Этнопедагогикалық ойлардың тарихын жіктеңіз



бет33/34
Дата03.05.2023
өлшемі222,82 Kb.
#89559
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34
46. Бақылау әдісі
Тәрбие жумысынын нәтижелерін окушылардын мінез-құлқы мен іс-әрекетін, өзін-өзі тәрбиелеуін педагогикалык бакылау жургізу аркылы білуге болады. Педагогикалык бақылау әдісі тәрбиелілікті аныктауга арналган. Ауызша және жазбаша сауалнама, тесттер, тәрбиелік максат көзделген шыгармалар, окушыларды өзін-өзі сендіруге уйрету, окушылардын, барлык іс-әрекетіне талдау жасау корытынды шыгару әдістері - баланын өзіндік педагогикалык психологиялык ерекшеліктерін тану, дамыту максатында кенінен колданылуда.
Бақылау әдісі — ұзақ мақсатқа бағытталған және жоспарды қабылдауға негізделген педагогикалық үрдіс танымының әдісі.
Бақылаудың негізгі міндеті — тәжірибе мәселесіне жауап беретін ғылыми-зерттеу мәселелерін дұрыс анықтап алу. Бақылау әдеттегідей алдын-ала белгіленген жоспар бойынша нақты бақылау нысандарын анықтау арқылы жүзеге асырылады. Мақсатты түрде бағытталған бақылау ғылыми қызметкерге қызығушылық тудырған құбылыстарды айқындайтын жағымды және жағымсыз факторларды жинастыруға мүмкіндік береді.
Алайда, бақылау алға қойылған сұраққа анық жауап бере алмайды, олар тек эмпириялық таным тудырады. Эмпириялық білім толық түрде анық емес, дәлелсізі көбінесе қате болады. Педагогикалық ғылымнын міндеттері осы кемшіліктерді жеңу, педагогикалық білімді тереңдету, нақтылау, дәлелдемелі қылу, себебі осыларға сүйене отырып педагогикалық үрдіске одан да тиімді түрде басқару жүргізу.
Бақылауды жіктеудің түрлі жолдары бар. Бақылау жиілігіне қарай тұрақты, қайталанбалы, біржолғы болып бөлінеді.

47. Қашықтықтан оқытудың мазмұнымен мақсаты
Қашықтықтан оқыту (дистанциялық оқыту, алыстан білім беру) электрондық және телекоммуникациялық құралдар арқылы алыста орналасқан адамдардың оқу - танымдық қызметі мен дамуын ұйымдастыру.
Оған әр түрлі субъектілер қатысады: дистанциялық мұғалім, тікелей білім беретін мұғалім, техникалық жобалаушы, үйлестіруші немесе дистанциялық оқытудың әкімшілігі, оқу материалының авторлары, т.б
Дистанциялық сабақ элементтері
Оқу материалы. Мұғалім оқытудың диалогтік түрі басталғанға дейін оқушылардың барлығын олар сабаққа әзірлену үшін оқу материалымен қамтамасыз етеді.
Диагностикалық материал. Дистанциялық оқытушы мен оқушы электрондық пошта арқылы тест, бақылау тапсырмалары есептеу табельдерімен бағалардың парақтарымен алмасады.
Көрнекілік. Телекоммуникация арқылы оқытушы оқушыларға слайдтарды, суреттерді, сызбаларды, т.б көрсетеді.
Мұғалім оқушыларға сұрақ береді. Оқытушы электрондық конференция бейнеконференция кезінде оқушыларға сұрақтар береді.
Материалды түсіндіру. Мұғалім оқушыларға өзінің бейне дәрістерінің жазбаларын жібереді.
Мұғалім пікірталастарды басқарады. Пікірталас, веб - форум, e-mail конференция чат пікірталас тәртіптеріне өте алады.
Оқушылар мұғалімге сұрақ бере алады. Сұрақтар электрондық хат арқылы, ұжымдық ram - сабақ кезінде жеке “терезе” арқылы т.б беріледі
Оқушы оқушыға сұрақ береді. Мұғалім оқушылардың реакциясын көреді өзінікін білдіреді. Бейнеконференция режимінде мұғалім оқушының талқыланып отырған мәселеге қатынасын көреді.
Мұғалім оқушыларды бағалайды дистанциялық оқытуда мұғалім оқушының жұмысын сабақ өткізгенде ал үй тапсырсаларын тесттерді шығармашылық тапсырмаларды зерттеулерді кез келген дистанциялық және телеқатынас құралдары көмегімен тексереді



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   34




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет