Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
методичка 7-8 (1) авг

Оқу қызметін қорытындылау 
Уақыт: 5 минут 
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер: 
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер? 
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде? 
 
Үй тапсырмасы: 
Үлкен мінберде тұрып, күллі әлемге не айтқыларың келер еді? Ойланып көріңдер. 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
47 
18-сабақ 
Тақырыбы: Презентация жасау 
Ұғымдар: сөз сөйлеу құрылымы, Google презентациялары, Power Point, Canva. 
Сабақтың мақсаты: презентация жасауға арналған платформалармен танысу; айтатын 
сөздің дұрыс құрылымын жасап үйрену. 
Әдістері: топта жұмыс істеу, шағын дәріс, әңгімелесу. 
Ресурстар: сергіту сәтін жүргізуге қажетті парақтар. 
 
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
Сергіту сәті 
Уақыт: 10 минут 
Материалдары: жаттығу орындауға қажетті парақтар 
Процесі: 
Тренер оқушыларға парақшалар таратады. Парақтарда ештеңе жазылмаған, алайда біреуінде 
«Қой терісін жамылған қасқыр» деп жазылған. Оқушылар қасқырдың кім екенін анықтауы 
тиіс. Олар сыныпта емін-еркін жүреді, бір-біріне сұрақтар қояды. Сұрақтарға «иә», «жоқ» 
немесе «жауап бергім келмейді» деген жауап қана айтуға болады. Сонымен бірге, қасқыр 
барлық сұрақтарға өтірік жауап береді. «Сен қызсың ба, ұлсың ба?» немесе «Қазір қыс па?» 
сияқты айдан анық сұрақтар қоюға болмайды. «Сен қасқырсың ба?» деп те сұрауға болмайды.
Тапсырманы 5 минуттың ішінде орындау керек. Егер топ берілген уақыттың ішінде қасқырды 
таппаса, бірлесіп табу үшін тағы 5 минут уақыт беріледі. 
 
Теориялық блок. Сөз сөйлеу құрылымы 
Уақыт: 10 минут 
Әсерлі кіріспе 
Презентацияның бұл бөлігі маңыздылығы бойынша екінші орында. Онда қорытынды беретін 
сұрақтар тұжырымдалады. Кіріспе – бұл жолдың басы ғана емес, сонымен қатар тыңдаушылар 
сендер туралы алғашқы әсер алатын сәт. Естеріңде болсын, сөйлеудің алғашқы 2-3 минутында 
аудитория сендерді тыңдау/тыңдамау керектігін шешеді. 
Неден бастау керек? 
- Анекдот 
- Әзіл 
- Қызықты сұрақтар (ашық) 
- Риторикалық сұрақтар 
- Таңғалдырарлық мәлімдемелер 
- Қанатты сөздер 
- Кіріспені презентацияның негізгі бөлігімен байланыстырып, қызықты нәрсе айтуға уәде 
беру 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет