Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Микроорганизмдердің ауада таралуы



Pdf көрінісі
бет22/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64
Микроорганизмдердің ауада таралуы. Ауа микробтардың өсіп-өнуі мен дамуы үшін 
ең қолайсыз орта болып есептеледі. Ауада су мен топырақ сияқты қоректік заттар 
болмайды, тікелей күн сәулесінің әсері, құрғақшылық микроорганизмдер тіршілігінің 
жойылуына көмектеседі. Сондықтан ауа микроорганизмдердің уақытша мекені деп 
саналады. Ауадағы микроорганизмдер топырақтағы шаң-тозаңдармен көтеріліп, қайтадан 
солармен бірге шөгеді. Сондықтан ауадағы микроорганизмдерінің саны мен сапасы 
негізінен топырақтағы микроорганизмдердің құрамына байланысты. Микробтардың ауада 
таралуы әртүрлі жағдайларға тәуелді. Әсіресе қозғалысы күшті, өнеркәсіп орындары, ірі 
қалалар ауасы микроорганизмдерге бай келеді. Ал керісінше ауыл, село, орман. тау, теңіз 
және арктика мұздарының бетіндегі ауадағы микроорганизмдердің саны аз. Органикалық 
заттарға бай өңделген топырақ бетіндегі ауада микроорганизмдер әжептәуір болады. Сол 
сияқты құмды, аңызақ жел тұратын жерлердің ауасында микробтар өте аз кездеседі. Тіпті 
бір жердегі ауада жауын жауғанға дейін микробтар көп болса, жауыннан соң олардың саны 
едәуір азайып кетеді. Ауаның жоғарғы қабатына көтерілген сайын микробтар саны да азая 
түседі. Е. Н. Мишустиннің зерттеуіне қарағанда Москва үстіндегі 500 м биіктікте әрбір 
текше метр ауада (1м3) 2100, ал 2000 м биіктікте - 500-700 бактерия кездесетіні белгілі 
болған. Москвадан 5-7 км-дей қашықтықтағы биіктікте ауа мүлде таза болатындығы 
айқындалған. 
Ауадағы микроорганизмдерге күннің ультракүлгін сәулесі күшті әсер етеді. Түссіз 
бактерияларға қарағанда пигменттері бар түсті бактериялар төзімділеу. Әдетте спора 
түзбейтін микроорганизмдер төзімсіз болатындықтан, спора түзетіндеріне қарағанда 
олардың саны да аз болады. Ауадағы микробтар саны коғамдық орындардың бәрінде бірдей 
болмайды. Мәселен қала маңындағы ауаның бір текше метрінде 200-400-ге дейін 
бактериялар болса, ірі қалалардың бір текше метр ауасында 4000-10000 аралығында микроб 
кездеседі екен.
Бұдан адамдар мен көліктер көп жүретін жерлерде және мекемелердің маңындағы 
ауада микроорганизмдер көп болатыны анықталған. Жыл мерзіміне байланысты ауадағы 
микроорганизмдердің саны мен сапасы да өзгеріске ұшырап отырады. Олардың ең аз 
болатын мерзімі – қыс, ал көп кездесетін кезі – жаз. Көктем мен күзде олар онша көп 
болмайды. Қыс кезінде қар жер бетін жауып қалады да шаң-тозаңның көтерілуіне мүмкіндік 


бермейді. Ал жаз уақытында жел шаң-тозаңдармен бірге ауаға микроорганизмдерді де 
ұшырады. Күз бен көктем кезінде жауын-шашын жиі болып, көтерілетін шаң-тозаң азаяды. 
Сондықтан бұл мезгілдерде ауада микробтар көп болмайды. 
Ашық жерлерге қарағанда бөлме мен үй ауасында микробтар біршама көп болады. 
Мәселен, бөлме ауасының бір текше метрінде 100 мыңға жуық микроорганизм кездеседі. 
Бөлмеде адам көп болған сайын көтерілетін шаң да көбейе түседі, микробтар саны да 
артады. Кейбір ауру қоздырғыш микроорганизмдер бөлме ауасына таралып, тыныс алған 
кезде басқа адамға жұғады. Сондықтан бөлме ауасын желдету арқылы жаңартып тұру, күн 
сәулесінің бөлмеге жақсы түсуін қамтамасыз ету оның тұрғындарының денсаулығы үшін 
үлкен маңызы бар мәселе. Ауада микробтар көп болған жағдайда тек ауру тарау қауіпі ғана 
молайып қоймайды, сонымен қатар бөлмеде сақталатын дәрі-дәрмектердің зең 
саңырауқұлақтарымен және спора түзуші бактериялармен зақымдануына қолайлы жағдай 
жасайды. Бөлме ауасын микробтардан тазарту тек санитарлық-гигиеналық жолмен ғана 
жүргізіліп қоймай, басқа да шаралар қолданылуы қажет. Мәселен, бұл үшін ауаны 
ультракүлгін сәуле шығаратын бактерицидті шамдармен өңдеу қазір кеңінен қолданылуда. 
Әсіресе сұйық дәрі-дәрмектерді дайындайтын дәріханалар аулаларының таза болуына баса 
назар аударылуы тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет