Дипломдық ЖҰмыс мамандығы «5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы»


АНЫҚТАМАЛАР Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды: өсімдік майы



бет3/24
Дата11.11.2022
өлшемі203,81 Kb.
#49387
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
АНЫҚТАМАЛАР

Бұл дипломдық жұмыста келесі анықтамалар қолданылды:




өсімдік майы – тұқымдардан (күнбағыс, жүгері, рапс зығыр және тағы басқалар), жемістерден (пальма, зәйтүн және тағы басқалар) және тағамдық және (немесе) басқа мақсаттарға арналған майлы өсімдік дақылдарының құрамында майы бар басқа да бөліктерінен алынатын май қышқылдарының триглицеридтері және оларға ілеспелі заттардың қоспасы;
иіссіздендіру – иістендіретін және басқа ұшқыш заттарды қыздырылған буы бар вакуумда айдап шығарудың жоғары температуралы процесі;
қайта этерификациялау – катализатордың немесе ферментті препараттың қатысуымен триацилглицеридтердің май қышқылды құрамын өзгертпей майдың триацилглицеридтердегі ацилді топтарын қайта бөлу процесі;
қайта этерификацияланған өсімдік майлары – қайта этерификациялау процесінен өткен өсімдік майлары;
мұздату – майлы өсімдіктердің дән және жеміс қабықшаларынан майға өтетін балауыз заттарды шығару процесі. Мұздатуды тазартудың алдында немесе кейін минус 10-12 Цельсия градус температураға дейін салқындату және кейіннен осы температурада ұстап тұру жолымен жүргізеді;
мұздатылған өсімдік майы – төменгі температурада балауыз заттарды шығару процесіне тартылған өсімдік майы;
нығыздалған өсімдік майы – май шикізатын нығыздау арқылы алынған өсімдік майы;
нығыздау – түрлі құрылымның нығыздаулары көмегімен жүзеге асырылатын сусымалы кеуекті масса - езіндіден май сығу процесі.
өсімдік майларын түрлендіру – сутектендіру, қайта этерификациялау, фракциялау процестерінің немесе олардың комбинациялары көмегімен өсімдік майларын химиялық, биохимиялық немесе физикалық өзгерту;
салқындай сығылған маймайдың табиғатын өзгертпестен, тек механикалық рәсімдермен, мысалы сығып және нығыздап, қыздырмай алынған майлар;
сутектендіру – өсімдік майларының құрамына енетін триацилглицеридтердің қанықтырылмаған май қышқылдарының шексіз байланыстары катализаторының қатысуымен сутегімен жартылай немесе толық қанықтыру процесі;


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет