Асылым (Аслым).
2018 жылы жиі қойылған есімдер арасында 2010 жылы ондықта болған
Айша, Әмина, Мәдина, Кәусар, Айзере, Айым есімдері кездеседі.
Сонымен жиі қойылған әйел есімдерінің (2000 жылмен сәйкес келмейтін)
шығу тегі, жасалу жолдары мен білдіретін мән-мағынасы төмендегідей:
Раян, Раяна, ар. – 1) толық, тегіс, түзу; 2) дамыған, кемелденген, жетілген
[128, 205 б.];
Айлин, каз. – ай сәулесі түсіп жарқырап тұрған; нұрлы [128, 17 б.]; Айлы
есімінің дыбыстық өзгерген нұсқасы.
Аяла, каз. – мәпелеп өсіру, әлпештеу; ардақтау, қадірлеу [128, 17 б.];
Айару, қаз. ай + ару – сұлу, көркем [136, 137 б., 142 б.];
Томирис – скиф халқына жататын массагеттердің атақты патшасы, Тұмар
ханым (шамамен б.з.б. 570-518), ол парсы патшасы Кир II-мен соғысып,
жеңіске жеткен [128, 244 б.];
Сапа, Сафия, ар. сәфа – 1) таза, мөлдір; 2) адал, тыныштық, таңдаулы [128,
213 б.];
Әдина, ир. одина – 1) әдеміленген, безенген; 2) жұма күні, аптаның бесінші
күні туған балаға қойылатын есім. Синонимі – Әтина [136, 142 б.];
Асылым, ар. әсил – 1) негіз, түбір, түп нұсқасы; 2) шынайы, нағыз; 3)
қымбатты, ардақты [136, 142 б.];
Мария, к. евр. 1) өте жақсы, тамаша; 2) биік мәртебелі ханша; Дыбыстық
өзгерген түрі – Мәрия, Мәриям [136, 161 б.].
Сирек әйел есімдері. 2018 жылғы Алматы қаласы бойынша деректерге
сәйкес сирек берілген әйел есімдері: Ағиян, Адалин, Адеби, Аделайда, Адель-
Дениз, Азия, Ай-Әдина, Айя-Нұр, Ақзерде, Айқаракөз, Айла-Сумайя, Айсофи,
Айтеңіз, Ақмөр, Аль-Маруа, Аль-Сафи, Айшешек, Ар Райан, Аруана, Асыл-Дара,
Асылзада, Әдемі Ау, Бақмекен, Балхадиша, Бибі Зере, Бинарис, Гүлбегім,
Джемма, Джулия, Дінзухра, Елриза, Елігай, Жамиға, Жан Айдын, Жанриза,
Зафира, Изабель, Кербез, Мириамрада, Мұнтаз Мақал, Микаэля, Нұрифа,
Нұрпатима, Нұршуақ, Періште, Рания-Насиба, Рабия Бегім, Ринель, Розали,
Рулана, Румейса, Руфина, Рухаят, Сағдана, Сақыпжамал, Салидат, Сальма,
Самаийя, Саримма, Сара Мишель, Сәлсәбіл, Сәнді, Семанұр, Сұлуназ,
Сырғалым, Талжан, Таслима, Тәттіару, Тоқмейіл, Уасиля, Ұмай, Ұлым,
Фатима-Захра, Фердаус, Ханна Окоуе, Ханыкей, Хафса, Хусна, Шейла. Бұл
тізімнен сирек таңдалған әйел антропонимдерінің саны артып, есімнің ерекше,
өзгеше болуына баса назар аударылуы айқындалып отыр.
Біріккен тұлғалы есімдер бірнеше нұсқада жазылған: бірге, бөлек және
дефис арқылы. Сирек таңдалған әйел есімдері арасында әнге қосып айтылған
122
келесі әйел есімдері кездеседі: Айқаракөз, Ақмаржан, Балхадиша, Джулия,
Қорлан, Ләйлім, Мәриям, Медина, Нурикамал, Салидат, Тәттіару, т.б.
Тілдік қатысымдылығы. 2018 жылы жалпы саны – 538 әйел есімі
таңдалған. Әйел есімдеріне жасалған стратиграфиялық талдау нәтижесінде
антропонимдердің тілдік қатысымдылығы бойынша сандық және пайыздық
көрсеткіштері анықталды (сурет 13).
Саны жағынан әйел антропонимиясында жоғары сатыда қазақ (түркі)
тіліндегі есімдер – 33,83%-ды құрады.
Екінші сатыда араб тілінен енген есімдер – 25,65%-ды, одан кейінгі сатыда
гибридті есімдер – 17,47%-ды құрады.
Әйел антропонимиясында парсы тілінен енген есімдер –10,60%-дық үлесті
көрсетті.
Сурет 13 – 2018 жыл әйел антропонимдері тілдік қатысымдылығы
Өзге шетел тілдерінен енген әйел есімдері 12,45 %-ды құрады: лат. – 19
есім ( Белла, Венера, Лаура – 3,53 %), к. евр. – 18 есім ( Лия, Мария, Ханна, т.б. –
3,35 %), гр. – 17 есім ( Арселия, Медея, Тея, т.б. – 3,16 %), ор. (слав.) – 8 есім
( Карина, Лемара, Мира, т.б. – 1,49 %), герман тілінен – 2 ( Аделайда, Алина –
0,37 %), ағыл. – 1 ( Cаммита – 0,18 %), санск. – 1 есім ( Сати – 0,18 %), исп. – 1
есім ( Альмира – 0,18 %). Бұл тұрғыда мәдени қарым-қатынас ықпалынан, өз ге
тілден енген антропонимдер арқылы кез-келген тілдің есімдер қорына жаңа
есімдер қосылып, антпопонимикалық қоры байып отыратындығын атап өтуге
болады [170, p. 84].
Жалпы 2018 жылғы деректер бойынша қазақ антропонимиясында
азаматтардың (ер, әйел) аты-жөні рәсімделуінде 7 нұсқа кездесті. Олардың
арасында ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы/-
қызы) аты-жөні нұсқасы басымдыққа ие болды. Одан кейінгі орында саны
жағынан тегі орыс тілі аффикстері арқылы жасалып, әке атына -ұлы/-қызы
жалғанан ТЕӘ (-ов/-ова, -ев/-ева, -ин/-ина + есімі + -ұлы/-қызы) аты-жөні
нұсқасы.
Антропонимиялық қорда саны бойынша әйел есімдеріне қарағанда ер
есімдері көп екендігі анықталды. Кейбір есімдер дыбыстық өзгеріске ұшырап,
бірнеше нұсқада жазылған.
123
Жұмысшылар қозғалысы, оның көсемдері мен қайраткерлерінің
есімдерінен жасалып, 30-жылдары кеңінен дамыған Марлен, Ревмир, Ренат,
Эмиль; Дамира, Зарина, Мира есімдері [13, 70 б.] қазіргі уақытқа дейін
қолданыста екендігі анықталды. Аталған есімдер 1980-2018 жылдар
аралығында қазақ антропонимиялық қорында сақталып келеді.
Аталған жылдарда саны жағынан көп қолданылған 3 ер және әйел аты-
жөні нұсқасы cуреттерде (сурет 14, 15) берілді.
Сурет 14 – 1980-2018 жылдар бойынша негізгі ер аты-жөні нұсқалары
Ал 2018 жылы бұл нұсқа саны жағынан азайып – 16,02 %-ға жетті. 1996
жылы ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған үш мүшелі ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі
+ -ұлы) ер аты-жөні нұсқасы 2000 жылы – 29,95 %-ды құраса, 2018 жылы –
69,88 % пайызбен жоғары сатыға көтерілді.
Қазіргі қазақ антропонимиясында саны жағынан 1996 жылғы Президент
Жарлығына сәйкес ұсынылған ұлттық аты-жөні нұсқасы басымдыққа ие.
Алайда орыс тіліндегі - ов/- ова, - ев/- ева, - ин/- ина, - ович/- овна, - евич/- евна
аффикстері
арқылы
жасалған
аты-жөні
нұсқасы
заманауи
қазақ
антропонимиясында қазіргі уақытта да қолданыста.
Сурет 15 – 1980-2018 жж. негізгі әйел аты-жөні нұсқалары
Әйел аты-жөні нұсқаларына келсек (сурет 15), орыс тілі аффикстері
арқылы жасалған ТЕӘ (-ова/-ева/-ина + есімі + -овна/-евна) әйел аты-жөні
124
нұсқасы 1980 жылы – 98,20% пайызбен ең жоғары көрсеткішке ие болды. 2000
жылы – 30,38%-ды құрап, айтарлықтай төмендеді. Ал 2018 жылы бұл нұсқа
саны жағынан төмендеп – 17,03%-ға дейін жетті. Ұлттық нұсқа ретінде
ұсынылған үш мүшелі ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -қызы) әйел аты-жөні
нұсқасы 2000 жылы – 25,27%-ды құраса, 2018 жылы – 66,73%-ға дейін
көтерілді. Жоғарыда аталған қолданыстағы негізгі аты-жөні нұсқаларымен
параллельді түрде бірнеше аты-жөні нұсқалары қатар қолданылып жүр. Жалпы
ресми құжаттар (туу туралы акт жазбасы) негізінде ұлты қазақ азаматтардың
аты-жөні бірнеше нұсқада рәсімделгені белгілі болды: 1980 жылы – 5 ер аты-
жөні нұсқасы, 4 әйел аты-жөні нұсқасы; 1990 жылы – 8 ер аты-жөні нұсқасы, 8
әйел аты-жөні нұсқасы; 2000 жылы – 9 ер аты-жөні нұсқасы; 7 әйел аты-жөні
нұсқасы; 2010 жылы – 7 ер аты-жөні нұсқасы, 7 әйел аты-жөні нұсқасы; 2018
жылы – 7 ер аты-жөні нұсқасы, 7 әйел аты-жөні нұсқасы.
Достарыңызбен бөлісу: |