Факультативтің мазмұны. 7-8 сынып оқушылары. 1-деңгей Тре нинг № Тақырыбы Блок Тоқсан



Pdf көрінісі
бет48/82
Дата01.10.2022
өлшемі1 Mb.
#41059
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82
Сабақтың барысы 
Ұйымдастыру сәті. Сабаққа психологиялық тұрғыдан дайындалу (көңіл-күйлері туралы 
сұрау, позитивпен бөлісу). 
Уақыт: 5 минут 
«Сергіту сәттеріне арналған жаттығулар жинағынан» кез келген жаттығуды таңдап, 
орындау. 
Уақыт: 5 минут 
Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 
Бүгін біз креативті ойлауды дамытуға көмектесетін әртүрлі құралдармен танысамыз. 
«3 егер» техникасы. Бұл техника қолданыстағы процестерді, нәрселерді, компанияларды 
өзгерткісі келетін адамдар үшін пайдалы. 
 
Көптеген жаңашыл адамдар қолда бар нысанды алып, тұжырымдаманы түрлендіріп, оны жаңа 
қылу үшін маңызды сұрақтар қояды. Стив Джобс смартфон идеясынан бастаған жоқ. Ол жай 
ғана қолда бар ұялы телефонды алып, «Оны қалай жақсарта аламыз?» деген қарапайым сұрақ 
қойды.
Сендер де шығармашыл ойлауды үш «егер» айналасында құруға тырысып көріңдер: 
Егер мұны (нысан/жүйе/әлеуметтік қатынастар және т.б.) өзгертсек, не болады? 
Егер бұл нысанды 10 жылдан кейін қолданғымыз келсе, онда оның қай жерін өзгертіп я 
жақсартар едік? 
Егер бізде миллион долларлық инвестиция болса, оны көбейту үшін не істер едік? 
«Маған креативті болуға не көмектеседі?» ой-талқысы 
Уақыт: 5 минут 
Материалдарыпоститтер, плакаттар, маркерлер 
Процесі:
 
Поститтерге жазамыз. Олардың саны жеткілікті болуы тиіс. Әр оқушыға бірнеше постит 
беріледі. 
Бір идея – бір постит.
Жазу уақыты – 5 минут. 
Кезекпен-кезек айтып, плакатқа жабыстырамыз. Идеяны қайталауға болмайды (егер ол 
айтылған болса, поститті жабыстырмаймыз). Тренер плакаттағы барлық нұсқаларды оқиды. 
Теориялық блок 
Уақыт: 5 минут 


БОЛАТ ӨТЕМҰРАТОВ ҚОРЫ 
54 
Ой-талқы да креативтілік құралы. 
Ой-талқы әдісі (ағылш. brainstorming) – мәселелерді шешу және/немесе мүмкіндігінше көп 
идеяларды жинау тәсілі. Себебі ой-талқы кезінде идеялар сыналмайды және талқыланбайды. 
Түрлі нұсқалар барынша көп айтылады. Компанияларда және әртүрлі кәсіптерде ой-талқы 
әдісі қолданылады. Бұл әмбебап құрал. Оның негізгі ережелері естеріңде ме? Шектеулі уақыт 
беріледі және идеялар мен адамдарды сынауға болмайды. 
Қызықты факт:
Тарихшылардың айтуынша, б.з.б. 700-600 жылдары ежелгі Вифиния (қазіргі Түркия) 
тұрғындарында ой-талқыға ұқсас әдет-ғұрып болған. Осылайша, адам ауырған жағдайда оны 
қалай және немен емдеу керектігі белгісіз болған кезде, отбасы мүшелері науқасты көпшілік 
назарына шығарып, кез келген жолаушы өз пікірін және тәжірибесін айта алған. Отбасы 
мүшелері ұсынылған кеңестердің ішінен ең қолайлысын таңдаған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   82




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет