Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет81/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Ер  антропонимиясы.  Жинақталған  тілдік  материалды  саралау 
нәтижесінде ер аты-жөнінің рәсімделуі кезінде 7 түрлі нұсқа кездесті: 
1) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Килыбаев Нұрланды Тохтарбаевич (-ов/-ев/-ин 
+  есімі  +  -евич/-ович)  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалған  үш  мүшелі 
аты-жөні; 
2) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Қоғабаев Заңғар Асыланұлы (-ов/-ев/-ин + есімі 
+  -ұлы),  тегі  орыс  тіліндегі  аффикстер  арқылы  жасалып,  әке  атына  ұлы 
жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
3) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Ерғазы Ғибратолла Ғалымұлы (тегі аффикссіз + 
есімі  +  -ұлы)  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атымен  ұлы  жалғанған  үш  мүшелі 
аты-жөні;  
4) тегі, есімі, әкесі (ТЕӘ) – Омар Дарын Медетович (тегі аффикссіз + есімі 
+  -евич/-ович)  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атына  орыс  тіліндегі  -евич/-ович 
аффикстері жалғанған үш мүшелі аты-жөні;  
5) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Бекбосынов  Бекнұр  (-ов/-ев/-ин  +  есімі)  тегі  орыс 
тіліндегі аффикстер арқылы жасалған екі мүшелі аты-жөні;  
6) тегі,  есімі  (ТЕ)  –  Табынбай  Нұрғасыр  (тегі  аффикссіз  +  есімі)  тегі 
аффикссіз жасалған екі мүшелі аты-жөні; 
7) әкесі, есімі (ӘЕ) – Жасұланұлы Омар (-ұлы + есімі), әке атына -ұлы сөзі 
жалғанып жасалған екі мүшелі антропонимдік жүйеге сәйкес аты-жөні;  
2018  жылы  ер  аты-жөні  нұсқаларының  сандық  және  пайыздық  үлесі 
кестеде (кесте 26) көрсетіледі. 
 
Кесте 26 – 2018 жыл ер аты-жөні нұсқалары 
 
№ 
Ер аты-жөні нұсқалары (2018 ж) 
Саны 
Пайыздық 
көрсеткіш (%) 





ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ович/-евич)  
1443 
16,02 % 

ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ұлы)  
41 
0,45 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ович/-евич)  

0,02 % 

ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы) 
6294 
69,88 % 

ТЕ (-ов/-ев/-ин + есімі)  
141 
1,57 % 

ТЕ (тегі аффикссіз + есімі)  
243 
2,70 % 

ӘЕ (-ұлы +есімі) 
843 
9,36 % 
Барлығы: 9007 
 
2018  жылы  тіркелген  ер  аты-жөні  нұсқалары  арасында  саны  жағынан 
ұлттық нұсқа ретінде ұсынылған ТЕӘ (тегі аффикссіз + есімі + -ұлы) – 69,88 %-
ды құрап, басымдыққа ие болды.  
Екінші сатыда орыс тілі аффикстерімен жасалған ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + 
-ович/-евич) аты-жөні нұсқасы – 16,02 %-ды құрады.  
Келесі  сатыда  9,36  %  пайызбен  –  тегі  аффикссіз  жасалып,  әке  атына  ұлы 
тіркеліп жазылған ТЕӘ (-ов/-ев/-ин + есімі + -ұлы) ұлттық аты-жөні нұсқасы.  


117
 
 
Жиі таңдалған ер есімдері. 2018 жылы Алматы қаласы бойынша барлығы 
–  791  ер  антропонимдері  анықталды.  Оның  ішінде  ең  жиі  таңдалған  15  ер 
есімінің  тізімі  кестеде  (27-кесте)  берілді.  Келесі  ер  есімдері  бірнеше  нұсқада 
рәсімделген: Нұралы (Нұрали, Нұрәли, Нұрәлі, Нұрәлім), Темірлан (Темерлан, 
Темирлан, Тамерлан), Әли (Әлі, Али), т.б. 
 
Кестеде  берілгендей,  2010  жылы  ең  жиі  қойылған  ер  есімдері:  Әлихан  – 
316 рет, Айсұлтан – 264 рет, Әмір – 216 рет, Әлинұр – 193 рет. Тізімдегі есімдер 
арасында  Әлихан  –  2010,  2018  жылдары  ең  жиі  таңдалған  ер  есімі  екендігі 
анықталды.  Сонымен  қатар  Әмір,  Әли,  Ерасыл,  Темірлан,  Мирас  есімдері  де 
2010  жылы  жиі  таңдалған  есімдер  қатарынан  табылады.  Ал  Дінмұхамбет
Санжар – 2000 жылы жиі таңдалған он есім тізімінде болды.  
 
Кесте 27 – 2018 жыл жиі қойылған ер есімдері 
 
№ 
Ер есімдері 
Саны 




Әлихан  
316 

Айсұлтан 
264 

Әмір 
216 

Әлинұр 
193 

Әли 
161 

Дінмұхамбет 
155 

Рамазан 
144 

Алан 
133 

Мансұр 
125 
10 
Темірлан, Тимур  
124 
11 
Ерасыл 
122 
12 
Мирас 
121 
13 
Санжар 
118 
14 
Алдияр 
115 
15 
Омар 
103 
 
  
2018  жылы  жиі  қойылған  ер  есімдерінің  (2010  жылмен  сәйкес  келмейтін) 
шығу тегі мен білдіретін мағынасына тоқталып өтейік: 
Айсұлтан, қаз. ай + ар. сұлтан – өкімет, билеуші, әкім [136, 119 б.]; 
Әлинұр,  ар.  ғали  +  нұр  –  көркі,  ажары  артық,  әдемі  деген  мағынаны 
білдіреді [136, 33 б.]; 
Рамазан,  ар.  рамадан  –  күйдіруші,  жандырушы.  Араб  жерінде  бұл  өте 
ыстық ай. Мұсылман жыл санауының тоғызыншы айы, осы айда туған балаға 
осындай есімдер қойылады [136, 110 б.];  
Алан,  лат.  Alanus  –  скифтермен  көршілес  тұрған  ежелгі  алан  халқының 
атауы. 2. ар. – ашықтық, жариялылық [166, c. 28]; 
Мансұр, ар. – 1) жеңімпаз, жеңіске жетуші; 2) құдіретті [136, 90 б.];  


118
 
 
Алдияр,  ар.+ир.  Алла-йар  –  Алллаһтың  досы;  тақсыр,  ұлы  мәртебелі; 
құлдық [128, 25 б.]; 
Омар,  ар.  –  1)  ең  жоғары;  2)  өмір,  ғұмырлы,  пайғамбардың  ізін 
жалғастырушы [167, p. 34]. 
Сирек  есімдер.  2018  жылы  сирек  берілген  ер  есімдері  төмендегідей: 
АбдурашидалауддинАбдуррауфАбылайханбейбарысАйтасАқтаңАқылдос
Алансұлтан,  Аллаяр,  Артаберсұлтан,  Арұл,  Аспандияр,  Асылтөре,  Атанияз
Аттила,  Әзірет  Сұлтан,  Әлиназар,  Әлисұлтан,  Әлішайдар,  Байашат
Бақашар,  Бақсыйлар,  Батырбаян,  Бекмұхамедсұлтан,  Биік,  Бірбекет
ҒибратоллаДжихатЕлсұңқарЕлтересЕлімайЕрлібекЖансүгірЖаным
Исаәділ,  Қажымұрат,  Мәдімәр,  Маттео,  Мұзарт,  Мұхаммад  Амин
Мұхамедиярхан,  Нартұлға,  Нұриман,  Нұрланды,  Нұр-Райян,  Омар-Фарух
Өмірлан,  Рухқанат,  Салах  Ад  Дин,  СулейманӨмірхан,  Сүннет,  Сыйлас
Таңнұрым,  Таңсұлтан,  Тәнірұлан,  Толағай,  Ұлтқыран,  Хақназар,  Хансұлтан
Хандияр,  Хамза  Али,  Элисар  Ян.  Аталған  жылы  1980,  1990,  2000,  2010 
жылдармен  салыстырғанда  сирек  таңдалған  есімдер  саны  әлдеқайда  ұлғайып, 
олардың арасында біріккен тұлғалы есімдер саны артқандығы назар аудартады.  
Бұл  мысалдардан  қазіргі  уақытта  ерекше  есімдердің  саны  артқандығын 
анық  байқауға  болады.  Сәбиге  есім  таңдауда  ата-аналар  тарапынан  оның  өзге 
есімдерден  ерекшеленуіне,  түпнұсқалылығына  баса  назар  аударылады. 
Антропонимдерді зерттеуші ғалымдар мұндай үрдістің жаһандық сипат алуын 
атап  көрсетеді.  Осы  орайда  D.  Geisbauer  өзінің  зерттеу  нәтижелері  бойынша 
қазіргі  уақытта  Германияда  есімдер  алуан  түрлі  және  стандартқа  сай  емес 
болып келеді (нестандартный) деген тұжырым жасайды [168, s. 14].  
Сәйкесінше  В.Л. Дьячков,  Е.В. Трофимова  өз  ғылыми  еңбектерінде 
Ресейде  соңғы  20-30  жылда  антропонимдердің  сапасы  төмендегені  жөнінде 
тоқталып  өтеді.  Мұның  себебін  ғалымдар  әлеуметтік  және  мәдени 
құлдыраумен,  қоғамда  жастардың  негізгі  ақпарат  көзі  ретінде  кітап  оқуды 
азайтуымен,  тарихи  және  әдеби  эрудицияның  болмауы,  жас  немесе  болашақ 
ата-аналардың сөздік қорының аз болуымен түсіндіреді [169, с. 264-266]. Демек 
қазіргі  таңда  антропонимдер  барынша  айрықша,  өзгеше,  замануи  сипат  алып, 
есімнің сәнді болуына басымдық берілуде. 
Тілдік қатысымдылығы. Алматы қаласы бойынша тілдік деректерге сәйкес 
2018  жылы  сәбилерге  жалпы  саны  –  791  есім  берілген.  Есімдердің  тілдік 
қатысымдылығы бойынша сандық мен пайыздық үлесі анықталды (сурет 12). 
 2018  жылы  сәбилерге  берілген  есімдердің  арасында  араб  тілінен  енген 
есімдер саны жағынан – 35,02 %-бен басым болды.  
Келесі  орында  қазақ  (түркі)  тіліндегі  есімдер  –  32,62  %-ды  құрады.  Одан 
кейін орында гибридті есімдер – 21,99 %-ды құрады. Саны жағынан ең төменгі 
4,81 %-бен өзге шет тілдерден енген ер есімдері болды.  
 


119
 
 
 
Сурет 12 – 2018 жыл ер антропонимдері тілдік қатысымдылығы 
 
Өзге шет тілдерден енген ер есімдері: евр. – 16 есім (АдамАронИсмаил – 
2,02  %),  ор.  (слав).  –  6  есім  (Дамир,  Ренат,  Эльмир  –  0,76  %),  монғ  –  5  есім 
(Алтай,  Барлас,  Жайсаң  –  0,63  %),  гр.  –  4  есім  (Алан,  Арсен,  Арьен  –  0,50  %), 
лат.  –  3  есім  (Дариан,  Марк,  Карл  –  0,38  %),  фр.  –  1  есім  (Марат  –  0,13  %), 
кельт – 1 есім (Артур – 0,13 %), испан тілінен – 1 есім (Диас – 0,16 %), к. герм. 
– 1 есім (Бернард – 0,13 %).  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет