Сиқырлы үштікті еске түсіріңдер: сөйлеген сөздің тек үш (3) идеясы/ойы аудиторияның
жадында қалады.
Жеке имиджді анықтау. Аудитория сендерді қалай қабылдауы тиіс? Бұл туралы ойланыңдар.
Әсіресе, егер бұл таныс емес адамдар болса.
Адамдар сендерді тыңдаған кезде не ойлайтынын қалар едіңдер?
Визуалдық түрде ресімдеу. Презентацияның ең көрнекі (визуалдық) бөлігі туралы айта отырып, презентацияның сәтті
болуы оның әдемі көрінуі және сәнді редакторларда жасалуында емес екенін түсінуіміз керек.
TED спикерлерінің сөздерін қарап шығыңдар, көбінесе олар көрнекі материалдарды
қолданбайды, бірақ баяндамаларының мәні мен хабарламасы өте маңызды.
Егер біз көрнекі материалды қамтитын презентация дайындап жатсақ, онда суреттерді
іздеуден бастау – үлкен қателік болып табылады. Құрылымы нашар, мақсатсыз
презентациялар осылай пайда болады.
Егер уақыт аз болса, суреттерді іздеудің қажеті жоқ. Ақ фондағы қара мәтін, егер ол мағыналы
болса және хабарламаны жеткізуге көмектессе, жақсы көрінеді.
Тақырыпты тұжырымдау. Бір ойдан екінші ойға секіретін спикерді тыңдау қиын, сондықтан презентацияның бір
тақырыбы ғана болуы керек.
Тақырып презентация соңында проблеманың шешімін ұсынатындай шағын болуы тиіс.
Презентацияны он қысқа тармақпен қорыту мүмкін болмаса, тақырыпты қысқарту қажет.
Жақсы тақырыпты анықтау оңай – ол сөйлеу құрылымын өзі ұсынады.
Мақсатты анықтау. Жақсы презентация әлемнің қалыптасқан көрінісін өзгертеді. Мысалы, адамдар қоршаған
ортаға мұқият қарай бастайды немесе жаңа смартфон сатып алады.
Мақсат міндетті түрде өршіл болмауы керек, бастысы – нақты болуы тиіс. Сөйлеудің мақсаты
болған кезде презентацияның мазмұны дәл болады.
Презентация мақсатын тұжырымдау үшін келесі сөйлемді жалғастырыңдар: мен... қалаймын. Презентация нәтижесінде аудиторияға не болуы керек екенін сипаттаңдар: олар не істейді,
қайда барады, қандай ойларын өзгертеді, не сатып алады. Тұжырымдама неғұрлым нақты,
егжей-тегжейлі болса, соғұрлым дәлірек дәлел келтіруге болады және мақсатқа жету
мүмкіндігі де соғұрлым жоғары болады.