13.3. Жүрек
429
жерлері (аралық байланыстар) — десмосомаларды және санылаулы байла-
ныстарды — нексустарды ажыратады. Егер
дискінің алдыңғы екі аймағы
механикалык қызмет аткарса, үшіншісі кардиомиоциттердің
электірлік бай-
ланысын жүзеге асырады. Нексустар импульстардың жасушадан жасушағатез
өтуін камтамасыз етеді. Миофибриллалардың беку аймақтары әрдайым келесі
Z-жолакка сәйкес деңгейде орналасады.
Иммуноцитохимиялықәдістераркылыбұлаймактарда L-актинин мен винкулиннің
болатыны дәлелденген. Қанкалык бүлшык еттегі тәрізді,
кардиомиоциттердің
цитоқаңкасы диаметрі 10 нм аралык филаменттерден тұрады. Десмин немесе скелетин
нәруыздарынан тұратын, бұл филаменттер осьтің үзына бойына да, көлденең де
бағытта орналасады. Аралык жіпшелер көршілес саркомерлерді
бір деңгейде біріктіре
және байланыстыра отырып, миофибриллалардың
М- және Z -жолактары аркылы
көлденең өтеді.
Ендірме дискілердін көмегімен кардиомиоциттер бұлшық ет «талшык-
тарына» бірігеді. Кардиомиоциттердің бойлай және бүйір байланыстары (ана-
стомоздар) миокардтың кызметтік бірегейлігін камтамасыз етеді.
Кардиомиоциттер арасында кан және лимфа кылтамырларына бай, интер-
стициальды дәнекер тіні орналасады. Әрбір миоцит екі-үш капиллярлармен
байланысады.
Достарыңызбен бөлісу: