Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


типті қант диабетіндегі аутоиммунды шабуыл



бет22/30
Дата21.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#102778
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30
Байланысты:
Укрепление зд кулпаш

1 типті қант диабетіндегі аутоиммунды шабуыл.
1 типті қант диабеті ішінара көптеген гендермен, соның ішінде қант диабетіне қауіп төндіретін белгілі бір HLA генотиптерімен жүреді. Генетикалық сезімтал адамдарда қант диабетінің басталуын вирустық инфекция немесе диета сияқты бір немесе бірнеше қоршаған орта факторлары қоздыруы мүмкін. Бірнеше вирустарға қатысты болды, бірақ бүгінгі күнге дейін адамдарда бұл гипотезаны растайтын дәлелдер жоқ.
Қант диабетінің екінші типі
2-ші типті қант диабеті инсулин-резистенттілікпен сипатталады және кей жағдайлада төмендетілген инсулин секрециясымен қатар жүреді. Қант диабетінің бұл типі - қант диабетінің ең көп таралған түрі. 2 типті қант диабетімен ауыратын көптеген адамдарда диабетке дейін бұрын преддиабеттік белгілер болғаны рас (глюкозаның баяу сіңірілуі және / немесе глюкозаға төзімділіктің нашарлауы). Предиабеттік жағдайдың 2 типті қант диабетіне өтуіне жол бермеу үшін салауатты өмір салтын ұстану, инсулинге сезімталдықты жақсартатын немесе бауырдағы глюкоза өндірісін төмендететін дәрі-дәрмектер қолдану секілді шаралар жүргізіледі.

2 типті қант диабеті, ең алдымен, өмір салты мен генетикалық факторларға байланысты. Өмір салтының бірқатар факторлары 2 типті қант диабетін дамуына әкелуі мүмкін, оның ішінде семіздік (дене салмағының индексі 30-дан жоғары), физикалық белсенділіктің болмауы, дұрыс тамақтанбау және қалыпты жағдайда стресске ұшырау.
Диабетпен ауыратындардың диетасы
Диабетпен ауыратын толық адамдар алдымен артық салмақтан арылуы керек. Диабетшілер қант, кәмпит және басқа да тәтті тағамдарды ішпеулері қажет. Олардың ірі ұнтақты ұннан пісірілген нан, сондай-ақ крахмал қоспалы асбұршақ күріш, картоп және басқа да құрамында ақуыз бар тағамдармен тамақтанғаны жөн болады. Диабет ауруымен зардап шегетін ересек адамдардың алмұрт тектес тікенекті кактустың (нопал, опантиа) сөлін ішкені дұрыс. Бұл үшін кактусты ұсақтап турап, езіп, сөлін сығып алып, күніге тамақ алдында үш рет 1,5 кеседен қабылдау қажет. Тіс қызыл етін, таңдай қуысын инфекциядан сақтау үшін тісті тамақтан соң жуып тазалаған дұрыс болады. Аяқты дәйім таза ұстау қажет, жаралап, қажатып алмас үшін өзіңізге ыңғайлы да шақ аяқ киім кигеніңіз жөн. Аяқ қан тамырлары қызметін жақсартып, қан айналысын ретке келтіру үшін (аяқта қара дақтар болып, немесе ұйыған жағдайда) демалған кезде аяқты жоғары көтеріп қойып жату керек. Аяқ көктамырлары кеңейгенде (варикозное расширение вен) де осы ақыл-кеңеске ден қойған абзал.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет