Сабақтың барысы
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы
сұрау, позитивпен бөлісу).
Уақыт: 5 минут
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап,
орындау.
Уақыт: 10 минут
Болжамдарды қарап шығу және жаңа болжамдар жазу.
Уақыт: 5 минут
Тапсырманы хабарлау: топпен презентация көрсетіп, көпшілік алдында сөз сөйлеу.
Уақыт: 20 минут
Келесі екі тақырып «Презентациялар» және «Креативтілік» деп аталады, солардың негізінде
оқушылар тәжірибе ретінде өз презентацияларын жасап, оны қорғауы тиіс. 3-4 адамнан
тұратын топтар құрыңыз. Әр топқа бір тақырыптан беріңіз.
Біз «Презентациялар» тақырыбы бойынша 2 сабақ және «Креативтілік» тақырыбы бойынша 2
сабақ өтеміз. Презентацияларды тиімді түрде жасап, сөйлеуді үйрену үшін көп жаттығатын
боламыз. Ол үшін қазір 3-4 адамнан тұратын топтарға бөліну керек. Бұл топтарда сендер өз
сөздеріңді біртіндеп дайындайтын боласыңдар».
Қатысушыларды топқа бөліңіз.
Оқу қызметін қорытындылау
Уақыт: 5 минут
Рефлексия:
Әсерлермен бөлісіңдер:
- Бүгінгі сабақта қандай жаңа әрі пайдалы нәрсе үйрендіңдер?
- Бүгінгі сабақтың сендер үшін маңызы неде?
Үй тапсырмасы: Толыққанды презентация жасаңдар. Тақырыпты таңдаңдар және
талқылаңдар, топ ішінде міндеттерді бөліңдер.
БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ
44
17-сабақ
Тақырыбы: Презентация жасау.
Ұғым: презентация.
Сабақтың мақсаты: презентациялардың басты құраушылары туралы тілдесу; презентация
тақырыбын, мақсаттары мен сұлбасын анықтауды үйрену.
Әдістері: шағын дәріс, әңгімелесу, ой-талқы.
Ресурстар: плакаттар, маркерлер, теориялық материал.
Достарыңызбен бөлісу: |