Ф. Диханбаева, Г. Кузембаева, К. Кузембаев, А. Матибаева азық-ТҮлік тауарларын тану және сараптау


Тамыржемістер сапасына қойылатын талаптар



бет56/379
Дата08.03.2022
өлшемі2,68 Mb.
#27258
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   379
Байланысты:
Азық түлік тауарларын тану және сараптау

Тамыржемістер сапасына қойылатын талаптар. Тамыржемістер үшін стандарттармен бір типті талаптар қойылады. Сәбіз бен қызылшаны сапасына қарай екі тауарлық сұрыпқа бөлінеді: жай және іріктелген. Қай сұрыпқа жататынына қарамастан тамыржемістер таза, құрғақ, балғын, аурулармен зақымданбаған, бүтін, дұрыс пішінді, ауыл шаруашылық зиянкестермен зақымданбаған және бір шаруашылық-ботаникалық сұрыпқа жататын болу керек. Тамыржемістердің жапырақтары басының деңгейіне дейін кесілу керек, балдыркөк үшін 1,5 см биіктікке дейін, тарна үшін – 1 см дейін, жас тарна, тұрып, жас шалқан үшін – 3 см дейін, сәбіз бен қызылша үшін – 2 см дейін кесіледі.

Жапырақты ботташық, сонымен қатар ерте пісетін ботташық пен балдыркөк балғын, таза және дөрекі емес болу керек. Жапырақтардың сәл солуы рұқсат етіледі. Тамыржемістің өлшемі ең үлкен көлденең диаметірімен анықталады, ол іріктелген сәбіз үшін – 3–5 см; жай сәбіз үшін – 3–7 см; іріктелген қызылша үшін – 5–10 см; жай қызылша үшін – 5–14 см болу керек. Тамыржеміс партиясында өлшемі бойынша ауытқулары бар, 3 мм артық тереңдікте механикалық зақымданған, сәл солған көкөністердің болуы рұқсат етіледі. Жарылған, шіріген, үсіп қалған, бөтен иісі бар көкөністерді қабылдау рұқсат етіледі.

Тамыржемістерді 50 кг дейін сыйымдылықты ыдыстарға немесе кониейнерлерге салып тасымалдайды. Дүкенге түскен көкөністерді қосалқы бөлмелерде 0–4С температурада 85–90% салыстырмалы ауа ылғалдылығында сақтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   379




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет