Емтихан сұрақтары: Денсаулықты нығайтудың теориялық негіздері салауатты өмір салтын насихаттау


Үйіңізде туберкулезбен ауыратын адам болса, не істеу керек?



бет20/30
Дата21.06.2023
өлшемі0,67 Mb.
#102778
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30
Байланысты:
Укрепление зд кулпаш

Үйіңізде туберкулезбен ауыратын адам болса, не істеу керек?
Туберкулез талшықтарын бөлетін науқас мамандандырылған ауруханада емделеді. Ем ұзақ болады, бірақ ол туберкулезді жеңудің қажетті шарты болып табылады.
Науқасқа үйде болуға, яғни амбулаториялық жағдайда емделуге рұқсат берсе, онда ол дәрілік заттарды жиі қабылдауды жалғастыруы тиіс. Бұл кезеңде жақын адамдардың қолдауы аса маңызды. Оның үйде болуына жағымсыз көзқарасыңызды көрсетпеңіз. Оның өзіне сырқаттану күйзеліс жағдай болып табылады, әсіресе жақын адамдардың оған деген ашықтан- ашық сақтық қатынастары қосымша психологиялық зақым болады.
Науқасқа осы ауыр кезеңде отбасының барлық мүшелерінің қолдайтынын білдіріңіз, бірақ отбасы мүшелеріне жұқтырмау үшін дәрігердің нұсқаулықтарын қадағалау және қауіпсіздік шараларын қолдану қажет.
Ол үшін:
оған бөлек бөлме бөліңіз;
жеке ыдыс-аяқ беріңіз (оны бөлек жуу және қайнату керек);
науқастың киім-кешектерін бөлек жуыңыз және қайнатыңыз (қайнату және үтіктеу оны зарарсыздандырады);
науқастың бөлмесін зарарсыздандыру заттарын қолданумен ылғалды жуып-шаю жұмыстарын жиі жүргізу керек (хлор);
Жөтелген кезде науқас ауызын қол орамалмен немесе бетпердемен жабуы керек;
Науқастың қақырықты көше немесе жалпы қолдану орындарында емес, бөлінген ыдысқа түкіруі қажет;
Науқастың балалармен қарым-қатынасын шектету керек (балалар туберкулезбен ауыру қауібіне жақын);


34.І және ІІ типті қант диабетінің алдын алу
Қант диабеті — ұйқы безінің бетта-клеткаларының инсулинді аз мөлшерде шығаруымен осы инсулин гормонының жетіспеушілігінен пайда болатын және осы себепті барлық зат алмасу түрлерінің, айрықша қант алмасуының бұзылуымен сипатталатын ауру.
Қант диабеті инсулинге тәуелді (инсулин зависимый), инсулинге тәуелсіз
(инсулин не зависимый) болып 2 түрге бөлінеді.
Ең басты себептердің бірі — тамақтану салтының өзгеруі,атап айтқанда қантқа тез айнатлатын көміртегі бар тағамдарды шектен тыс пайдалану болып табылады. Сол сияқты қажеттен артық тамақтану және дене еңбегімен шұғылданбау семіздікке әкеліп соқтырады.Қант диабетінің көп таралу себептерінің бірі де осы семіздікке телінеді.
Сырқатқа шалдығудың көп себептері тұқымдық бейімдеушілік екенінде айтып өткен жөн .Тұқым қуалаушылықтың әсерінен қант диабеті балалар арасында өте көп таралып отыр.Тағы бір себебі экологиялық жағдайдың бұзылуы,химиялық өндірістің (фофор,қорғасын) зиянды әсері.Бұл ауру жас талғамайды. Әйтседе бұл сырқат егде адамдар арасында көп кездеседі,оның басты себебі организмді қоректендіретін қан тамырларының, әсіресе ұйқы безіне келетін тамырлардың қан жүргізу қабілетінің азаюы. Қант диабетінің кең таралуына – ұйқы безінің қабынуы,зақымдануы және ісіктердің пайда болуы да әсер етеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   30




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет