Әліппе оқыту әдістемесі



бет18/103
Дата13.02.2022
өлшемі4,89 Mb.
#25429
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103

сабақ





Бөлім: Әліппе кезеңі







Педагогтің аты-

жөні:

Күні:




Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

А дыбысы және әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; дыбыстан буын, буыннан сөз, сөзден сөйлем, сөйлемнен мәтін құрайды; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сөздік қоры байиды; байланыстырып сөйлеуге үйренеді.

Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату. Ойын: «Алма кетті домалап...»

Санамақ арқылы кімге алма тиесілі болады, сол оқушы А дыбысынан басталатын немесе а дыбысы бар

сөздерді айтады.








Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін суретте кім және нелер бейнеленгенін анықтайсыңдар.

Сол сөздердің мағынасын білесіңдер және оларға дыбыстық талдау

жасайсыңдар. «А а» дыбысының сөздегі


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.


Қолдау


Суреттер, оқулық


61






орнын анықтайсыңдар. Осы сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрайсыңдар.

«А а» әрпін көркем жазып үйренесіңдер.





  1. Суреттегілерді атайды: ата, қауын, қарбыз, асқабақ, бұзау, лақ, бақша, бақ, ағаш, алма, алмұрт.

  2. Сөздерге дыбыстық талдау жасайды. Сөзді буынға бөліп,

«А а» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтайды.

  1. Оқушылар алдымен әр сурет бойынша сөйлем құрайды:

1) Бақшада қауын, қарбыз, асқабақ пісті. 2) Ата қауын, асқабақ жинады. 3) Бақта бұзау, лақ жайылып жүр. 4) Бақта алма, алмұрт өсіп тұр.

4. Жоғарыдағы сөйлемдермен мәтін құрайды: «Бақшада қауын, қарбыз, асқабақ пісті. Ата қауын, асқабақ жинады. Бақта бұзау, лақ жайылып жүр. Онда алма, алмұрт өсіп тұр».




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек- шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс – «Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».






Сызба

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдыларын дамыту жұмысы.

1. Суреттегілерді атау.





Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.






  1. «Ата», «қауын», «қарбыз», «асқабақ»,

«бұзау», «лақ», «алма», «алмұрт»,

«ағаш», «бақша»,«бақ» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.



  1. Сөзді буынға бөліп, «А» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын анықтау.

  2. Осы сөздермен сөйлем, сөйлемдермен мәтін құрау.




Сызба, оқулық


Жазылым

Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.





Жазу дәптері






Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.






Мақтау, қолдау







62



Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау
Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:

  1. деңгей:

Сынып ішіндегі «А а» дыбысы бар сөздерді ата.

  1. деңгей:

А дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.

  1. деңгей:

Осы сөздермен сөйлем құра.

Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.


  1. деңгейдегі оқушылар сынып ішіндегі «Аа» дыбысы бар сөздерді атайды.

  2. деңгейдегі оқушылар «А» дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар осы сөздермен сөйлем құрайды.




Оқулық

Рефлексия



Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы

  1. сабақ




Бөлім: Әліппе кезеңі




Педагогтің аты- жөні:

Күні:

Сынып: 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Р дыбысы және әрпі

Оқу бағдарламасына сәйкес күтілетін нәтижелер

Білімділік: дыбыстық талдау дағдылары (мәтіннен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілген дыбысы бар сөзді, сөзден буынды, буыннан дыбысты бөліп алу) қалыптасады; дыбысты дұрыс айтуға жаттығады; әріпті таниды, дыбыс пен әріпті бір-бірінен ажыратады; оқу түрлерін (буындап оқу, тұтас оқу, мәнерлеп оқу, түсініп оқу) қолданады; дыбыстың мағына ажыратушы қызметін түсінеді; жазу жолын, жоларалықты, жолдың жоғарғы және төменгі сызықтарын сақтап, әріп элементтерін, әріптерді, әріптердің бір-бірімен байланысын көркем жазу талаптарына сай жазады.

Дамытушылық: сұрақтарға дұрыс және толық жауап береді; сюжетті суретпен әңгіме құрайды.


63






Тәрбиелік: ана тілін, Отанын, халқын, мәдениеті мен салт-дәстүрін құрметтей біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың кезеңі/уақыты

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы (1–7 мин)

(Ұ) Ұйымдастыру кезеңі:

  1. Сәлемдесу.

  2. Оқушыларды түгендеу.

Психологиялық ахуал орнату.

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап,

алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Дос болайық бәріміз, Жарасып тұр әніміз. Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз!








Сабақтың ортасы (26 мин)

Сабақтың күтілетін нәтижесімен таныстыру:

– Балалар, сендер бүгін сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайсыңдар. Құраған әңгімелеріңнен сөйлемді, сөйлемнен жаңа үйретілетін дыбысы бар сөзді бөліп аласыңдар. Бөлініп алынған сөзге дыбыстық талдау жасайсыңдар. «Р» дыбысының айтылу ерекшелігін білесіңдер. Оны дауысты, дауыссызға ажыратасыңдар.

«Р р» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысасыңдар.

«Р р» әрпін көркем жазып үйренесіңдер. (МК, Ұ) Дыбыстық талдау дағдыларын дамыту жұмысы.



1. Сурет мазмұны бойынша әңгіме құрау.

а) Сұрақ қою және оқушылар жауабының дұрыс және толық болуын қадағалау:


Күтілетін нәтижені мұқият тыңдайды.




  1. Оқушылар сюжетті сурет бойынша әңгіме құрайды: Бұл – робот. Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді. Дүкенде сауда жасай алады.

  2. Әңгіме құрамындағы сөйлемдер санын анықтайды.

  3. «Бұл – робот» сөйлемінде неше сөз бар екенін анықтайды.

  4. Өтілетін жаңа дыбысы бар

«робот» сөзіне дыбыстық талдау жасайды. Сөзде екі дауысты

Қолдау


Қолдауды қажет ететін оқушыларға көмек беру.

Суреттер, оқулық Сызба




64






  • Мынау не?

– Бұл – робот.

  • Робот не істейді?

– Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді. Дүкенде сауда жасай алады.

ә) Сұраққа жауап болған сөйлемдерден әңгіме құрау: Бұл – робот. Робот адаммен сөйлесе алады. Ол үйді күзетеді. Дүкенде сауда жасай алады.



  1. Әңгіменің неше сөйлемнен тұратынын анықтату.

  2. Қажетті сөйлемді (Бұл – робот) бөліп алып, оны сөздерге (бұл, робот) ажырату. Сөйлемдегі сөз санын анықтау.

  3. Өтілетін жаңа дыбысы бар «робот» сөзін бөліп алып, дыбыстық талдау жасау. Сөздің екі буынды екендігін және сөздегі жаңа дыбыстың орнын анықтау.

  4. «Р» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысу.

  5. «Р» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысу.

  6. Түймелерден «р» әрпінің сұлбасын жасау.

  7. «Дыбысты естиміз, әріпті көреміз және жазамыз» қорытынды пікірін тәжірибе жүзінде меңгеру.

(МК, Ұ) Дыбыстық жинақтау дағдысын дамыту жұмысы.

Оқылым.

  1. Оқулықтың 18-бетінде берілген дыбыстық сызбадағы сөздерді мұғалімнің оқушылармен бірге буындап, тұтастай оқуы.

  2. «Р» дыбысының сөз алдында, ортасында, соңында келетін орнын оқушылардың өздіктерінен табуына мүмкіндік жасау.

  3. Сөздікпен жұмыс ұйымдастыру.

болғандықтан, бұл сөз екі буынды екендігін анықтайды.

  1. «Робот» сөзіндегі «р» дыбысын

«р-р-р» деп, біраз созып айту арқылы анық естиді.

  1. «Р» дыбысының айтылу ерекшелігімен танысады.

  2. «Р» дыбысының таңбасы – оның әрпімен танысады.

  3. Түймелерден «р» әрпінің сұлбасын жасайды.



  1. Әр буындағы дыбыстарды тұтастырып, «бір дыбыс» сияқты қосып, яғни дауыссыздан дауыстыға қарай және дауыстымен үндестіріп оқиды.

  2. Буындарды жеке тұтас сөздегі айтылуымен оқиды.

  3. Әрбір дыбысты естіп, әріпті көріп, өздігінен саналы оқиды.

  4. «Менің алғашқы сөздігім» кітабынан «ара», «анар» «керік» сөздерінің түсіндірмесін мұғалімнің көмегімен тауып оқиды.

Оқушыларға әріпті жасауда қажет болған жағдайда көмек беру.


Мақтау
Оқушыларға қолдау көрсету.


Түймелер


«Менің алғашқы сөздігім» көмекші құралы
Оқулық


65






Жазылым

  1. Оқулықтағы «Р» әрпінің таңбалануына назар аудару.

  2. «Р» әрпін тақтаға жазып көрсету.

  3. «Р» әрпін ауада жазып көрсету.

  4. Жазу дәптерімен жұмысты ұйымдастыру.




  1. Оқушылар жазу дәптеріндегі тапсырмаларды орындайды: сызықтарды бастырып жазу арқылы Р әрпінің бас және кіші әрпін жазады. Үлгі бойынша сөздер мен сөйлемдерді жазады.

  2. Сабақ соңында өз іс-әрекетіне (каллиграфиялық талапқа сай дұрыс және сауатты жазу) кері байланыс жасап, өзін-өзі бағалауы үшін әр беттің соңында берілген дөңгелек-шартты белгілерді бояйды: «жасыл» түс –

«Бәрекелді!», «көк» түс –

«Жарайсың!», «қызыл» түс –

«Ойлан!».




Жазу дәптері



Сабақтың соңы (7 мин)

Бекіту және саралау

Саралау тапсырмасымен жұмыс ұйымдастыру:



  1. деңгей:

Дыбыс сызбасын оқы. Дыбыс сызбасы қай сурет атауына сәйкес келетінін анықта.

  1. деңгей:

Р дыбысы сөздің қай жерінде (ортасында, алдында, соңында) келетінін анықта.

  1. деңгей:

Тырна, радио, анар сөздерімен сөйлем құра.


«Сөз тану» тыңдау материалымен жұмыс Мұғалімнің жаңылтпаштың мағынасымен жұмысты QR немесе үнтаспадан тыңдату арқылы ұйымдастыруы.

Қырда тырна жүр, Тырна қырда жүр.


Оқушылар өздеріне берілген саралау тапсырмаларын орындайды.




  1. деңгейдегі оқушылар дыбыс сызбасы қай сурет атауына сәйкес екендігін анықтайды: тырна.

  2. деңгейдегі оқушылар Р дыбысының сөздегі орнын (ортасында, алдында, соңында) анықтайды.

  3. деңгейдегі оқушылар тырна, радио, анар сөздерімен сөйлем құрайды.

1. Оқушылар жаңылтпашты тыңдайды.






Әліппе. Үнтаспа.



«Атамұра», 2020


66






Бүгінгі сабақтың тәрбиелік мәні ашылатындай мазмұнда сұрақтар қойып, жауап алу.

2. Жаңылтпашты қатесіз оқып, сөздегі «р» дыбысын анық айтуға жаттығады.







Рефлексия




Сабақта алған көңіл күйлерін смайликпен көрсетеді.




Рефлексия тақтайшасы




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет