Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


 Қазақ кісі есімдері мен тектері трансформациясы



Pdf көрінісі
бет88/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

3.3 Қазақ кісі есімдері мен тектері трансформациясы 
Ер  антропонимиясы.  Тілдік  материалды  саралау  нәтижесінде  заманауи 
қазақ  кісі  есімдеріндегі  дыбыстық  өзгерістер,  яғни  антропонимдік 
трансформация  құбылысы  келесі  жолдармен  жүзеге  асырылғандығы 
анықталды: 
-  ер  есімдеріне  қосымша  дыбыстардың  немесе  қосымшаның  үстелуі. 
Мысалы: Айнар – АйанерАман – АманышӘди – ӘдиятСағи – СағдиӘділ – 
АдленӘли – АльалиӘлиярӘмір – АламирАмирден
-  ер  есімдерінде  қазақ  тіліндегі  дауысты  дыбыстардың  (ұ,  ы)  түсіп  қалу 
құбылысы. Мысалы: Айсары – АйсарАрыслан (к.т. – арслан) – АсланЖасұлан 
– Жаслан;  
-  ер  есімдеріндегі  әріптердің  немесе  сөздердің  орнын  ауыстыру.  Мысалы: 
Рамиль – АрмильЕласар – АлесарНұрәли – Әлинұр
Сонымен  бірге  ресми  құжаттарда  ер  есімдері  тілдік  нормаға  сәйкес 
жазылмауы,  дұрыс  дыбысталмауы  салдарынан  бірнеше  нұсқада  рәсімделіп 
жүргендігі анықталды:  
-  дауысты  ә,  е  дыбысының  э  дыбысымен  алмастырылуы:  Әлфараби  – 
ЭльфарабиБайел – БайэльЕлнар – Эльнар
-  у  дыбысының  орнына  в  дыбысының  жазылуы:  Науат  –  Нават
Наурызбек – НаврузбекУалихан – Валихан;  
-  қ  дыбысының  орнына  х  дыбысының  жазылуы:  Бақтияр  –  Бахтияр
Бақыт – Бахыт;  
-  х  дыбысының  орнына  к  дыбысының  жазылуы:  Асхат  –  Аскат;  ш 
дыбысының  орнына  ч  дыбысының  жазылуы:  Шоқан  –  Чокан,  Шыңғыс  – 
Чингис,  і  дыбысының  орнына  ы  дыбысының  жазылуы:  Едіге  –  Едыге
Әбдісамат – АбдысаматЖангелді – Жангельды, т.б. 


133
 
 
Әйел  антропонимиясы.  Жинақталған  тілдік  деректер  бойынша  әйел 
антропонимиясында  орын  алған  антропонимдік  трансформация  құбылысына 
келесі мысалдар жатады.  
Әйел  есімдеріне  қосымша  дыбыстардың  үстелуі.  Мысалы:  Алтынай  – 
АлтынаияАсия – АсиятӘдемі – ӘдемишӘдила – АдиланРахат – Рахатай
Риза – Ризам
Есімге  қосымшалардың  жалғануы  және  дыбыстардың  түсірілуі  арқылы 
түрленіп, дыбыстық өзгеріске ұшыраған әйел антропонимдері:  
- Айлы → Айлана → Айлана → Айлара → Айлуна → Аймара → Айфара → 
Аэлина → Дайлин → Тайлин; 
Айна → Айнель → Айнэль → Айнэля;  
Альбина → Альвина; 
-  Әли  →  Алиана  →  Ализа  →  Алика  →  Алира  →  Алиша  →  Альзина  → 
Альмина → Альфара;  
Әлфия → Альфина;  
- Әсел → Аселина;  
- Әсма → Асмита → Асмира;  
Ару → Аруза → Аруна → Арулана;  
Ғайни → Ғайниса → Ғайнура; 
Дидар → Диадара → Дидара;  
- Дина → Динель; 
Дана → Даная → Данина → Даниса;  
Елдана → Елданасы;  
Лия → Лияра; 
Нұрия → Нұрида, Нұрина, Нұрфия; 
- Нұршаш → Нұршашты; 
Рабия → Рабина; 
Рахима – Рахмила, Рахмина; 
Роза → Розали → Розалина; 
Руфия – Руфина;  
Сабина → Сабриза; 
Сағи → Сағида;  
Сара → Саримма → Сарина;  
-  Сафия  →  Сафият;  есімнің  жасалуы  бойынша  Айсафи  (Айсофи)  →  Аль-
Сафия түрлері кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет