БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
48
Негізгі бөлім
Мұнда әңгіменің негізгі бөлігі болуы тиіс – себептер, фактілер, сандар, дәлелдер, мысалдар,
сілтемелер және т.б. Дәл осы жерде тыңдаушыны кіріспеден қорытындыға дейін жетелеуге
болады.
Үлестірме материал
Естеріңде болсын, егер аудитория 100 адамнан аз болса, онда буклет, парақша жасауға болады
және жасау керек, немесе тіпті презентация тақырыбы бойынша ақпаратты басып шығаруға
болады. Әсіресе, егер бұл күрделі терминдермен немесе сандармен байланысты болса.
Сөздер
Йель университетінің қызметкерлері зерттеу жүргізіп, адамды едәуір сендіретін 12
сөзді
анықтады:
1) Сіз
2) Ақша
3) Сақтау
4) Жаңа
5)
Нәтижелер
6) Жеңіл
7)
Денсаулық
8) Қауіпсіздік
9)
Махаббат
10) Жаңалық
11) Дәлелденген
12) Кепілдік
Сөйлеу кезінде аталған сөздерге сүйеніңдер, сонда аудиторияның назары жоғары болады.
Әрине, егер тақырып осы сөздермен байланысты болса.
Қорытынды
Презентацияның бұл бөлігі – ең маңыздысы. Онда көрермендер сөйлеушіні тыңдау не
тыңдамау керектігін шешеді. Презентацияның осы бөлігінде қабілеттерді
барынша көрсету
керек.
- Негізгі ойларды басқа сөзбен қайталап айтыңдар.
- Қорытындылаңдар.
- Ойды пайдаланудың пайдасына назар аударыңдар.
- Естелікке өздерің туралы бір нәрсе қалдырыңдар (тезистер, жазбаша ұсыныстар).
Сұрақтар
- Сұрақтарды және оларға жауап беру жолдарын жоспарлаңдар.
- Жауаптарға сандарды, басқа деректерді дайындаңдар (карточкаларға жазуға болады).
-
Сұрақтарға ашық жауап беріңдер, кейбір сұрақтың жауабын білмейтіндеріңді айтуға
қорықпаңдар.
- Сұрақтарға жауап беру үшін қанша уақыт бар екенін айтыңдар.
Сұрақтарға қалай жауап беруге болады?
- Сұрақты қайталаңдар/басқа сөзбен айтыңдар.
- Қысқаша жауап беріңдер.
- Ашық, икемді және адал болыңдар.
- Аудиториямен ешқашан сөз таластырмаңдар.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
49
- Сұрақ үшін рақмет айтыңдар.
- Хабарламаны жағымды түрде және оң ақпарат немесе хабарлама беріп аяқтаңдар.
Достарыңызбен бөлісу: