Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет34/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Интернетте немесе теледидарда сөз сөйлеп жатқан адамды бақылаңдар. Сөзінде кідірістерді, 
интонацияны, сөйлеу қарқынын, дауыс тембрін байқай аласыңдар ма? 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
38 
14-сабақ
Тақырыбы: Көпшілік алдында сөйлеу дағдылары. 
Ұғымдар: сөз сөйлеу, паразит сөздер, көпшілік алдында айтатын сөздің мазмұны. 
Сабақтың мақсаты: сөйлеген кезде паразит сөздердің қаншалықты кедергі келтіретінін 
анықтау; аудитория алдында сөйлеп дағдылану; кері байланыс беру және қабылдау. 
Әдістері: ой-талқы, сөз сөйлеу, кері байланыс, шағын дәріс. 
Ресурстар: жұмыс дәптерлері, плакаттар, маркерлер. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
«Біз қандай паразит сөздер білеміз?» ой-талқысы 
Уақыт: 5 минут 
Материалдары: плакаттар, маркерлер 
Процесі: 
Паразит сөздер 
Паразит сөздер – бұл лингвистикалық құбылыс, негізінен ол қажет емес және артық сөздерді 
қолдануда көрінеді. Осылайша, синтаксистік тұрғыдан паразит сөздер кіріспе сөздер болып 
табылады және шын мәнінде мағыналары болмайды.
Қандай паразит сөздер білесіңдер? Оларды плакатқа жазып қояйық.
 
Теориялық блок. Дауыс туралы қызықты деректер 
Уақыт: 5 минут 
 
Ежелгі Италияда төлқұжатта адам дауысының тембрі де (адамның басқа белгілерімен бірге) 
көрсетілген. Дауыс тембрі адамның табиғи қасиеті және оны өзгерту мүмкін емес деп 
есептелді. 
Дауыс – бұл адамның өзіндік ерекшелігі, сондықтан әлемдегі ең ірі банктерде көптеген 
сейфтер иесінің дауысына бағдарламаланған. Дауыс сәл де болса басқа жаққа ауытқып кетсе, 
есік ешқашан ашылмайды. 
АҚШ, Англия және Италияда дауысты жазу заңды құжат болып саналады, оны қолдан жазу 
мүмкін емес (әділет солай санайды). 
Ән айту дауысты жақсартады. Үйде жалғыз қалғанда әлдебір өлеңді қатты дауыспен айтып 
көруге болады. Шарларды үрлеу тыныс алу жүйесін күшейтеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет