Ғылыми-практикалық конференциясының материалдары


Б. МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ



Pdf көрінісі
бет158/333
Дата07.01.2022
өлшемі7,58 Mb.
#19629
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   333
Б. МОМЫШҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТӘРБИЕЛІК МӘНІ 

 

КАНСЕИТОВА К. А. 

Шымкент университетінің магистранты 



 

Мақалада Б. Момышұлы шығармаларының тәрбиелік мәні қарастырылады. Ұлттық 

таным мен ұлттық санаға әсер ететін шығармалары талданған

Ұлы Отан соғысы тұсында қазақ ақындарының бірқатары соғыста, бірқатары тылда 

жүрсе  де  өз  шығармаларымен  Отан  тілегіне,  жеңіс  мүддесіне  елеулі  үн  қосты.  Олар 

халқымызға дем беріп, майдандағы  ерлерімізге рухани күш құйып талай тамаша жырлар 

туғызды.  Қаламдары  өткірлене  түсті,  патриоттық  идеяны  бар  дауыспен  жырлай  түсті. 

Мәселен, оның  «Қайран сегіз» атты өлеңінде өзі соғыс кезінде қызмет еткен дивизияның 

ұрыс алаңындағы іс-қимылдары бейнеленген. 

 

«Панфилов тірі кезінде 



Москваның төрінде 

Жау жағадан алғанда, 

Батыс елін қиратып, 

Қанды ылаң салғанда, 

Қаһарына шыдатпай, 

Күші кернеп мастанып

Бізді түгел жойдым деп

Жер жүзіне мастанып, 

Бүкіл жұртқа жар салып, 

Лек-лек етіп қол жинап, 

Танктері салып өрт

Аспанда көп самолет, 

Зеңбірегін сүйретіп, 

Оты шығып аузынан

Қолтығынан дем алып, 

Аға, іні құл етіп

Қарындас, қатын күң етіп, 

Қанатты қанға малғанда.» [1, 82б.] 




283 

 

Бауыржан  атамыздың  осы  жылдарда  жазған  өлеңдері  уытты,  тартымды,  өткір 



болып  келеді.  Онда  Отан  әмірі,  совет  адамдарының  қаһарманды  істері  терең  лиризммен 

астасып 


жатады. 

Ұлы  Отан 

соғысы 

жылдарындағы 

Бауыржан 

атамыздың 

творчествосының құнды болып шығуының бір себебін сол шығармаларға тақырып болған 

майданның  қиын-қыстау  зеңдері  мен  солдаттың  ауыр  қатерлі  өмірін  оның  өз  көзімен 

көріп,  өз  басынан  кешіргенінде  деп  білуге  керек.  Сол  қатерлі  жолда  кездескен  ауыр 

жайлар,  ерлік  істер,  күйініш-сүйініштер,  партизандар  арасындағы  шын  ынтымақ,  достық 

ақынның осы жылдарда жазған шығармаларының бас тақырыбы болды. 

Ақынның  келесі  өлеңі  аттың  кермет  образын  жасап  берген  туынды  ретінде  Алып 

Абайдың мұрасын жалған тұрғандай:  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   154   155   156   157   158   159   160   161   ...   333




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет