Емтихан билеті №1 Сөзжасамның басты қызметі Сөзжасам


Сигнификаттық мағына деп түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені айтамыз



бет33/42
Дата23.05.2022
өлшемі457 Kb.
#35420
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42
Сигнификаттық мағына деп түйсік арқылы қабылданып, жалпыланған субъективті бейнені айтамыз.Денотаттық, сигнификаттық мағыналар сөз мағынасының екі жақ-ты байланысқа түсуіне жағдай жасайды.Сөздің лексикалық мағынасы денотаттық және сигнификаттық мағыналардың бірігуі негізінде жасалады. Барлық сөздердің өн бойынан осы екі мағынаны тауып, ажырату мүмкін болмайды.Сондықтан да кей ғалымдар сөздерді мағынасына қарай заттық мағынаны білдіретін сөздер және түрлі қарым-қатынастарды білдіретін сөздер деп екі топқа бөліп жүр. Сөздің лексикалық мағына құрамында денотат пен сигнификаттық мағыналардың тең түсе бермейді; кей сөздердің мағынасынан дено-таттық мағын айқын байқалса, кей сөздерде сигнификаттық мағынаның айқын байқалады. М., зат есімнің лексикалық мағынасында денотаттық мағына анық байқалады.Сондықтан үстел, үй дегенде сөз тікелей затқа атау ретінде қолданылып, арасына теңдік белгісін қоя-тындай дәрежеде көрінеді.Заттың белгісін, түсін, қозғалысын білдіретін сөздерде (сын е, етістік, үстеу, т. б.),есімдіктерде денотаттық мағына күңгірттеніп, анық байқалмайды.Зат-тардың түрі де, заттар арасындағы түрлі қатынастар да, қимылдары мен заттардың амал-әрекеттері де жеке адамға тәуелді емес, объектив характерге ие. Сондықтан да етістіктер білдіретін қозғалыс, амал-әрекет етістік болатын сөздердің денотаттық мағынасы болып саналады.Зат есімдер мен етістік, сын есімдердің мағына құрамындағы денотаттық мағыналары тең емес. Зат есімдердегі денотаттық мағына объектив дүниедегі заттардың субъектив бейнесі ретінде оның негізгі белгілерін қамти алады.Сын е.,сан е.,етістіктер мен есімдіктердің денотаттық мағыналары болса, солғынданған,күңгірттенген болады. Көпшілік ғалымдар лексикалық мағыналарға талдау жасағанда, зат есімдермен, әсіресе деректі зат есімдермен, байланысты қарастырады.Бұған бірнеше себептер де бар. Біріншіден, зат есімдердің мағынасында бірнеше мағыналық элементтердің (семалардың) барлығы анық байқалады,аға сөзінде1)жасы үлкен, 2)еркек жынысты, 3)қандық туысқандық, 4) адамдар-ды білдіретін семалар бар.Тіпті дерексіз зат есімдерді семаларға ажырату сын есімдерге қарағанда оңай.Екіншіден,зат есімдер затқа, құбылыстарға тікелей атау ретінде қолданы-лады.Үшіншіден,зат есімнің мағынасы жекеше мен көпше, жалқы мен жалпыға, деректі мен дерексіздікке бөлініп жатады да оларды өзара салыстыруға болады.Негізінде сөздер-дің лексикалық мағына құрамында сол сөздерді басқа сөздерден ажыратушы (тек сол сөздің мағынасының өзіне ғана тән) және басқа сөздермен байланыстырушы, жалпылаушы (бірнеше сөздердің бәріне ортақ) мағыналық компоненттер қатар өмір сүреді.
Денотаттық мағына мен сигнификаттық мағына сөздердің категориялық мағыналары-мен де байланысып жатады.Себебі категориялды мағына да мағынаны жалпылайды да объектив дүниедегі заттармен, құбылыстармен байланысып жатады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   42




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет