаев), Қобыланды, Қожахмет (Яссауи),
Құнанбай, Құрманғазы, Мағжан (Жұмабаев), Майқыби, Мұқағали (Мақатаев),
Мұхамбет (пайғамбар), Нұрсұлтан (Назарбаев), Нұх (пайғамбар), Пірбекет,
Райымбек, Рамзан (Кадыров), Тәукехан, Төлеби, Өзтүрік, Шерхан (Мұртаза),
Шәкәрім (Құдайбердіұлы), Шерхан (Мұртаза), Шоқан (Уәлиханов),
Шыңғысхан, Ыбырай (Алтынсарин), Яссауи.
Апеллятивтен жасалған антропонимдер де қазақ антропонимиялық
кеңістігінің өзегінен орын алады. Мысалы: Абырой, Аманат, Арын, Арұл, Асар,
Асу, Әлем, Балуан, Батыл, Белес, Белсен, Берен, Биік, Болашақ, Білім, Ғаламат,
Ғарыш, Ғасыр, Демеу, Дербес, Ерен, Жалын, Илан, Иман, Қаған, Қаһарман,
Құдірет, Құрмет, Мәртебе, Өжет, Өткір, Пейіл, Сауат, Сыйлас, Ұланғайыр,
Шуақ, Ынтымақ.
Заманауи қазақ антропонимиялық кеңістігі өзегіне жуық (околоядерное)
аймаққа жататын антропонимдерге «бай, бек, хан, төре, сұлтан сынды
127
әлеуметтік детерминативтер арқылы жасалған есімдер», «ел», «нұр», «ұлт»,
«рух» сөздері қосылып жасалған есімдер жатады.
Әлеуметтік детерминативтер бай, бек, хан, төре, сұлтан арқылы жасалған
антропонимдерге: Айсұлтан, Айтөре, Ақтөре, Ақсұлтан, Алансұлтан,
Арсұлтан, Артаберсұлтан, Асылтөре, Әлисұлтан, Әмірсұлтан, Байнұр,
Бақсұлтан,
Бақтөре,
Бақытхан,
Бисұлтан,
Жансұлтан,
Жантөре,
Сұлтанмұрат, Таңсұлтан, Төрехан, Ханәли, Ханбайбек, Ханболат, Хандияр,
Ханзада, Хангелді, Хансұлтан, Хантәңір, Хантемір, Хантөре есімдері жатады.
«Рухани жаңғыру», «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаларының
ықпалын «ел», «ұлт», «рух» аппеллятивтері арқылы жасалған есімдерден
көрініс табады [172, p. 320]. Тарихи кезеңдерде елдің қамын ойлайтын азамат
болып өссін деген тілекпен ер антропонимдерін жасауда жиі қолданылған «ел»
апеллятиві Тәуелсіздікке қол жеткізіп, Егеменді ел болған уақыттан кейін де
белсенді қолдынасқа ие болғандығына құжаттарды талдау барысында көз
жеткіздік. Мысалы: Байел, Еларыс, Елбасы, Елбек, Елдар, Елдәулет, Елдос,
Елжан, Елжас, Елқанат, Елмұрат, Елназар, Елнар, Елнұр, Елсияр, Елсұңқар,
Елтөре, Елхан, Елшат, Елімай есімдері осының дәлелі бола алады. Сонымен
бірге Ұлтқыран, Рухқанат, Астана антропонимдері ұлттық сананың, рухтың
жаңғыруының көрінісі ретінде анықталады.
Сонымен қатар нұр антропокомпоненті арқылы жасалған ер есімдерінің
саны артқан: Нұрел, Нұрайдар, Нұрақын, Нұр-Арыслан, Нұрасыл, Нұрахмет,
Нұрәділ, Нұрәлем, Нұрәли, Нұрбақыт, Нұрбатыр, Нұрғасыр, Нұрқадыр,
Нұргелді, Нұржақия, Нұрланды, Нұрсамит, Нұрсаналы, Нұрсәт, Нұртөре,
Нұрхан, Нұршуақ.
Қазіргі қазақ антропонимиялық кеңістігі шеткері аймағына келесі лексика-
семантикалық топтағы антропонимдер жатады. Шеткері кеңістіктегі ер
антропонимдері бойынша жыл өткен сайын қолданыстан шығып, есім ретінде
сирек қойылып жүрген есімдерді бөліп қарастыруға болады: «туыстық атаудан
жасалған антропонимдер», «қорғаныс есімдер», «табиғат құбылыстарына
қатысты есімдер», «күнтізбелік есімдер», «бер, берді, берген, болсын, кел, келді,
туар, туған, туды антропокомпоненттері арқылы жасалған біріккен тұлғалы
антропонимдер»:
- туыстық атаудан жасалған антропонимдер: Ағабек, Ағадай, Ағахан,
Атабек, Атаберді, Атанияз, Әкежан.
- ұзақ уақыт баласы тұрақтамаған жағдайда қойылатын қорғаныс есімдері:
Елемес, Тоқтар, Тұрар, Тұрсынбек. Уақытынан бұрын шала туылған балаға
берілетін есім – Шалабай.
- бала өмірге келген уақытта орын алған табиғат құбыстары мен қазақ
халқының көшпенді өмір салты мен мәдениетін сипаттайтын төрт-түлік мал
атауларына қатысты жасалған антропонимдер: Боранәлі, Дауыл, Ербота,
Нөсер.
- сәбидің қай айда дүниеге келуіне қатысты қойылған есімдер: Мамырбек,
Наурызбай. Заманауи қазақ антропонимиясында апта күндеріне қатысты
антропонимдер мүлде кездеспеді.
128
- қазақ тілінде бер, берді, берген, болсын, кел, келді, туар, туған, туды
антропокомпоненттері арқылы жасалған біріккен тұлғалы антропонимдер:
Айберген, Айтуар, Айтуған, Аллаберген, Амангелді, Байгелді, Бақберген,
Бақкелді, Бердәулет, Ертуған, Есенгелді, Жолболсын, Келдәулет, Құдайберген,
Нұрберген, Нұргелді, Нұртуған, Тәңірберген.
Зерттеу барысында анропонимдік кеңістіктің шеткері аймағынан табылып
архаизм есімдерге айналып бара жатқан антропонимдерге ықпал еткен: 1)
ежелгі наным-сенімдердің ұмыт болуына әсер еткен жаңа идеология; 2)
жаһандану үдерісі әлемдегі дамыған елдер мәдениеті ықпалынан батыстық
үлгідегі есімдердің тілдік санада сәнді, заманауи болып қабылдануы
факторларын жатқызуға болады.
Заманауи қазақ әйел антропонимиясын өрістік тәсіл бойынша талдау.
1980-2018 жылдар арлығында ата-аналар тарапынан жиі қойылған әйел
антропонимдері бір кестеде (кесте 31) берілді.
Зерттеу жүргізілген уақыт кезеңінде әйел антропонимдері бойынша ең жиі
қойылған есімдер қатарында болып, тұрақты түрде ең таңдалған антропоним
ретінде Мәдина есімі анықталды, яғни бұл есім заманауи қазақ
антропонимиялық кеңістігі өзегінен орын алған болып есептеледі. Мәдина
(Сауд Арабиясындағы қала атауы) есімінің таңдалу уәжі қыз баланың иманды,
инабатты, тәрбиелі болып өсуін тілеумен болашақ ана ретінде салиқалы
ұрпақты дүниеге келтіріп, олардың бойына барлық жақсы қасиеттерді ана
сүтімен дарытады деген тілекпен байланысты деп пайымдауға болады. Қазіргі
уақытта Мәдина есімінің дыбыстық өзгерген түрі, яғни Медина нұсқасы
қолданылуы бойынша басымдыққа ие екендігі байқалды.
Кесте 31 – 1980-2018 жылдары жиі таңдалған әйел есімдері
КСРО құрамында
Тәуелсіздік жылдары
1980 ж.
1990 ж.
2000 ж.
2017 ж.
білім
гранты
иегерлері
2010 ж.
2018 ж.
1
2
3
4
5
6
Әсел
Әйгерім
Аружан
Аружан
Әмина
Айша
Әлия
Әсел
Диана
Айдана
Кәусар
Раяна
Айнұр
Мәдина
Әнел
Әйгерім
Аружан
Мәдина
Динара
Әлия
Дана
Мәдина
Айша
Айзере
Жанар
Айнұр
Мәдина
Диана
Аяулым
Әмина
Айгүл
Айжан
Кәмила
Әсел
Мәдина
Айлин
Айжан
Динара
Әйгерім
Арайлым
Айзере
Айару
Жанна
Гауһар
Айдана
Ақерке
Айым
Кәусар
Мәдина
Аида
Әсел
Назерке
Диана
Аяла
Гаухар
Жанар
Алина
Әсем
Жанел
Томирис
129
Сонымен бірге жиі таңдалған әйел антропонимдеріне: 1980-1990 жылдар –
Әлия, Динара, Айнұр, Жанар; 1980-2000 жылдар – Әсел; 1990-2000 жылдар –
Әйгерім, 2000-2010 жылдар – Аружан, Диана; 2010-2018 жылдар – Айша,
Айзере, Әмина, Кәусар есімдері жатады.
Заманауи әйел антропонимдерін өрістік тәсіл бойынша талдау нәтижесінде
антропонимикалық қордың негізгі өзегін құрайтын келесі лексика-
семантикалық топтарға жататын әйел есімдері айқындалды. Қазақ
антропонимиясы өзегінде, өзегіне жуық аймақта, шеткері кеңістігіндегі әйел
есімдері суретте (17-суретте) берілді.
Қазіргі қазақ антропонимиялық кеңістігінің өзегіне « сұлулық» ұғымын
білдіретін әйел антропонимдері және « араб тілінен енген есімдер жататындығы
анықталды. Тілдік тұлға санасында « сұлулық» ұғымы түрлі түсініктер бойынша
қарастырылады. Зерттеу жұмысында « сұлулық» ұғымы материалдық нысандар
және абстракт ұғымдар болып екі топқа бөліп қарастырылады. Материалдық
нысандарға қатысты атаулардан жасалған әйел антропонимдері келесі
топшаларға топтастырылады:
1) өсімдік атауларынан, оның ішінде сұлулық символы саналатын гүл
атауларынан, « гүл» сөзінен жасалған әйел антропонимдері: Азалия, Ақгүл,
Бүлдірген, Гүлайым, Гүлбегім, Гүлпатшайым, Гүлперзент, Гүлсәнім, Гүлсезім,
Гүлхадиша, Гүлімшат, Еңлік, Жаңагүл, Жауқазын, Қалампыр, Қарақат,
Құлпынай, Қызғалдақ, Лиана, Раушан, Сарығалдақ, Сыйлыгүл, Талжан,
Талшын.
2) асыл тас, қымбат мата атауларынан жасалған әйел антропонимдері:
Айбарша, Айзере, Ақжібек, Ақмаржан, Алтынай, Алтынзер, Барқыт,
Гауһартас, Зара ( Зере), Кәмшат, Күмісай, Мақпал, Меруерт, Інжу.
Сурет 17 – Заманауи қазақ әйел антропонимиялық кеңістігі
Абстракт ұғымдардан жасалған әйел антропонимдері әдемілікті,
әдептілікті, нәзіктікті, кішіпейілділік пен мейірімділікті білдіреді: Ажар, Айдай,
Айерке, Айкөркем, Айнәзік, Айсезім, Айсұлу, Айымбике, Ақназ, Ақпейіл, Аяулым,
Әдемі, Әдеп, Әсемай, Балерке, Ғажап, Жайдары, Жайнасын, Жамал, Жансұлу,
Достарыңызбен бөлісу: |