Ф 03-12 тулеметова с. Е. «Ветеринариялық фармакология және токсикология І» пәнінен дәріс жинағы Шымкент,2022



бет123/143
Дата21.10.2023
өлшемі1,44 Mb.
#120028
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   143
Бақылау сұрақтары:

1 Сульфаниламидтік препараттар




Пайдаланған әдебиеттер тізімі

1. Тулеметова С.Е. Фармакология: оқу құралы / С.Е. Тулеметова.- Алматы: Эверо, 2015. - 332 бет.


2.Тулеметова С.Е. "Ветеринарлық фармакологиялық және токсикология" пәніне 5В12100 - "Ветеринарлық медицина" мамандығы студенттеріне арналған дәріс жинағы I-бөлім Шымкент : ОҚМУ, 2016
3.Кухар Е.В., Есжанова Г.Т. Основы фармакогнозии. – Алматы: Эверо, 2018. – 284 с.
4. Тулеметова С.Е. «Ветеринариялық фармакология» пәнінен 6В09111-«Ветеринарлық медицина» білім беру бағдарламалары бойынша білім алушыларына арналған зертханалық жұмыстарға арналған әдістемелік нұсқау/ Шымкент : ОҚУ, 2021.
5.Тулеметова С.Е. Ветеринариялық фармакология пәнінен Видеолекция 2020ж.
Дәріс №27 Антибиотиктер
1 Антибиотиктер
Антибиотиктер (аnti-қарсы, bios-өмір) - дегеніміз микробтарға қарсы әсері бар микроорганизмдердің, жануарлар мен өсімдіктердің өсіп-өнуі кезінде бөлінетін заттар. Сонымен бірге олар гельмингтерге, қарапайымдыларға және басқа да адамдар мен жануарлардың ауру қоздырғыштарына қарсы өлтіре әсер етеді.
Көптеген антибиотиктердің жануарлар организміндегі кейбір биохимиялық құбылыстарды қуаттандыратыны, сол арқылы оның жалпы жағдайын жақсартып, өсуін күшейтіп, өнімділігін арттыратыны және жануарлардың ауруларға қарсы қорғаныс реакциясын күшейтетіндігі анықталды. Сол себепті қазіргі кезде антибиотиктер жануарлардың әртүрлі ауруларын емдеуге, аурудың алдын алуға, малдың өсімталдығы мен өнімділігін және қондылығын арттыру мақсатында кеңінен қолданылады. Антибиотиктер қолдану ережелерін толық сақтағанда ғана нәтижелі әсер етеі, ал мұндай ережелер сақталмаса олардың нәтижелігі төмендеп кетеді, кейде тіпті зиян келтіруі де мүмкін.
Антибиотиктер деген термин 1942 жылы өте көлемді де, күрделі зерттеулердің арқасында қабылданды.
Антибиотиктердің әсер ету нәтижелілігі дәрілік заттың физико-химиялық касиетіне, мөлшеріне, дпішініне, егу жолдарына және басқа да жағдайларға байланысты екендігін анықтап берді. Әртүрлі антибиотиктер әртүрлі микроорганизмдер мен макроорганизмдерге әртурлі әсер етеді.
Антибиотиктерді, алу үшін оларды өндірілетін микроорганизмдердің
сұйық көректі ортада өсіру әдісі кеңінен қолданылады. Сонан соң, оларды әртүрлі балласты заттардан тазартады. Тазартылу дәрежесіне байланысты антибиотиктер мынадай түрлерге бөлінеді.

  1. тазартылған антибиотиктер;

  2. жартылай тазартылған антибиртиктер;

  3. нативті немесе тазартылмаған антибиотиктер.

Кей жағдайларда антибиотикдердің молекуласына өзгерістер енгізіп, оларды күрделендіруге немесе қарапайымдандыруға болады. Мұның өзі антибиотиктердің кейбір әсерлерін күшейтуге немесе әлсіретуге мүмкіндіктер туғызады. Осынай алынған препараттарды жартылай синтетикалық препараттар деп атайды.
Әртүрлі топтағы антибиотиктердің өз ерекшеліктері болады. Ең бағалы антибиотиктер тазаланған антибиотиктер болып табылады. Олардың құрамы бір қалыпты келеді. Оларды ішке беруге және парәнтералды жолдар арқылы қолдануға да болады.
Тазартылмаған антибиотиктер тазартылғанына қарағанда біршама арзан келеді. Олардың құрамында антибиотиктерден басқа ұлпалық қуаттандырғыштар, витаминдер және асқа да заттар болады. Бұлардың микробтарға қарсы әсері тазартылған антибиотиктермен бердей келеді, ал өсуді қуаттандыратын әсері жоғары болуы да мүмкін. Бұл препараттардың бірден бір кемшілігі - құрамында антибиотиктердің мөлшерінің аздығы, ұзақ уақыт сақталмайтындығы және оралады жолмен ғана қолданылатындығы. Тазартылмаған антибиотиктерді көбінесе профилактикалық және жануарлардың өсуы жылдамдату мақсатымен ғана қолданады.
Жартылай тазартылған антибиотиктер құрамы, қасиеті жөнінен тазартылмаған антибиотиктерге жақын келеді, бірақ олардың құрамындағы антибиотиктің мөлшері жоғары болады. Одардың кейбіреулері тек профилактикалық мақсаттармен ғана қолданылатын болса, ал енді біреулері азартылған антибиотиктер тәрізді қолданылады.
Малдәрігерлігі тәжірибесіндеантибиотиктерхимиотерапевтік,химиопрофилактикалық, антисептикалық заттар ретінде, сонымен бірге жануарлардың өсіп-өнуін қуаттандырып, қоңдылығын арттыратын зат ретінде кеңінен қолданылады.
Антибиотиктердің өте кең түрде қолданылатындығы мынадай жағдайларға байланысты:
1)өздеріне ғана тән әсер ету механизмі болатындығы:
2)микробтарға қарсы әсер ететін ауқымының кеңдігі:
3)өте төменгі мөлшерінің өзінде нәтиже көрсететіндігі;

  1. жануарлар организміне еккенен кейін де активтілігін жоймайтындығы;

  1. емдік және профилактикалық әсері айқьтн әрі жылдам білінетіндігі; 6)жануарлар үшін уыттылығының өте төмендігі.

Микробтарға қарсы әсер ету механизмі. Антибйотиктердің әсер ету механизмінің жалпы теориясын ұсынуға арналған зерттеулер нәтижесіз аяқталды. Себебі: біріншіден, антибиотиктердің құрылысы әртүрлі, екіншіден, әртүрлі антибиотиктер әртүрлі бағытта әсер етеді: бактериостатикалық, бактериолитикалық, гельминтоцидтік, антитоксикалық және тағы басқа. Мұндай әсерлср кезінде жануарлар организміндегі кейбір биохимиялық құбылыстар жақсарады да, ал енді біреулері нашарлайды.
Көп жағдайларда антибиотиктер микроб торшаларының құрылымын өзгертеді (әсіресе олардың мембраналары мен органеллалары өзгереді). Мысалы, пеницпллин микроб қабықшаларының дамуына кедергі жасайды да, торшадағы ең маңызды құбылыстардың жүруін тежейді.
Ал, көптеген антибиотиктер микроб торшаларының құрылымын өзгертпей-ақ, оның кейбір маңызды қызметтерін бүлдіріп өтырады. Мысалы, ондағы бөліну, сіңірілу құбылыстарын әлсіретіп, зат алмасу құбылыстарын нашарлатады. Осы тәрізді және басқа да физиологиялық, өзгерістер кезінде, жай ғана метаболиттердің өзі микроб торшалары үшін өте уытты әсер етеді.
Кейбір антибиотиктердің микробтарға қарсы әсері, олардың генетикалық аппаратына әсер етуіне негізделіен. Мұндай жағдайларда микроорганизмдердің, белгілі бір мөлшері өлмей қалады да, кейбір микробқа қарсы фактордардың әсерін күшейтеді. Осы жағдайды ескере отырып, антибиотиктерді басқада микробтарға қарсы әсер ететін заттармен және организмнің қорғаныс қызметін күшейтетін заттармен бірге қолданады.
Антибиотиктердің микробтарға қарсы әсерінің тағы бір түрі олардың ферменттер жүйесін бүлдіруге незізделген. Кейбір зерттеулерге қарағанда антибиотиктер, көп жағдайларда ферменттік реакциялардың жүруін тежегенімен, ферменттердің тікелей дамуына сирек әсер етеді, сонымен бірге бұл әсердің екі түрінің де кездесе беретін кездері көп болады.
Антибиотиктердің әсерінен көп жағдайларда микроорганизмдердің, әсіресе патогенді микроорганизмдердің зат алмасуына өте қажетті оксидаза, фосфоролидаза, редуктаза және басқа да ферменттердің белсенділігін әлсірейді.
Антибиотиктердің химиотерапевтік әсері макроорганизм арқылы жүреді. Өкінішке орай, олардың мұндай әсер ету механизмі әлі толық зерттелген жоқ.
Әсер ету қасиетіне байланысты барлық антибиотнктерді 3 топқа бөлуге болады. Олардың кейбіреулері жануарлар организміне қолайсыз әсер ететін болғандықтан оларды сирек қолданады, немесе тіптен қолданбайды. Көптеген антибиотиктер зат алмасудың кейбір бөліктерін күшейте немесе әлсірете отырып, едәуір ғана өзгертеді. Олардың мұндай әсері антибиотиктердің химиотерапевтік нәтижелігіне онша әсер етпейді және қолдануға шек келтірмейді. Антибиотиктердің енді бір тобы жануарлар организміне қолайлы әсер етеді, организмнің корғаныс механизмін реттеп, өсуді жылдамдатады және физиологиялық жүйедегі көптеген қызметтерді жақсартады.
Әртүрлі фармакологиялық заттардың химиотерапевтік әсерін зерттей отырып, кейбір ғалымдар антибиотиктердің нәтижелі емдік әсеріндегі жаңа тұжырымдамасын ұсынды.
Олардың тұжырымдамасы ойынша, антибиотиктер негізінен
бактериостатикалық әсер етіп, микробтардың вируленттілігін күрт төмендетеді. Бірақ олардың антигендік қасиеті сақталып қалады. Мұндай жағдайда патогенді микроорганизмдер организмге "тірі вакцина" тәрізді әсер етіп, жануарлар организміндегі қорғаныс реакциясының барлық факторларын күшейтеді.
Антибиотиктердің фармакодинамикасын зерттеу, олардың көптеген биохимиялық реакцияларды бүлдіретіндігін көрсетеді. Мысалы, тетрациклиндер глюкозаның, фруктозаның, ксилозаның және басқа да ферментгердің, Кребе циклындағы аралық заттардың тотығуын әлсіретеді. Пенициллиндердің әсерінен пептидтердің, нуклеин қышқылдарының және көптеген органикалық, қосылыстардың алмасуы нашарлайды және амин қышқылдарының тотығуы бүлінеді.
Кейбір антибиотиктер жануарларға өздері тікелей әсер етпейді, ал тек әркеттесу немесе ыдырау өнімдері арқылы әсср етеді. Мұндай өнімдердің кейбіреулері ұзақ, әрі баяу әсер ететіндіктен жануардың өсім талдығын қуаттандырып, арттырады.
Антибиотиктердің микробтарға қарсы әсер ету механизмін қорытындылай отырып, бұлардың микроб және мал организмінің клеткаларында жалпы молекулярлық өзгерістер туғызатынын аңғаруға болады. Олардың әсер етуіндегі айырмашылығы сол, микроб клеткаларына айқын, әрі ұзақ әсер етеді және қалпына келу құбылысы қиынға соғады. Жануарлар организмінде олардың әсерінен болған өзгерістер жолы осылай өтеді, бірақ ол өзгерістер әлсіз және қысқа мерзімде өтеді де, сол себепті олар көбінесе организмдегі маңызды қызметтерді әлсіретпейді, қайта жандандыра түседі.
Антибиотиктердің микро – және макроорганизмдерге әсеріндегі айырмашылығы сол, олар зат алмасу құбылысының көптеген құбылыстарын тек микрорганизмдерде ғана өзгертеді. Мысалы, стрептомицин Кребе циклындағы пирожүзім және қымыздық сірке қышқылының реакциясын бүлдіреді, ал бұл құбылыс жануарлар клеткасының митохондриясында өтетіндіктен өған стрептомицин әсері дарымайды. Бактериалық торшаларда мұндай реакциялардың қорғаныс қабілеті нашар болатындықтаы антибиотиктердің әсерінен бүлінеді.
Антибиотиктердің микробтарға қарсы әсер ету ауқымы. Әр түрге жататын микроорганизмдердің зат алмасуында өздеріне тән ерекшеліктері бар. Сол себепті, негізінен антибиотиктер олардың зат алмасуын бүлдіретіндіктен, әртүрлі әсер етеді. Антибиотиктердің кейбіреулері микроорганизмдегі маңызды құбылыстарды істен шығарып, олардың зат алмасу құбылысын бүлдіріп, микробтарды өлтіретін болса (бактериолитикалық немесе бактерицидтік әсер), ал енді біреулері микроорганизмдердің зат алмасуын нашарлатқанымен, оларды өлтірмейді. тек қана анабиотикалық күйге түсіреді (бактериостатикалық әсер); ал үшінші бір антибиотиктер микроорганизмдердің зат алмасуын өзгертпейді, немесе аздап қана өзгертетіндіктен микробтардың өміріне каатерлі әсер етпейді.
Табиғатта микрорганизмдердің барлық түрін жоятын антибиотик жоқ. Әрбір аитибиотик микроорганизмдердің кейбір түріне бактерицидтік қана әсер ететін болса, енді біреулеріне бактриостатикалық әсер етеді, ал үшінші біреулеріне тіптен әсер етпейді. Сол себепті антибиотиктердің қандай микроорганизмге нәтижелі әсер ететіндігін біліп қолданудың маңызы өте зор.
Антибиотиктердіц көпшілігі оң және сол грамды бактериялардың үлкен тобына әсер етеді. Мұндайда микробтарға қарсы әсер ету ауқымы кең антибиотиктерді ас қорыту, тыныс алу жүйесінің, жатырдың, желіннің ауруларында және әртүрлі травматикалық зақымдануларда қолдану жақсы нәтиже береді. Мұндай ауруларда аурудың қоздыргышын жылдам әрі дүрыс анықтау мүмкін бола бермейді. Сол себепті, мұндай жағдайларда әсер ету ауқымы өте кең антибиотиктерді қолдану өте жақсы нәтиже береді.
Антибиотиктердің химиотерапевтік белсенділігі көптеген жағдайларға байланысты келеді.
Сол себепті оларды қолданбас бұрын, ауру қоздырғыштарының антибиотиктерге сезімталдығын анықтап алу керек. Бұл антибиотиктермен емдеу мен алдын алудың нәтижелігін едауір арттырады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   119   120   121   122   123   124   125   126   ...   143




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет