«етіс» грамматикалық концепті: когнитивті аспект



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата21.11.2023
өлшемі0,86 Mb.
#125053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
1-кесте 
– Ұлттық тіл білімі қалыптасқан кезеңдегі 
ғалымдардың етісті жіктеуі 
А.Байтұр-
сынұлы
Қ.Кемеңгерұлы
Қ.Жұбанов
1. өздік: -н
2. ырықсыз: -л
3. ортақ: -с
4. салт
5. сабақты
6. беделді: -дыр
7. өзгелік: -ғыз
8. шығыс: -стыр
9. өсіңкі: -қыла
10. дүркінді: 
-ңқыра
1. өздік (воз
-
вратный): -н
2. ырықсыз: 
(страдатель
-
ный): -л
3. ортақ (взаим
-
ный): -с
4. салт (сред
-
ний)
5. сабақты етіс 
-т, -ыр/-ір/-р, 
-дыр/-дір, -қыз/-
кіз
6. беделді етіс: 
-т, -ыр/-ір/-р, 
-дыр/-дір, -қыз/-
кіз
1. өздік етіс
2. ырықсыз: -л
3. ортақ: -с
4. салт
5. сабақты
6. өзгелік етіс: 
-тыр/-тір, -қыз/-
кіз, -ыт/-іт, 
-ыр/-ір
прогрессивный 
вид: -қыла/-кіле
многократный 
вид: -ңқыра/-
ңкіре
7. өсіңкі етіс: 
-ңқыра/-ңкіре
Ғалымдар салт, сабақты, өздік, ырықсыз, 
ортақ етістерді бірдей таныған. А. Байтұрсынұлы 
әр етіс түрін даралап, әрқайсысының көрсет-
кіштерін көрсетіп, оған өзінше ат беруге тырысса, 
Қ. Кемеңгерұлы мен Қ. Жұбанов мағыналық, 
тұл ғалық ұқсастықтарына байланысты ба сын 
біріктіріп, жинақтауға ұмтылған. А. Байтұр-
сынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, өзгелік 
етіс, шағыс етістерді топтастырып, бір етіс 
түрінде беру, дүркінді етісті (многократный 
вид) етіс қатарына қоспау жағынан келгенде, 
Қ. Кемеңгерұлы мен Қ. Жұбанов еңбектері өзара 
ұқсас. Қ. Жұбанов өсіңкі етісті етіс қатарына 
шартты түрде қосып отырғанын айта келіп


ISSN 1563-0223
Eurasian Journal of Philology: Science and Education. №3 (167). 2017
107
Жұбаева О.С.
былай дейді: «Өсіңкі етіс мағынасы жағынан 
етіс емес, сонда да құрылысы жағынан (етіс 
үстеулері сияқты мұның үстеуі түбір мен 
-ма
-
ның аралығына тығылатын болғандықтан) 
етіске ұқсас болғандықтан, жетінші етіске мұны 
да санадық» [3, 380]. 
А. Байтұрсынұлы жіктеуіндегі беделді етіс, 
өзгелік етіс, шағыс етістерді Қ. Кемеңгерұлы мен 
Қ. Жұбанов жинақтап, өзгелік етіс (
беделді етіс 
– 
Қ. Жұбанов) түрінде берген. Қ. Кемеңгерұлы 
-
т‚ 
-р‚ -қыз‚ -тыр
т.с.с. жұрнақтардың сөздің соңғы 
дыбысына қарай ауысып отыратынын, алайда 
олар сөзге бірдей мағына үстейтінін көрсетеді. 
Қ. Жұбанов беделді, өзгелік етістерді топтасты
-
рып беру себебін былайша түсіндіреді: «Бұрынғы 
өзгелік етіс пен беделді етісті екеуін бір қостық. 
Үйткені екеуі де – өзге біреу арқылы істелетін іс. 
Өзге біреуге беделіңді саласың ба, қорқытасың 
ба – бәрібір. Тіл мұнысын айырмайды» [3, 381]. 
Сол сияқты өсіңкі, дүркінді етістерді етіс катего
-
риясына қоспаған. Сондықтан А.Байтұрсынұлы 
етістің 10 түрін көрсетсе, Қ.Кемеңгерұлы 6 
түрін, Қ. Жұбанов 7 түрін көрсетеді. 
Жоғарыда аталған етіске қойылатын та
-
лаптар үдесінен тексеретін болсақ, сабақты 
етіс етіске қойылатын талаптарға толық жауап 
береді. Сабақты етіс те, басқа етістер сияқты
қатынас идеясын репрезентациялап, субъектілі-
объектілі қатынасты білдіреді. Қазіргі ғылыми 
парадигмаларда таным процесіндегі субъектінің 
белсенділігіне ерекше назар аударылады [4]. 
Сабақты етіс тұлғалары морфологиялық жолмен 
берілетін етіс концептінің мазмұнында «бел-
сенділік» сипатын активтендіреді. Сол арқылы 
«белсенділік» морфологиялық мәні түзіліп, ба
-
стауыш қызметіндегі субъект қимылдың иесі 
екенін білдіреді. Мысалы: Шілденің шеке қызар, 
ми қайнар күні. Ділграмның тақтайдай қара жол
-
мен қос ат жеңіл тырашбеңкені


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет