Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы


 Ұрпақаралық антропонимдік трансмиссия



Pdf көрінісі
бет84/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

3.2 Ұрпақаралық антропонимдік трансмиссия 
Қазіргі  таңда  ономастикалық  кеңістік  өрістік  тәсіл  (полевой  подход) 
тұрғысында қарастырылуда. Ономаст ғалымдар (Супрун, 2000; Крюкова, 2004) 
пікірінше  аталған  тәсіл  жалқы  есімдерді  зертеуде  жекелеген  ономастикалық 
топтар  бойынша  негізгі  өзегі  пен  шеткері  кеңістік  арақатынасын  анықтауға 
мүмкіндік  береді.  Мұнда  антропонимдер  ономастикалық  өрістің  өзегі  болса, 
теоним,  мифоним,  зооним  ономастикалық  өріс  өзегіне  жуық  (околоядерное) 
кеңістікті құрайды.  
В.И. Супрун  өз  еңбегінде  антропонимдік  өріс  құрылымын  былайша 
түсіндіреді:  «ядро  антропонимического  поля  составляют  личные  имена  и  их 
гипокористические  (краткие,  домашние)  формы,  отчества  и  фамилии 
располагаются  в  околоядерном  пространстве,  а  прозвища  и  псевдонимы 
образуют антропонимическую периферию [171, с. 14].  
Яғни  кісі  есімдері,  олардың  еркелетіп,  қысқартып  айтылған  түрлері 
антропонимдік  өрістің  өзегін  құраса,  әке  аты  мен  кісі  тегі  антропонимдік 
өрістің  өзегіне  жуық  кеңістікте  орналасады,  лақап  және  бүркеншік  аттар 
антропонимиялық кеңістіктің шеткері аймағына жатады. 
Заманауи  қазақ  ер  антропонимиясын  өрістік  тәсіл  бойынша  талдау
1980-2018  жылдар  бойынша  әр  он  жылдықтағы  жиі  таңдалған  ер 
антропонимдері кестеде берілді (кесте 30). 
Аталған уақыт аралығында ер антронимдері бойынша тұрақты түрде Темір 
және Темірлан таңдаулы есім болғандығы анықталды. Темір (синонимі Тимур), 
Темірлан  (темір  +  қосымша  лан)  есімдері  болды.  Бұл  есімнің  қойылуындағы 
басты уәж, бастапқы мағына ер баланың темірдей берік, мықты, күшті жігерлі, 
болуын  қалаумен  байланысты.  Сонымен  бірге  бұл  есімнің  уәжін 
монғол  және 
түрік  тектес  халықтарының  билеушісі, Темір  әулеті  империясының  негізін 
қалаушы 
Әмір  Темір  (Ақсақ  Темір,  Темірлан)  есімімен  байланыстырамыз. 
Тарихи тұлғаның қоғамда атқарған ісіне, батырлығы, тұлғалық, көшбасшылық, 
қасиеттеріне,  яғни  есімнің  әлеуметтік  мағынасының  да  маңызын  атап  өтуге 
болады. 


125
 
 
Кесте 30 – 1980-2018 жылдары жиі таңдалған ер есімдері 
 
 
КСРО құрамында 
Тәуелсіздік жылдары 
1980 ж. 
1990 ж. 
2000 ж. 
2017 ж. 
білім гранты 
иегерлері 
2010 ж. 
2018 ж. 






 
Темір 
(Тимур) 
Данияр 
 
Темірлан 
Әлішер 
Әлихан 
Әлихан  
Данияр 
 
Темір 
(Тимур) 
Әлішер 
Әділет 
Ерасыл 
Айсұлтан 
Нұрлан 
Азамат 
Санжар 
Азамат 
Мирас 
Әмір 
Руслан 
Арман 
Данияр 
Данияр 
Әли 
Әлинұр 
Арман 
Олжас 
Арман 
 
Темірлан 
Бейбарыс 
Әли 
Асқар 
Даурен 
Диас 
Диас 
 
Темірлан 
Дінмұхамбет 
Рүстем 
Алмат 
Ілияс 
Нұрсұлтан 
Дінмұхамбет 
Рамазан 
Бауыржан 
Бауыржан 
Азамат 
Нұржан 
Нұралы 
Алан 
Ержан 
Шыңғыс 
Дінмұхамбет 
Нұрдәулет 
Диас 
Мансұр 
Марат 
Руслан 
Дәулет 
Еркебұлан 
Әмір 
 
Темірлан 
 
Сонымен бірге 2000-2018 жылдар  аралығында  –  Дінмұхамбет; 2010-2018 
жылдары  –  Әлихан,  Әли,  Әмір  ер  антропонимдері  жиі  таңдалған  есімдер 
қатарында  болған.  Нақты  уақыт  кезеңінде  жиі  таңдалып,  қазіргі  уақытта 
қолданысы  бойынша  саны  кеміген  ер  антропонимдері:  1980-1990  жылдар  – 
Бауыржан; 1980-2000 жылдар – АрманДанияр; 1990-2000 жылдар  – Азамат
2000-2010 жылдар – Диас.  
Заманауи  ер  антропонимдерін  өрістік  тәсіл  бойынша  талдау  нәтижесінде 
антропонимиялық  кеңістіктің  негізгі  өзегін  құрайтын  келесі  лексика-
семантикалық  топтарға  жататын  ер  антропонимдері  айқындалды.  Қазақ 
антропонимиясы өзегіндегі, өзегіне жуық аймақтағы, шеткері кеңістігіндегі ер 
есімдері суретте (сурет 16) берілді.  
 
 
 
 
Сурет 16 – Заманауи қазақ ер антропонимиялық кеңістігі 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет