Эндокринология



бет232/285
Дата30.08.2023
өлшемі17,53 Mb.
#105688
түріОқулық
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   285
Байланысты:
Endokrinologia 2shi basylym

Клиникалық көрінісі
ГҚД кезінде дамымайды. ҚД декомпенсациясының спецификалық емес симптомдары көрініс беруі мүмкін.


Диагностикасы
Ашқарынға глюкоза деңгейін анықтау биохимиялық қан анализі шеңберінде барлық жүктілерге жүргізіледі. Қауіп-қатер тобына жататын жүктілерге (7.24 кесте) оральды глюкозотолерантты сынама (ОГТС) көрсетелген. Оны жүктілерде жүргізудің бірнеше жолдары белгілі. Солардың ішіндегі ең қарапайымы келесі ережелерге негізделеді:
• зерттеуден 3 күн бұрын жүкті әйел күндегідей тамақтанып, қалыпты физикалық жүктемемен айналысады;
• сынама ашқарынға таңертеңгі уақытта түнгі ашығудан 8 сағат өткеннен кейін жүргізіледі;
• ашқарынға әйелден қан алынғаннан кейін 5 минут бойы 250–300 мл суға ерітілген 75 грамм құрғақ глюкозасы бар сұйықтықты ішеді, сосын 2 сағаттан кейін қайта гликемия деңгейі анықталады;
ГҚД диагнозы келесі критерийлерге сүйене отырып қойылады:
— аш қарынға толық қандағы глюкоза деңгейі (венозды, капиллярлы) ≥6,1 ммоль/л немесе
— венозды қан сарысуындағы глюкоза ≥7 ммоль/л немесе
— толық капиллярлы қанда немесе венозды қан сарысуында 75 г глюкоза қабылдаған соң 2 сағаттан кейін глюкоза деңгейі ≥7,8 ммоль/л.
• қауіп-қатер тобына жататын әйелде зерттеу нәтижелері қалыпты деңгейде болса, сынама қайта жүктіліктің 24–28 аптасында жүргізіледі.


Салыстырмалы диагностикасы.
ГҚД және шынайы ҚД; жүктілер глюкозуриясы.


Емі
Ана мен бала үшін қауіп факторы, ҚД емдеу, ГҚД-тын бақылау ерекшеліктері шынайы қант диабетімен бірдей жүргізіледі. Жүктілік кезінде ҚД-нің кеш асқынулары үдемелі дамуы мүмкін, бірақ ҚД сапалы компенсациясы орнаса жүктілікті үзуге ешқандай көрсеткіштер жоқ. ҚД-мен сырқаттанған әйел (жиі ҚД-1) жүктілікті жас кезінде жоспарлауы тиіс, себебі сол кезде асқынулардың даму жиілігі төмен болады. Егер жүктілік жоспарланса, оңтайлы компенсацияға қол жеткізгеннен бірнеше айлардан кейін контрацепцияны қабылдау тоқтатылады. Жүктілікті жоспарлауға қарсы көрсеткіштерге үдемелі дамитын бүйрек жеткіліксіздігі мен ауыр нефропатия, коррекцияланбайтын ауыр ЖИА, ауыр пролиферативті ретинопатия, жүктіліктің ерте мерзіміндегі кетоацидоз (кетонды денелер тератогенді түрткі болып табылады) жатады.
Жүктілік кезінде ГҚД мен шынайы диабетті емдеудің басты мақсаты келесі зертханалық көрсеткіштерге қол жеткізу болып табылады:
• ашқарынға гликемия < 5–5,8 ммоль/л;
• тамақтан 1 сағаттан кейінгі гликемия < 7,8 ммоль/л;
• тамақтан 2 сағаттан кейінгі гликемия < 6,7 ммоль/л;
• күндізгі гликемиялық профильдің орташа мәні < 5,5 ммоль/л;
• ай сайынғы бақылау нәтижесі бойынша HbA1c мөлшері сау адамдардыкіндей болуы тиіс (4–6 %).
ҚД-1 кезінде жүктіліктен тыс кезде де әйелге инсулинді терапия тағайындалады, бірақ жүктілік кезінде гликемия деңгейін тәулігіне 7–8 рет бағалаған дұрыс. Қарапайым егулер көрінісінде нормогликемиялық компенсация орнамаса, жүкті әйелді инсулин дозаторы көмегімен инсулинді терапияға көшіру жөніндегі сұрақты шешкен жөн.
ГҚД емінің алғашқы сатысында тәуліктік калораж 25 кКал/кг дейін шектелген диетотерапия тағайындалады, яғни ең алдымен жеңіл сіңірілетін көмірсулар, жануар текті майлар шектеліп, физикалық жүктемені арттырады. Егер емдәм көрінісінде көзделген мақсаттарға қол жеткізе алмасақ, науқасқа қарқынды инсулинді терапия тағайындалады. Кез келген қандағы қант деңгейін төмендететін таблетка түріндегі дәрілік заттар жүктілік кезінде тағайындалмайды. Инсулинді терапияға жүкті әйелдердің шамамен 15%-ы көшіріледі.


Болжамы
ҚД оңтайлы емес компенсациясы нәтижесінде нәрестеде түрлі патологияның даму қаупі 30%, босанғаннан кейін алғашқы тәулікте дамитын гипогликемия — 45%. Әйелдердің 50%-да алдағы 15 жылда ҚД-2 манифестацияланады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   228   229   230   231   232   233   234   235   ...   285




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет