3.4 Қазақ антропонимиясындағы сахналық есімдер трансформациясы
Соңғы жылдары әр түрлі гуманитарлық ғылым салаларында бүркеншік
атқа (псевдоним) деген қызығушылық туындағаны байқалады. Атап айтсақ,
145
лексикографтар бүркеншік аттарды зерттеу нәтижесінде сөздік құрастырса
(И.Ф. Масанов «Словарь русских псевдонимов», 1958), ономастикада бүрке
ншік атқа В.Г. Дмитриев (1977); А.В. Суслова, А.В. Суперанская (1978);
М.В. Голомидова (1998) ғылыми еңбектерінде түсініктеме беріп, жан-жақты
сипаттайды. Бүркеншік атқа берілген бірнеше анықтаманы ұсынуға болады.
И.Ф. Maсанов «В мире псевдонимов, анонимов и литературных подделок»
еңбегінде бүркеншік атқа мынадай анықтама береді: «псевдоним – всякая
подпись под произведением, не соответствующая действительной фамилии
автора» [178 c. 285].
А.В. Суперанская бүркеншік аттарды жалқы есімнің ерекше тобы ретінде
қарастырады. Оның пікірінше: «Если он имеет псевдоним, у него обязательно
есть настоящее имя собственное» [19, c. 38]. Яғни адамда бүркеншік аттың
болуы дегеніміз оның міндетті түрде шын есімі бар екендігін білдіреді.
Өз еңбегінде В.Г. Дмитриев: «бүркеншік атты – қолтаңбада шын есім мен
текті алмастыратын ойдан шығарылған немесе өзгерген есім мен тектің жалпы
атауы» деп қарастырады [179, c. 278].
Н.В. Подольская құрастырған сөздікте бүркеншік атқа келесі анықтама
беріледі: «Псевдоним – вид антропонима, вымышленное имя, существующее в
общественной жизни человека наряду с настоящим именем или вместо него. В
русской традиции псевдоним может заменять фамилию (чаще всего), имя
личное, отчество, всю формулу имени [15, c. 113]. Жоғарыда берілген
анықтамалардың айырмашылығына қарамастан, ғалымдар бүркеншік аттың кісі
есімімен салыстырғанда жалған, ойдан шығарылған есім екендігін атап
көрсетеді.
Қазақ антропонимикасында лақап, бүркеншік аттарды жүйелі түрде алғаш
рет ғалым Т. Жанұзақ қарастырған: «Бүркеншік ат (псевдоним) деп шын аттан
бөлек, ойдан шығарылған, көп реттерде фамилия мен есімдер орнына жүретін
атауларды айтады. Ол гректің псевдонимес сөзінен, мәнісі «жалған аталған,
жасырын» деген ұғымды білдіреді» [13, 86 б.].
Қазіргі таңда кісі есімдерінің бұл тобын зерттеген ғалым Т.Т. Джарасова
бүркеншік атты туылған кезде берілген шынайы кісі есімімен салыстырғанда,
неғұрлым кештеу қойылатын бейресми ат ретінде есептейді. «Бүркеншік есім»
(псевдоним) сөзі грек тіліндегі ψευδής «жалған, өтірік» және όνομα «есім» екі
түбір сөзден құралған. Ағылшын тілінде «бүркеншік ат» терминіне
«pseudonym, penname (әдебиеттегі есім), stage-name (сахналық есім)»
терминдері сәйкес келеді [180, c. 97].
Сонымен қатар, сахналық есіммен бірге әртістік есім деген термин де
қолданылады. Сахналық есімдердің бірнеше түрлері бөлініп қарастырылды
(антионим,
аристоним, героним-псевдоним, ихтионим, инкогнитоним,
преноним, хромотоним, ойдоним, т.б.).
В.Г. Дмитриев өз еңбегінде қазіргі шетел әншілері бүркеншік аттың
преноним деп аталатын ерекше түрін, яғни кісі тегін қолданбай, тек қана өз
есімін танымалдық үшін қолданатынын атап өтеді [179, c. 278], мысалы: Алсу,
Валерия, Ника, Шура, Юлиан, Beyoncé, Fergie, Usher, Madonna және тағы басқа.
146
Бүркеншік ат пен тауар таңбалары және жарнама арасындағы өзара
байланысты зерттеген К.С. Мочалкина: «с товарными знаками псевдонимы
роднит искусственность их создания и вольное обращение с языковым
материалом» [181, c. 77] деп тұжырым жасайды. Адресаттың назарын аударта
отырып, жағымды ассоциация туғызатын бүркеншік аттар жарнамалық қызмет
атқарады. Мысалы: 50 Cent, Глюк’oZa, Pink, Eminém, Lady Gaga, Pitbull –
заманауи эстрада жұлдыздарының бүркеншік аттары. Жарнаманың негізгі
мақсаты тауарды сатып алуға (қарауға, тыңдауға, оқуға және тағы басқа) деген
қызығушылықты арттыру екендігі баршамызға белгілі.
Бүркеншік атқа сипаттама беруде А.В. Суперанская лингвистикалық
тұрғыда топтастыруды (құрылымы, фонетикалық, семантикалық және тағы да
басқа белгілері бойынша) басшылыққа алуды ұсынады. Сонымен қатар
Бүркеншік ат әлеуметтік, психологиялық, тарихи, эстетикалық, логикалық
тұрғыда зерттелуі қажет деген. Сондықтан әр жолы зерттеушінің алдында
алуан түрлі шешілуі тиіс міндеттер болады [7, c. 221].
2000 жылдары сахналық есімнің жасалуындағы өзгешелікті атап көрсеткен
зерттеуші О.В. Врублевскаяның пікірінше: «Существует и вербальный
компонент, который можно отнести к средствам адресации. Это написанная
латиницей аббревиатура МС, которая обозначает / помечает исполнителя рэпа.
Многие исполнители используют эту комбинацию как компонент своего
псевдонима, например: Noize MC (Иван Алексеев), MC Молодой (Антон
Ионов), Dino MC 47» [109, c. 134]. Демек рэп жанрында өнер көрсететін
жұлдыздардың есімінің алдына немесе есімінен кейін жалғанатын МС
аббревиатурасымен ерекшеленеді. Мұндай бүркеншік ат үлгісімен назар
аудартқан Қазақстан сахнасында да МС Сайлаубек атты рэп әншісі бар
екендігін білеміз. Оның шын аты-жөні – Қабылхамит Сайлаубек, яғни бұл әнші
сахналық есім ретінде тек өзінің шын есімін қолдана отырып, МС
аббревиатурасын қосқан.
Қазақ эстрадасындағы әнші, әрі дизайнер Лидо өзінің сахнадағы атын
шынайы Лидия Досалина деген есімі мен тегінің алғашқы буындары арқылы
құрастырған – ли + до. Осыған байланысты журналистер әншінің жаңа есімі
оның шығармашылығында, жеке өмірінде сәттілікке, танымалдылыққа қол
жеткізуіне жол ашты деген пікірде. Сахнадағы келесі ойдан шығарылған,
қиялдан туындаған аттар бүркеншік аттың жасалуындағы жаңа үрдістің
қалыптасуын аңғартады. Музыкалық аспапта ойнайтын танымал скрипкашы
Қорлан Кунсеркина Лана деген лақап атпен белгілі, ол өз шығармашылығында
тұңғыш рет скрипка мен поп-музыканы ұштастырған нағыз өнер иелерінің бірі
[182]. Тыңдаушылар бұл әртістердің шын аты-жөнінен мүлдем хабарсыз,
оларды тек Лидо және Лана ретінде таниды.
Бүркеншік аттың ерекшелігі сол, мұнда ресми антропонимиялық
формулаға (кісі тегі, кісі есімі, әкесінің аты) қойылатын талап сақталмайды.
Мысалы, өзіндік тыңдармандары бар Айжан Нұрмағамбетованың есімі мүлдем
басқа екен. Құжатта Айтжан Нұрмағамбетова болып жазылған. Ал Айжан
есімі туған сіңлісінің есімі. Халыққа ер баланың атымен танылғысы
147
келмегендіктен осындай қадамға барған. Әнші Кенталды алғашында Талғат
Кенжеболатов есімімен танитын едік. Алайда әріптесі Лидо ханым секілді есімі
мен тегінің алғашқы кен және тал буындарын біріктіріп, өзіне бүркеншік ат
ойлап тапқан [183].
Қазақ әншілерінің сахнадағы аттарына талдау жасау арқылы постсоветтік
кезеңде өзін халыққа таныстырудың жаңа формалары пайда болғандығын
байқауға болады. Әншілердің арасында өз руын тегіне айналдырған
әншілеріміз бар. Мысалы, Нұрлан Албан, Аша Матай, Сара Найман, Ақылбек
Достарыңызбен бөлісу: |