Сіреспе – Столбняк Столбняк



бет2/8
Дата15.04.2022
өлшемі2,43 Mb.
#31120
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8

Індеттік деректер. Сіреспеге сүтқоректілердің барлық түрі бейім. Адам да ауырады. Жылқы, қой, ешкі, ірі қара малы, шошқа, ит мен мысық өте сезімтал келеді. Құстар біршама төзімді, суыққандылар бейім емес. Сіреспе қоздырушысы табиғатта кеңінен тараған. Ол көңді топырақта, бау-бақша топырағында, шаң мен қоқыста, азықта кездеседі.

  • Індеттік деректер. Сіреспеге сүтқоректілердің барлық түрі бейім. Адам да ауырады. Жылқы, қой, ешкі, ірі қара малы, шошқа, ит мен мысық өте сезімтал келеді. Құстар біршама төзімді, суыққандылар бейім емес. Сіреспе қоздырушысы табиғатта кеңінен тараған. Ол көңді топырақта, бау-бақша топырағында, шаң мен қоқыста, азықта кездеседі.
  • Қоздырушының көзі – ішегінде сіреспе қоздырушысы өсіп-өнетін клиникалық сау малдар және қоздырушыны нәжіспен шығарып топырақты залалдайтын малдар. Сондықтан сіреспенің таяқшалары сыртқы ортада, әсіресе көңді топырақта (танаптар, бақтар, бақшалар) уыттылығын жоймай споралар түрінде ұзақ уақыт бойы сақталады (стационарлы сіреспе). Бірақ, сіреспе салыстырмалы сирек кездеседі. Ауру қоздырушы спорасы мал денесі жарақаттанғанда енеди. Мал хирургиялық операциялар кезінде асептика мен антисептиканың ережелерін сақтамау нәтижесінде, мал туғаннан кейінгі жарақаттар, пішу, қойдың құйрықтарын кесу, жас туған малдың кіндігін кесу болған жарақаттар арқылы қоздырғыш жұқтыруы мүмкін. Әсіресе, қоздырушының өсіп-өнуі мен токсиндер түзуіне, споралардың өнуіне сәтті жағдайлар тудыратын өліеттенген ұлпалар мен жырымдалған еттері бар терең жаралар қауіпті болып келеді. Осындай қолайлы жағдай болмаса, ұзақ уақыт бойы бейтарап қалыпында споралар сақталып, кейіннен жарақат немесе микробтың өсуіне қолайлы жағдай болса, аурудың өршуі мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет