БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
39
- үлестірме материалдар;
- сұрақтар
мен жауаптарға уақыт бөлу;
-
әзіл.
Көпшілік алдында айтылатын сөзді қызықты ету және одан ләззат алу құпиялары.
Сөйлеудің 95%-дық сәттілігі дайындыққа байланысты.
Өздеріңе сұрақ қойыңдар:
- Мен қандай әсер қалдырғым келеді?
- Сөзімнің мақсаты не? (бір нәрсені көрсету, бір нәрсені дәлелдеу…)
- Менің аудиториям қандай болады?
- Мен қай жерде тұрып сөйлеймін? (сахна, трибуна, үлкен зал, камералық аудиторияда,
микрофон ұстап…)
- Менде қанша уақыт болады?
Сөз сөйлеу мәтіні:
Жатталған мәтін – бірсарынды, жалықтырғыш, аудиториямен байланысы жоқ (сұрақ қоюға
мүмкіндік жоқ).
Толық импровизация – кідірістер, бір тақырыптан
екінші тақырыпқа секіру, сәтсіз әзілдер
болуы мүмкін.
Дұрыс нұсқа – тезистерді дайындау.
Тезис – бұл қысқаша тұжырымдалған ой. Бір сөйлем немесе тіпті сөз. Анық және логикалық
сөз.
Алдын ала ойластырылған қызықты сәттер (сұрақтар, фактілер, дәйексөздер, әзілдер).
Егер
бір нәрсені ұмытып кетсеңдер, көмекшінің бар екенін іштей сезуге көмектеседі.
Есте сақтаймыз: Сиқырлы үштік
Естеріңде болсын: айтқан сөздің тек 3 идеясы/ойы аудиторияның жадында қалады.
Сөз сөйлеу тәжірибесі
Уақыт: 20 минут
Материалдары: жұмыс дәптері
Процесі:
Оқушылар сынып алдында қысқаша сөз сөйлейді. Егер тақырыпты топ таңдаса,
оқушы
импровизация жасап сөйлейді. Тақырыптарды алдын ала дайындауға болады, онда оқушылар
тақырыпты емтихандағы билет сияқты таңдайды.
Атмосфераны бақылаңыз! Әрбір спикердің өзін жайлы сезінуге мүмкіндігі болуы тиіс. Сөйлеу
уақытын қадағалаңыз.
Әр қатысушының сөзі бойынша кері байланыс беру қажет: аудиториядан екі плюс (адам
жақсы не істей алады) және спикердің өзінен бір плюс-плюс (келесі жолы жақсартатын нәрсе).
Әр спикер жұмыс дәптеріндегі тәжірибе парағын өз бетінше толтырады.
Достарыңызбен бөлісу: