БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
36
Бірсарындылықтан аулақ болуға көмектеседі.
Егер бір нәрсені баса айту қажет болса, дауыс қаттылығын өзгертуге болады (дауыс күшін
арттырып, не күрт төмендету қажет).
Дауыс пен дауыс ырғағын жақсарту үшін тілді жаттықтыру
Аз қимылдайтын және бос тіл көбінесе сөздер анықтығының жоғалуына әкеп соғады, сөздер
анық емес және түсініксіз болады. Тілді түтік тәрізді ораңдар. Тілді ауыздан мүмкіндікше
қатты шығарып, оны солға, оңға, төменге және жоғарыға қарай қозғалтыңдар. Ауыздың ішін
тілмен жанап, ең алыс бұрыштарға дейін жетуге тырысыңдар. Тілді таңдайға мықтап басып,
содан кейін күрт төмендету арқылы таңдайларыңды тартыңдар.
Жаңылтпаштар
Жаңылтпаштар дыбыстар мен сөздерді нақты айтып үйренуге, дұрыс дикцияға қол жеткізуге
және сөйлеу ақауларынан арылуға көмектеседі.
Жаңылтпаштарды айту ережелері:
Алдымен сөздерді баяу,
буынға бөліп нақты айту керек, айтылу ырғағын қадағалап,
содан
кейін жақсарған сайын қарқынын тездету қажет. Жаңылтпаштарды біртіндеп,
бір деммен
айтуға тырысу қажет. Оларды айна алдында үнсіз, содан кейін сыбырлап айтуға болады, бірақ
дыбыстар түсінікті болып, жақсы естілуі керек. Таныс мәтінді әртүрлі дауыспен: балалар,
әйелдер, ерлер дауысымен айтып, сөздерді ән қылып айтып көру қажет.
Дауыс – ол
тұлғаның бейнесі, адамның ішкі күйінің көрінісі ғана емес, ол –
адамның
капиталы, кәсіби құралы.
Дауысымыздың қаттылығы неге байланысты?
Ең алдымен тыныс алуға байланысты. Біріншіден, сөйлеу ағынына ештеңе кедергі келтірмесе,
тыныс алу еркін болса;
екіншіден, дыбыс диафрагмаға «сүйенсе», қатты сөйлей аласыңдар.
Мұнда дыбыстың бағыты да маңызды. Дыбыс доп тәрізді, біз оны тура бағыттасақ, ол төмен
қарай ұшады, егер оны нысанаға қарағанда сәл жоғары бағыттасақ,
доғамен ұшып, «дөп
түседі».
Достарыңызбен бөлісу: