Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет115/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143
Сүт қышқылы (кислота молочная) – Acidum Lacticum, CH 3 CHА (OH) COOH.Шырындар тәрізді түссіз немесе аздап сарғыштау келген қышқыл дәмді, иіссіз сұйық зат. Тығыздығы 1,21-1,22. Препараттың құрамында 75 % сүт қышқылы және 15 % осы қышқылдың ангидриді бар. Су, спирт және эфирмен кез келген арақатынаста араласа алады. Сүт қышқылы жануарлар ұлпаларының барлығында қанда және несептің құрамында кездеседі. Дәм түзгіш зат ретінде алкоголсіз сусындар дайындағанда қолданады.
Ішке қабылдаған қышқылда ашуға қарсы антисептикалық және тітіркендіргіштік әсер болады. Сонымен бірге ол ас қорыту жүйесіндегі қысқыш еттерді (сфинктрлерді) босаңсытып қоректік заттардың козғалысын жеңілдетеді.


Бақылау сұрақтары:

1Қышқылдар тобы.


2Фенолдар, крезолдар және олардың туындылары.
3 Сілтілер тобы


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.


Дәріс №25 Дәрілік бояулар тобы.
1 Дәрілік бояулар тобы

Органикалық бояулардың микробтарға қарсы әсері фармакологиялық тұрғыдан өте маңызды заттар екендігі бұрыннан – ақ белгілі болған. Бірақ, Д.Л.Романовскийдің (1891) еңбектерінен кейін бояуларға ерекше көңіл бөліне бастады. Ол хининнің безгек ауруына қарсы әсерін зерттеп, қарапайымдылар тудыратын ауруды емдеудің медициналық қағидаларын ұсынды. Жаңа бояулардың синтезделіп және зерттелуіне анилинді алуы, сонымен бірге А.М. Бутлеровтың (1828-1886) көмірсутек атомдары арқылы тізбегі қосылыстар алуға болатынын дәлелдеуі септігін тигізді.


Органикалық қосылыстарды синтездеудің дамуына байланысты, бояйтын қосылыстармен қатар боялмайтын, бірақ фармакологиялық белсенді заттар алынды. Сондықтан да “бояулар тобы” деген атты шартты түрде ғана қарау керек. Бояуларды қарапайымдыларға, микробтарға және қабынуға қарсы қолданылады.
Бояулардың химиотерапевтік және химиопрофилактикалық әсерінің негізінде олардың қоздырғыштардың тікелей өзіне немесе жануарлар организмі арқылы әсер етуі жатыр.
Препаратты аурудың бастапқы кезінде қолданғанда ғана олардың қоздырғыштарға әсері нәтижелірек болады, сонымен қатар олардың емдік нәтижесін арттыратын барлық шарттар сақталатын жағдайлар жасалуы керек (препараттың мөлшері, қолдану жиілігі және т.б.) барлық химиотерапевтік бояуларды олардың уытты мөлшеріне жақындатып қолданады, сол себепті олармен бірге орталық жүйке жүйесіне, жүрек қан тамыры және зат алмасу жүйесіне әсер ететін заттарды бірге қосып береді.
Дәрілік бояулар қоздырғыштардың дамуын әлсіретеді, ондағы витаминдердің, ДНК, РНК және белок синтезін бұзады, сонымен бірге энзимдердің сульфагидрильді
Тобының реакциясын төмендетіп, торша мембранасының қызметін бұзады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   111   112   113   114   115   116   117   118   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет