Нарықтық экономика жағдайында кез келген кәсіпорынның банкроттыққа өзі ұшырауы немесе басқа кәсіпорынның банкротқа ұшырауына байланысты іскерлігінің кез келген уақытта тоқтап қалу мүмкіндігі жоғары



бет7/15
Дата20.12.2022
өлшемі133,11 Kb.
#58483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15
Жедел өтімділік көрсеткіші — ол мағынасы жағынан ағымдағы өтімділік көрсеткішімен бірдей,бірақ оған қарағанда айналым активтерінің шағын тобынан есептеліп шығарылады,яғни өтімділігі төмен активтер есепке алынбайды.Бұлай есептеудің қисыны мұндағы ескерілетін активтердің жоғары өтімділігін ескерілетінде ғана емес,маңыздысы өндірісітік қорлардың амалсыздан сатылған бөлігінен түскен ақшалай қаражаттар оларды сатып алуға жұмсалған қаражаттан анағұрлым аз болуы мүмкін.Нарықтық экономикада егер кәсіпорын оларды сатқан кездегі есепке алынған бастапқы құнының 40 %, немесе одан да төмен соманы алатын болса,онда ол жағдай нашар деп танылады.Бұл коэфиценттің динамикасын зерттей келе,оның өсуі өтелмеген дебиторлық міндеттемелердің есебінен болса,әрине ол кәсіпорынның іскерлігінің теріс шамада екенінің бірден-бір белгісі болып табылады.
Жедел өтімділік коэфицентін есептеу қажеттілігі кәсіпорынның айналым қаражаттарының әрбір жеке категорияларының өтімділігінің дәрежелерінің әр түрлі болып келуінен туындаған.Егер, мысалы, ақшалай қаражаттар ағымдағы міндеттемелерді жабудың тікелей көзі болып табылса,ал қорлар бұл мақсатта тек олар сатылғаннан кейін ғана пайдаланыла алады,ал бұл дегеніміз оны анық сатып алушының табылуымен оның қолында дәл ақшалай қаражаттың болу болмауы тәуекеліне байланысты уақыт қажет етеді.Халықаралық стандарттар бойынша оның мәні 1-ден жоғары болуы қажет.Бұл кәсіпорында оның мәні жыл басына 0,46-дан 0,39-ға азайған .Ол да өз қатарында кәсіпорынның қаржылық жағдайының төмендегенін көрсетеді.Яғни бұл жерде айта кететін жайт оның өнімінің өілу көлемінің темендеуі де өз әсерін беруде.
Абслютті өтімділік көрсеткіші –кәсіпорын өтімділігінің ең қатаң критериі болып табылады.Ол қысқа мерзімді қарыз міндеттемелерінің қандай бөлігі, керек болған жағдайда қолда бар ақшалай қаражаттар есебінен жабыла алатынын көрсетеді.Абсолютті өтімділік коэфицентінің мәні халық аралық тәжірибеде 0,2-0,25 аралығында орналасуы дұрыс деп танылған.
Басқа коэфиценттерге сәйкес абсолютті өтімділік коэфицентінің мәні де 0,005-тен 0,003-ке төмендеген.Бұл коэфицент қысқа мерзімді міндетттемелерді жабуға келетін таза ақшалай қаражаттарының көлемін көрсетеді. Көріп тұрғанымыздай оның да мәні шамалы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет