Әлиакбарова айгерім тілесбекқызы



Pdf көрінісі
бет89/175
Дата20.01.2022
өлшемі4,95 Mb.
#24127
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   175
Байланысты:
Диссертация Әлиакбарова АТ

Ұл сөзіне қосымшалар жалғану арқылы жасалған есімдер → ҰлзанаҰлиза
ҰлинаҰлманҰлнара.  
Сонымен бірге замануи қазақ әйел антропонимиясында дәстүрлі есімдерге 
-а дыбысын жалғау арқылы жасалған есім беру үрдісі анықталды: Баян – Баяна
Елжан – ЕлжанаІңкәр – ИнкараРадмир – РадмираРуслан → Руслана, Саян 
– СайянаШынар – Шинара.  
Әйел  есімдерінің  тілдік  нормаға  сәйкес  дұрыс  жазылмауы,  дыбысталуы 
бойынша  жіберілген  қателіктер  негізінде  бірнеше  нұсқада  рәсімделген 
есімдерге: Бағжан – БағыжанГүлдидар – ГүлдийдарГүлзат – ГүлизатЕңлік 


134
 
 
–  Еңілік;  Мәдина  –  Мәдіина,  Мәдійнә,  Медиана,  Мадиням;  Нәйла  –  Нэйиля
Рабия – РабийяСая – СаияСәмия – Самайя – Сумаийя, Талшын – Талышын 
антропонимдері жатады. 
Әйел  есімдері  рәсімделуінде  дыбыстардың  түсіп  қалуына  байланысты 
туындаған  қателіктер:  Бибіана  –  Бибана,  Зейнеп  –  Зейне,  Ләззат  –  Лязат
Меңсұлу  –  Менслу,  Сағадат  –  Саадат,  Хафиза  –  Хафса.  Сонымен  бірге 
антропонимикалық  қорда  сақталған  дәстүрлі  әйел  есімдерінің  жасалауы 
бойынша жаңа формалар назар аудартты: Айсұлу – Айсу, Бейсенгүл – Бейсгүл
Жансұлу – Жансу. 
Әйел  антропонимиясында  келесі  есімдер  әріптердің  орнын  ауыстыру: 
Биназир  –  Бинариз,  Зафира  –  Зарипа  ˂  зариф,  есімдегі  сөздердің  орнын 
ауыстыру  арқылы  жасалған:  Айнұр  –  Нұрай,  Еркежан  –  Жанерке,  Жансая  – 
СаяжанНұржан – ЖаннұрНұржас – Жаснұр
Сонымен  қатар  тілдік  нормаға  сәйкес  дұрыс  дыбысталып  рәсімделмеген 
әйел есімдеріне келесі мысалдар жатады: 
-  қ  дыбысының  орнына  х  дыбысының  жазылуы:  Ақмамық  –  Ахмамық
Ақнұр – Ахнұр;  
- дауысты ае дыбысының э дыбысымен алмастырылуы: Жанна – Джаннэ
Бөрте – Бортэ;  
-  жіңішке  і  дыбысының  орнына  жуан  ы  дыбысының  жазылуы:  Айкүміс  – 
Айкумыс, т.б. 
Заманауи қазақ антропонимиясындағы ер және әйел есімдерінің дыбыстық 
өзгеріске түсуі ықпалынан туындаған антропонимдік трансформация құбылысы 
2000  жылдары  белең  алып,  2010,  2018  жылдары  біршама  артқандығы 
анықталды.  Дыбыстық  өзгерген  есімдердің  өсу  динамикасы  төмендегі  суретте 
(сурет 19) берілді.  
 
 
 
Сурет 19 – Антропонимдік трансформация динамикасы 
 
Кестеде  көрсетілгендей,  антропонимдік  трансформация  құбылысына 
байланысты  дыбыстық  кейпі  өзгерген  есімдер  жоғарыда  аталған  уақыт 
аралығында  саны  жағынан  арта  түскен.  Ер  есіміне  қарағанда  дыбыстық 
өзгеріске  әйел  есімдерінің  бейім  екендігін  де  атап  өтуге  болады.  Бұған  қоса, 
қазіргі  кезде  -аль  дыбысы  қосылуы  арқылы  жасалған  ер  және  әйел  есімдері: 
Альали,  Альжан,  Альискандер,  Альмади,  Альмансур,  Альмир,  Аль-Мухамеднур, 


135
 
 
Альсапар,  Альназар,  Альнаир,  Альрами,  Альтаир,  Альхан,  Сальман;  Альви, 
Альзара, Альдина, Аль-Каусар, Аль-Маруа, Альмина, Альнура, Альсара, Альсара, 
Аль-Сафи,  Альтея,  Альфина,  Альфинур,  Альяна,  Амаль,  Амираль,  Сальма, 
Сальсабиль; -ель дыбысы жалғануы арқылы жасалған әйел есімдері де кеңінен 
қолданылу үрдісі айқындалды: Адель, Азель, Айнель, Айсель, Динель, Жансель
ЕльназЖанель, Ринель
Сонымен бірге қазіргі уақытта замануи қазақ антропинимдік жүйесінде екі 
есімнен  бірігіп  жасалған  антропонимдер  саны  арта  түскендігі  анықталды. 
«Қазақ  есімдерінің  анықтамалығында»  соңғы  кездері  кейбір  азаматтар  өз 
есімдерін бөлшектеп Мырза-ӘліҚұл-КерімҚұрман-Ғали тұлғаларында жазып 
жүргендігі, және бұл ережеге қайшы екендігі айтылады [174, 528 б.].  
Зерттеу жұмысына қатысты тілдік деректерді жинақтау уақытында АХАТ 
қызметкерлерімен  сұхбат  барысында  сәбидің  аты-жөнін  рәсімдеуде,  есім 
таңдауда  тек  ата-анасының  өтініш парағын  толтыруға  құқылы  екендігі белгілі 
болды. Сондықтан таңдалған есім мен оның дұрыс дыбысталуы, нормаға сәйкес 
жазылмауы, есімнің бірнеше нұсқада берілуіне қатысты мәселе туындап отыр. 
АХАТ  қызметкері  өтініште  көрсетілген  есімді  өзгертіп,  орфографиялық 
қателерін жөндеуі заңға негізделмеген.  
Заманауи  қазақ  антропонимиясында  қазақ  тілінің  орфографиялық 
заңдылықтарына,  тілдік  нормаға  сәйкес  келмейтін  рәсімделмеген  есімдер 
төменде кестелерде берілді (кесте 32, 33). 
 
Кесте 32 – Заманауи қазақ кісі есімдеріндегі дыбыстық өзгерістер 
 
№ 
Қазақ тіліндегі 
дауысты дыбыс 
Өзгертілген 
дыбыс 
Мысалы 




1. 
а 
 
 
1.1 
 
я 
Диас – ДиясӘдила – Адиля 
1.2 
 
у 
Махаббат – Мухаббат 

ә 
э 
Әмина – ЭминеЛәйла – ЛейлаНәйла – Нэйла 

е 
 
 
3.1 
 
и (немесе а) 
Әйтеке  –  Айтике,  Ескендір  –  Искендир 
(Искандир),  Рүстем  –  Рустам,  Темірлан  – 
Тамирлан  
3.2 
 
э 
Әуез  –  Ауэз,  Байел  –  Байэль,  Елдар  –  Эльдар 
(Ильдар),  Елнар  –  Эльнар,  Елдана  –  Элдана
Меруерт – МеруэртБөрте – Бортэ 

и 
 
 
4.1 
 
ей 
Мирас – МейрасСерікқали – СерікгалейФируза 
– Фейруза 
4.2 
 
й 
Айбике – АйбйкеМұхамеди – Мұхамедй 
4.3 
 
ь 
Дария – ДарьяМария – Марья 

о 
 
 
5.1 
 
а 
Томирис – Тамирис 
5.2 
 
у 
Аманғос  –  Амангус,  Болат  –  Булат,  Омар  – 
Умар 


136
 
 
32-кестенің жалғасы 





ө 
у 
Төлеген  –  Тулеген,  Өміржан  –  Умиржан
Ақкөркем – АккуркемМөлдір – Мульдир  

ұ 
Дыбыстың 
түсірілуі 
Жасұлан – ЖасланСамұрат – СамратАйсұлу 
– АйслуАқсұлу – АкслуСұлухан – Слухан  

ү 
 
 
8.1 
 
ю 
Ататүрік – АтатюркАлмагүл – Алмагюль 
8.2 
 
е 
Мүнира – Менура 

ы 
у 
Жамбыл – Жамбул, Жұлдыз – ЖулдузЗылиқа – 
Зулейха 
10 
і 
 
 
10.1 
 
а/е/я 
Әдемі  –  Адема,  Жәңгір  –  Жангер,  Дәмелі  – 
Дамеля  
10.2 
 
ы 
 
Еділ  –  Едыль,  Ерсін  –  Ерсын,  Жангелді  – 
Жангельды,  Құдірет  –  Кудырет,  Айкүміс  – 
Айкумыс 
10.3 
 
у 
Тастемір  –  Тастемур,  Әбілқайыр  –  Абулхаир, 
Ақжүніс – АкжунусҮмігүлсім – Умигульсум 
 
Берілген кестеде заманауи қазақ кісі есімдерінде орын алған дыбыстық 
өзгерістерге қатысты қателіктер көрсетілді. Мысалы: 
-  қазақ  кісі  есімдерінде  дауысты  а  дыбысының  я  немесе  у  дыбыстарына 
өзгеруі: Диас – ДиясӘдила – АдиляДиана – ДиянаМахаббат – Мухаббат
-  дауысты  ә  дыбысының  э  дыбысына  өзгеруі:  Әмина  –  Эмине,  Ләйла  – 
ЛэйлаНәйла – Нэйла
-  дауысты  е  дыбысының  и/а  немесе  э  дыбыстарына  өзгеруі:  Әйтеке  – 
АйтикеЕскендір – Искендир (Искандир), Рүстем – Рустам, Әуез – АуэзБайел 
–  Байэль,  Елдар  –  Эльдар  (Ильдар),  Елдана  –  Элдана,  Меруерт  –  Меруэрт
Бөрте – Бортэ;  
- дауысты и дыбысының ей дыбысына және дауыссыз й дыбысына өзгеруі 
немесе  эпентеза  құбылысының  орын  алуы:  Мирас  –  Мейрас,  Серікқали  – 
Серікгалей,  Айбике  –  Айбийке,  Мұхамеди  –  Мұхамедй,  Аида  –  Айда  (Айида), 
Саида – Сайда
-  қазақ  кісі  есімдеріндегі  тіркескен  йі  дыбыстарының  э  дыбысымен 
Мейірім – Мээрим
-  дауысты  о/ө  дыбыстарының  а  немесе  у  дыбысына  өзгеруі:  Томирис  – 
Тамирис,  Аманғос  –  Амангус,  Болат  –  Булат,  Төлеген  –  Тулеген,  Өміржан  – 
УмиржанАқкөркем – Аккуркем
- дауысты ұ дыбысының о дыбысына өзгеруі немесе түсіп қалуы: Ерұлан 
–  Еролан,  Жасұлан  –  Жаслан,  Самұрат  –  Самрат,  Айсұлу  –  Айслу,  Ақсұлу  – 
АкслуСұлухан – Слухан
-  дауысты  ү  дыбысының  ю  немесе  е  дыбыстарына  өзгеруі:  Ататүрік  – 
АтатюркАлмагүл – АлмагюльМүнира – Менура
-  дауысты  ы  дыбысының  у  дыбысына  өзгеруі:  Жамбыл  –  Жамбул, 
Жұлдыз – ЖулдузЗылиқа – Зулейха


137
 
 
-  дауысты  і  дыбысының  а/е/я  дыбыстарына  өзгеруі:  Әдемі  –  Адема
Жәңгір – Жангер, Дәмелі – Дамеля; 
Сонымен  айтылуына  қарай  немесе  орыс  тілінің  орфографиялық 
ерекшеліктеріне  қатысты  жіңішке  дауысты  дыбыстылардың  жуан  дауысты 
дыбысқа  өзгеруі,  қазақ  тіліне  тән  емес  өзге  дыбыстардың  теліну  мәселелері 
бойынша деректер келтірілді.  
Заманауи  қазақ  кісі  есімдерінде  дауыссыз  дыбыстарға  қатысты  орын 
алған өзгерістер төменде кестеде (33-кесте) көрсетілді. 
 
Кесте 33 – Қазақ кісі есімдерінде дауыссыз дыбыстардың өзгеру құбылыстары 
 
№ 
Дауыссыз  
Дыбыстар 
Өзгертілген 
дауысcыз 
дыбыс 
Мысалы 




1. 
б 
 
 
1.1 
 
в 
Айбар  –  Айвар,  Әліби  –  Алибви,  Альбина  – 
Альвина 
1.2 
 
п 
Есбол – ЕсполСатыбалды – Сатыпалды  

г 
к 
Амангелді – АманкельдХангелді – Ханкелді  
3. 
ж 
 
 
3.1 
 
дж 
Әжігерей  –  Аджи  Гирей,  Нариманқожа  – 
НариманходжаЖәмила – Джамиля,  
3.2 
 
ш 
Шамжан – Шамшан 
4. 
з 
 
 
4.1 
 
с 
Әуезхан – ӘуесханРамзес – РамсесАқкербез – 
Ақкербес 
4.2 
 
қос з әрпінің 
бірінің түсуі 
Ләззат – Лязат 
5. 
й 
и 
Әйгерім  –  Аигерим,  Айжан  –  Аижан,  Айша  – 
Аиша 

йі 
э 
Мейірім – Мээрим 
7. 
к 
г 
Бекзат – БегзатСейітбек – Саидбег  
8. 
қ 
 
 
8.1 
 
г 
Ерқанат  –  Ерганат,  Серікқали  –  Серикгали
Ұлықбек – УлугбекАқдана – Агдана 
8.2 
 
х 
Ақсұңқар  –  Ахсунхар,  Балқаш  –  Балхаш
Қамарсұлу – ХамарсұлуҚорлан – Хорлан.  
8.3 
 
ғ 
Ақнұр – Ағнұр 
9. 
л 
 
 
9.1 
 
қос л әрпінің 
бірінің түсуі 
Әсетолла – Асетола,  
9.2 
 
ы әрпінің 
үстелуі 
Талшын – Талышын 
10. 
ң 
і әрпінің 
үстелуі 
Еңлік – Еңілік 
11. 
п 
 
 
11.1 
 
б 
Данышпан – Данышбан, Мақпал – Мақбал  
11.2 
 
ф 
Шапағат – ШафағатШәрипа – Шерифе 


138
 
 
33-кестенің жалғасы 




12 
у 
в 
Наурызбек – НаврузбекДәулет – Давлет 
13 
ф 
п 
Бибіфатима – Бибіпатыма  
14 
х 
к 
Асхат – Аскат, Дархан – Даркан  
15 
 
ш 
ч 
Қылышбек  –  Киличбек,  Шоқан  –  Чокан
Шыңғыс – Чингис, Шынар – Чынар 
16 
я 
йа 
Аяна  –  Айана,  Аянұр  –  Айанұр,  Аяулым  – 
АйаулымДания – ДанийаХаят – Хайат 
 
Кестеде заманауи қазақ кісі есімдерінде дауыссыз дыбыстардың өзгертіліп 
жазылуына  байланысты  антропонимдік  нормаға  сай  рәсімделмей  дыбыстық 
өзгеріске түскен антропонимдерге мысалдар берілді: 
- қазақ кісі есімдерінде дауыссыз б дыбысының в дыбысына өзгеруі немесе 
эпентезаның  орын  алуы:  Айбар  –  Айвар,  Әліби  –  Алибви,  Есбол  –  Еспол
Сатыбалды – Сатыпалды
-  қазақ  есімдерінде  ұяң  дауыссыз  г  дыбысының  қатаң  к  дауыссыз 
дыбысына өзгеруі: Амангелді – АманкельдыХангелді – Ханкелді
-  қазақ  кісі  есімдерінде  дауыссыз  ж  дыбысының  жд  немесе  ш 
дыбыстарына өзгеруі: Әжігерей – Аджи ГирейЖәнібек – ДжанибекСанжар 
– СанджарЖәмила – ДжамиляШамжан – Шамшан;  
- ұяң з дауыссыз дыбысының қатаң с дауыссыз дыбысына өзгеруі: Әуезхан 
– АуэсханРамзес – РамсесАқкербез – Ақкербес 
- дауыссыз й дыбысының дауысты и дыбысына өзгеруі: Әйгерім – Аигерим
Айжан – АижанАйша – Аиша
- қатаң к/қ дауыссыз дыбыстарынының ұяң г дауыссыз дыбысына өзгеруі: 
Бекзат  –  Бегзат,  Сейітбек  –  Сеидбег,  Ерқанат  –  Ерганат,  Серікқали  – 
СерикгалиҰлықбек – УлугбекАқдана – Агдана
 -  дауыссыз  қ  дыбысының  дауыссыз  х  дыбысына  өзгеруі:  Ақсұңқар  – 
Ахсунхар,  Бақыт  –  Бахыт,  Балқаш  –  Балхаш,  Жарқын  –  Жархын,  Шоқан  – 
ШоханҚамарсұлу – ХамарсұлуҚорлан – Хорлан
-  қазақ  кісі  есімдерінде  қос  зз  және  лл  дауыссыздарының  бірінің  түсіп 
қалуы: Ләззат – ЛязатӘсетолла – Асетола
- дауыссыз л және ң дыбыстарына дауысты ы дыбысының үстелуі: Талшын 
– Талышын, Еңлік – Еңілік;  
-  дауыссыз  п  дыбысының  дауыссыз  ф  дыбысына  өзгеруі:  Данышпан  – 
Данышбан, Мақпал – МақбалШапағат – ШафағатШәрипа – Шерифе
-  қатаң  дауыссыз  х  дыбысының  к  дыбысына,  ш  дыбысының  ч  дыбысына 
өзгеруі: Асхат – Аскат, Дархан – Даркан, Шоқан – ЧоканШыңғыс – Чингис, 
Шынар – Чынар
-  я  дыбысының  йа  дыбыстарына  өзгеруі:  Аяна  –  Айана,  Аянұр  –  Айанұр, 
Аяулым – АйаулымДания – ДанийаХаят – Хайат
Көріп  отырғанымыздай  заманауи  қазақ  кісі  есімдерінде  дыбыстық 
өзгерістер нәтижесінде өрескел қателіктер орын алған. 


139
 
 
Сонымен қатар заманауи қазақ антропонимиясында екі немесе үш есімнен 
бірігіп  жасалған  есім  бері  үрдісі  белең  алып,  есімдер  бірнеше  нұсқада 
рәсімделген: бірге, бөлек және дефис арқылы. Дерек бойынша 2000 жылы бірге 
жазылған  ер  есімдері  –  24  (Жарасөркен,  Мұхамбетшайбани,  Сұлтансүлеймен, 
Ибраһимсұлтан), дефис арқылы жазылған – 1 (Қаблан-Бек) есім. 
 Нақты  деректерге  сәйкес  2010  жылы  бірге  жазылған  ер  есімдері  –  63 
(Біләлрәжаби, Мәдизейінуайыс, Сұлтанбейбарыс).  
2018  жылғы  бірге  жазылған  ер  есімдері  –  71  (Абылайханбейбарыс, 
Әбдірашидалауддин,  Артаберсұлтан),  бөлек  жазылған  ер  есімдері  –  8  (Әзірет 
Сұлтан,  Камал  Әбілмансұр,  Мұхаммед  Әмин),  дефис  арқылы  жазылған  ер 
есімдері – 12 (Әли-Ағзам, Әмір – Саид, Омар-Фарух) болды.  
Заманауи  қазақ  антропонимиясында  екі  немесе  үш  есімнен  бірігіп 
жасалған  әйел  есімдері:  2000  жылғы  дерек  бойынша  бірге  жазылған  әйел 
есімдері  –  6  (Айшабибі,  Томирисясмин),  бөлек  жазылған    1  (Қыз  Жібек). 
Деректерге  сәйкес  2010  жылы  бірге  жазылған  әйел  есімдері  –  9  (Асылажар, 
Сұлтанпатша),  2018  жылы  бірге  жазылған  әйел  есімдері  –  12  (Еркеайым, 
Бибіфатима,  Сақыпжамал),  бөлек  жазылған  әйел  есімдері    7  (Мұнтаз  Мақал, 
Рәбия  Бегім,  Ханна  Окоуе),  дефис  арқылы  жазылған–  7  (Адель-Дениз,  Айла-
Сумайя, Асыл-Дара), т.б. 
Байқағанымыздай,  аталған  жылдарда  екі  немесе  үш  есімнен  бірігіп 
жасалған күрделі есім беру үрдісі жыл өткен сайын артуда.  
«Мемлекеттік  тілдің  тазалығы,  мәдениетінің  арта  түсуі,  сауаттылық  үшін 
күрес қаншалықты қажет болса, адамдардың аты-жөндерінің қолдану аясы мен 
қоғамдық  қызметіне,  олардың  сауатты  жазылуына  мән  беру  –  ерекше  ден 
қойып, баса назар аударарлық мәселе. Өйткені аты-жөн – тарих» [174, 5 б.]. 
Аты-жөнді әдеби тіл нормасына сәйкес жазып қолдану мақсатында «Қазақ 
азаматтары аты-жөндерінің емле ережелері жайлы нұсқаулық ұсынылып, онда 
кісі  есімдерінің  емлесі,  біріккен  тұлғалы  кісі  есімдерінің  жазылуы,  шет 
тілдерден  енген  кісі  есімдерінің  жазылуы,  аты-жөнді  жазу  үлгісі  көрсетілді 
[174].  Алайда  нұсқаулықта  берілген  ережелер  сәбидің  аты-жөнін  рәсімдеуде 
ескерілмей отырғандығын деректі құжаттар көрсетіп отыр. Осыған орай қазіргі 
таңда бір есім бірнеше нұсқада жазылып, қолданылуда.  
У.Е. Мусабекова өз еңбегінде: қоғамдағы трансформация тілдік норманың 
демократиялануына  алып  келгендігі  жөнінде:  «
Таким  образом,  необходимо 
отметить,  что  происходящие  процессы  в  трансформирующемся  обществе 
приводят демократизации норм
» деп атап өтеді [175, c. 81].
 
Мұндай  қателіктер  ата-аналардың  қазақ  әдеби  тілінің  нормасын, 
ережелерді және «Кісі аттарының емлесінен» бейхабар екендігін көрсетеді. Кісі 
аты-жөнін  рәсімдеу  АХАТ  бөлімдері  қызметкерлерінің  міндетіне  кіреді. 
Дегенмен,  «Неке  (ерлі-зайыптылық)  және  отбасы  туралы  Қазақстан 
Республикасының  2011 жылғы  26 желтоқсандағы №  518-ІV  Кодексіне  сәйкес 
10-тарауда  баланың  құқықтары  қарастырылады.  Баланың  атын,  әкесінің  атын 
және  тегін  алуға  құқығы  қарастырылған  63-бапта:  «Балаға  ат  ата-анасының 
(немесе  олардың  орнындағы  адамдардың)  келiсiмi  бойынша  қойылады,  аты-


140
 
 
жөнi  әкесiнiң  аты  бойынша  не  ұлттық  дәстүрлер  ескерiле  отырып 
берiледi»  [176]  деп  көрсетілген.  Сол  себепті  ата-ана  тарапынан  толтырылған 
өтініш  бойынша  бала  аты-жөні  рәсімделуі  тиіс.  Бала  аты-жөнінде  жіберілген 
орфографиялық  қателіктер  АХАТ  қызметкерлері  тарапынан  жөнделуі  (АХАТ 
бөлімі қызметкерлерінің жауабына сәйкес) заңға қайшы болып есептеледі. 
Кісі  тектерінің  трансформациясы.  «Кісі  тегінің  бір  отбасында  ұрпақтан 
ұрпаққа  мұра  ретінде  берілетін  қызметі  жөнінде  Н.И.  Шейко:  «Фамилия 
передается по наследству в неизменном виде от отца к сыну, от сына к внуку и 
может существовать в неограниченном ряду поколений одной и той же семьи, 
если в каждом из них будет рождаться мужчина, так как дети обычно получают 
фамилию  от  отца  и  сами  в  свою  очередь  передают  своим  сыновьям»  [163,  c. 
260]  деп  тұжырым жасайды.  Кісі  тегі –  еш өзгеріссіз  табысталатын  мұрагерлік 
атау  және  белгілі  бір  отбасында  шектеусіз  бірнеше  ұрпаққа  дейін  жалғасуы 
мүмкін, ал кісі есімі жеке адамға берілетін индивидуалды атау болып табылады.  
Қазақ тіліндегі кісі тектерінде дауысты дыбыстардың орыс тілінде берілу 
ережесінің бұзылу жағдайлары кестеде (34-кесте) көрсетілді. 
 
Кесте 34 – Кісі тектерінде дауысты дыбыстардың өзгеру құбылыстары 
 
 
№ 
Дауысты 
дыбыс 
Дауысты 
дыбыстың 
өзгеруі 
Мысалы 




1. 
а 
 
 
1.1 
 
е 
Еламанов  –  Елеманов,  Қожамқұлова  – 
Кожемкулова  
1.2 
 
я 
Исламов  –  Ислямов,  Биахметов  –  Бияхметов
Жайлаубек – ЖайляубекТайлақов – Тайляков 
1.3 
 
у 
Қожамбаев  –  Кожумбаев,  Оразғалиев  – 
Урузгалиев, Тоқтағанова – Токтагунова  
2. 
 

я 
Біләлов  –  Билялов,  Ғабділәшім  –  Кабдыляшим
Қалиәкпарова – Калиякперова 
3. 
е 
 
 
3.1 
 
и 
 
Шегебаев    Чигибаев,  Есбаев  –  Исбаев
Есенәлиева  –  Исиналиева,  Жиренбаева  
ДжиринбаеваШерханов – Чирханов 
3.2 
 
э 
Әуезов – АуэзовЕсбаева – Эспаева, Ерғазиев – 
ЭргазиевЕрмуратова – Эрмуратова 
3.3 
 
әріптің 
(дыбыстың) 
түсірілуі 
Ескендіров  –  Скендиров,  Зейінбай  –  Зинбай
Ниетқалиев – Ниткалиев 
3.4 
 
ю 
Төлебаева – Тюлюбаева 

еу 
ю 
Төлеубаев  –  Тилюбаев,  Елеукенов  –Елюкенов
Елеусінов – Елюсинов 
5. 
и 
 
 
5.1 
 
ей немесе ий 
Әлибеков  –  Алейбеков,  Досқали  –  Досгалий
Қали – КалийОразғали – Уразгалий 


141
 
 
34-кетенің жалғасы 
 




5.2 
 
ь 
Даниярова  –  Даньярова,  Дәулетияров  – 
ДавлетьяровІлиясова – Ильясова  
5.3 
 
әріптің 
түсірілуі 
Жиенәлиев  –  Женалиев,  Исламжанова  – 
Сламжанова 
6. 

 
 
6.1 
 
а 
Совет – СаветТоқтаров – Тахтаров. 
6.2 
 
у 
Аманжолов  –  Аманжулов,  Қосанов  –  Кусанов
Шокбаров – Чукбаров  

ө 
 
 
7.1 
 
 
у 
Бөлтірікова  –  Бультрикова,  Көрпетаев  – 
КурпетаевӨтеуленова – Утивленова  
7.2 
 
ю 
Төлеуханов – ТюлевкановТөребаев – Тюребаев  
8. 
у 
 
 
8.1 
 
в 
Әнуаров – АнваровСәдуақасов – Садвакасова  
8.2 
 
ю 
Елубаева – Елюбаева 
9. 
ү 
ю 
Сүлейменов  –  Сюлейменов,  Түлікбаева  – 
Тюлюкбаева 
10. 
үй 
ю 
Дүйсенбеков – Дюсенбеков 
11. 
ы 
 
 
11.1 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   175




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет