Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Тамыржемістердің аурулары мен зақымдануы



бет55/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Тамыржемістердің аурулары мен зақымдануы. Тамыржемістер көбінесе ақ, сұр, қара, бактериалды және өзекшелі шірікпен бактериозбен зақымданады.

Ақ шірік саңырауқұлақ текті ауруға жатады. Ол сәбізді, ақжелкенді, шалқанды, ботташық пен балдыркөкті зақымдайды. Бұл кезде тамыржемістертерді ақ мамық басады да, онда майда қара склероцийлар дамиды және жұмсағы шырышты массаға айналады. Сақтау кезінде сау көкөністерге беріледі.

Сұр шірік сәбізді, қызылшаны, балдыркөкті, ақжелкенді сақтау кезінде пайда болады. Алдымен тамыржеміс бетінде күл түсті дақтар пайда болады, содан соң зақымданған жерлер шырыштанады.

Қара шірік сәбізді зақымдайды. Сәбіз бетінде қара дақтар пайда болады, содан кейін ол тамыржемістің бүкіл бетін жабады.

Бактериалды шірік сәбіз бен қызылшаны зақымдайды. Тамыржеміс бетінде сары- қоңыр түсті жұмсақ бөліктер пайда болады да, ұлпа жағымсыз иісті шырышты массаға айналады.

Өзекшелі шірік (фомоз) сәбіз бен қызылшаның ауруы. Тамыржемістердің өзекшелері қарайып, шіри бастайды. Ауру сау тамыржемістерге беріледі.

Бактериозбен шалғам, тұрып, шалқан, тарна зақымданады. Тамыржемістердің тамырлы жүйесі қараяды, ал айналасындағы жұмсағы жағымсыз иісті массаға айналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет