Ерте жас тобы (1 жастағы балалар)


Физикалық қасиеттерді дамыту. Күтілетін нәтижелері



бет3/3
Дата12.06.2023
өлшемі21,6 Kb.
#100718
1   2   3
Байланысты:
дене тәр. физ қасиет.кесте

Физикалық қасиеттерді дамыту. Күтілетін нәтижелері

Ерте жас тобы
(1 жастағы балалар)



Кіші топ
(2 жастағы балалар)



Ортаңғы топ
(3 жастағы балалар)

Ересек топ
(4 жастағы балалар)



Мектепалды топ,

Негізгі қимыл түрлерінің бастапқы дағдыларын, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген; дене жаттығуларын орындауға ықылас танытады, ересектердің көмегімен өзін ретке келтіреді; тазалық пен ұқыптылыққа қанағаттанған сезімін білдіреді; 6 тура жолдың бойымен жүреді; ересектің көмегімен гимнастикалық тақтай бойымен жүреді; негізгі қимыл түрлерін жетілдіруге арналған қимылды ойындарға қызығушылық танытады; заттардың арасымен жүреді; жұмсақ модульге немесе гимнастикалық скамейкаға көтеріледі және одан түседі; допты шағын төбешіктен домалатады; қимылды үйлестірудің бастапқы дағдыларына ие; ересектердің көрсетуімен жалпы дамытушы жаттығуларды орындайды; ересектердің көмегімен өзіне-өзі қызмет көрсетудің қарапайым дағдыларын сақтайды.



Әртүрлі бағытта және берілген бағытта шеңбер бойымен қолдарын әртүрлі қалыпта ұстап жүреді; шағын топпен және бүкіл топпен қарқынды өзгертіп жүреді; белгі бойынша тоқтап жүреді; жүруде тепе-теңдікті сақтайды; заттардың бойымен, астымен еңбектейді; ересектермен бірге дене жаттығуларын орындай алады; спорттық жаттығуларды орындау техникасын біледі; шананы жібінен сүйретеді, ойыншықтарды шанамен сырғанатады; допты нысанаға лақтырады; доптарды заттардың арасымен, бір-біріне домалатады; жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын меңгерген; шынықтыру шараларын өткізу кезінде жағымды көңіл-күй танытады; қимылды ойындарды қуана ойнайды; қимыл белсенділігіне жағымды эмоция білдіреді; бұрын меңгерген қимылдарды өз бетінше орындайды; бетін, қолдарын өз бетінше жуады; жеке заттарды қолданады; белгілі бір ретпен киінеді және шешінеді; үстел басындағы мәдениеттің қарапайым дағдыларын біледі.



Бірқалыпты, аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп жүреді; қол ұстасып, жартылай отырып, заттарды айналып жүреді; жүруде тепе-теңдікті сақтайды;
бірқалыпты, аяқтың ұшымен, әр түрлі бағытта жүгіреді; сапта бір-бірлеп, шеңбер бойымен, шашырап, заттарды айналып жүгіреді;
тұрған орнында қос аяқпен, алға қарай жылжып, биіктіктен және ұзындыққа секіреді;
30 оң және сол қолмен қашықтыққа, көлденең нысанаға, тік нысанаға заттарды лақтырады;
допты жоғары-төмен лақтырады, қағып алады;
заттардың арасымен еңбектейді, гимнастикалық қабырғаға өрмелейді және одан түседі;
бір-бірден сапқа, шеңберге тұрады, сапта өз орнын табады; жалпы дамытушы жаттығулардың орындалу ретін сақтайды; қимылды ойындарды қызығып ойнайды; күнделікті гигиеналық дағдыларды сақтау қажеттігін біледі; өзіне-өзі қызмет көрсетудің бастапқы дағдыларына ие;
салауатты өмір салты туралы түсініктерге ие; үстел басында мәдениетті тамақтану дағдыларын біледі;
бірлескен қимылды ойындарға қатысады; үш дөңгелекті велосипед тебу дағдыларын меңгерген; шанамен бір-бірін сүйреп ойнайды;
суға түседі, суда ойнайды.



Өкшемен, аяқтың сыртқы қырымен, адымдап жүреді; жүруді жүгірумен, секірумен алмастырып, бағытты және қарқынды өзгертіп жүреді; сызықтардың, арқанның, тақтайдың, гимнастикалық скамейканың, бөрененің бойымен тепе-теңдікті сақтап, жүреді; аяқтың ұшымен, тізені жоғары көтеріп, адымдап, сапта бір-бірінің артынан, әртүрлі бағытта жүгіреді; түрлі тапсырмаларды орындай отырып, шапшаң және баяу қарқынмен, жетекшіні ауыстырып жүгіреді; табан мен алақанға сүйеніп, төрттағандап еңбектейді; гимнастикалық скамейка бойымен қолдарымен тартылып, еңбектейді; гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен ауыспалы қадаммен өрмелейді; алға ұмтылып, ұзындыққа қос аяқпен секіреді; доптарды домалатады, заттарды қашықтыққа лақтырады, доптарды кедергілер арқылы лақтырады және қағып алады; екеуден, үшеуден қатарға қайта тұрады; шынықтыру түрлерін, өзіне-өзі қызмет көрсету дағдыларын меңгерген; шанамен сырғанайды және мұзды жолдармен өз бетінше сырғанайды; ересектердің көмегімен шаңғыны киеді және шешеді, шаңғымен бірінің артынан бірі жүреді; екі, үш дөңгелекті велосипед тебеді, оңға, солға бұрылады; таныс ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық, дербестік танытады; қимылды ойындарда физикалық қасиеттерді: жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік көрсетеді; доптармен, секіргіштермен, құрсаулармен қимылды ойындарды ойнайды; өз бетінше ойнайды және спорттық ойындардың ережелерін сақтайды; жеке гигиенаның бастапқы дағдыларын сақтайды; өзінің сыртқы келбетін өз бетінше реттейді; салауатты өмір салты туралы бастапқы түсініктерге ие; өзінің жасаған іс-әрекетінің ағзаға әсерін, тістерді тазалаудың пайдасын, суық тимеудің алдын-алуға болатынын түсінеді; дене белсенділігі мен ұйқының қанық болуының пайдасы туралы біледі; адамның өмірі мен денсаулығы үшін дене шынықтырудың маңыздылығын түсінеді.

Сапта бір-бірден, екеуден, үшеуден жүреді, белгі бойынша заттардан бір қырымен аттап жүреді;
ересектің белгісімен тоқтап, қозғалыс бағытын өзгертіп, заттардың арасымен, жіптерден аттап жүреді;
жүруде тепе-теңдікті сақтайды; әртүрлі жылдамдықпен – баяу, жылдам, орташа қарқынмен тоқтамай жүгіреді; белгіленген жерге дейін жылдамдыққа жүгіреді; заттардың арасымен төрттағандап еңбектейді;
әртүрлі тәсілдермен заттардан еңбектеп өтеді; бір гимнастикалық қабырғадан екіншісіне ауысып, өрмелейді; заттардың арасымен секіреді, оң және сол аяқты алмастыра отырып, арқаннан, сызықтан секіреді;
тұрған орнында айналып секіреді;
допты жоғары, жіптің үстінен лақтырып бір қолымен қағып алады;
допты еденге бір қолмен ұрып, екі қолмен қағып алады;
бір қатарға бір-бірден тұра алады, бір орында бұрылады;
үш қатарға сап түзеп қайта тұра алады;
музыкамен сүйемелденетін қимылды ойындарда музыкаға сәйкес әртүрлі қарқында қимылдар жасайды;
қимылды ойындарды ұйымдастыруда бастамашылдық танытады, ойын ережелерін сақтайды;
ұлттық қимылды ойындар, жарыс элементтері бар ойындар мен эстафеталық ойындарға белсенділікпен қатысады;
қимылды ойындарды өз бетінше ұйымдастыруда белсенділік танытады; ойындарда физикалық қасиеттерді: жылдамдық, күш, шыдамдылық, икемділік, ептілік көрсетеді;
төбешіктен бір-бірлеп және екі-екіден шанамен сырғанай алады; өз бетінше мұзды жолмен сырғанайды;
шаңғымен оңға және солға бұрылады, айналады;
екі дөңгелекті велосипед, самокат тебеді; суда жүзуге тырысады, әртүрлі ойындар ойнайды;
спорттық ойындар мен жаттығуларда белсенділік танытады;
гигиеналық шараларды өз бетінше орындайды; шынықтыру шараларының маңызы мен қажеттілігін түсінеді;
гигиеналық шараларды жүргізуде бір-біріне көмектеседі;
өзіне – өзі қызмет көрсету және киіміне күтім жасау дағдыларын біледі; салауатты өмір салтының құндылығын түсінеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет