Ф.С.ШОРМАКОВА,
7М01103-«Бастауышта оқытудың педагогикасы
мен әдістемесі» мамандығының 2-курс магистранты,
Н.С.КОЖАМКУЛОВА
п.ғ.м., аға оқытушы
Алматы Университеты, Алматы қ
Білім алудың бағыт-бағдары Қазақстан Республикасының «Білім туралы»
Заңында,
Қазақстан
Республикасының
Конституциясында,
«Қазақстан-2030»
стратегиялық бағдарламасында, «Білім» мемлекеттік бағдарламасында және басқа да
мемлекеттік құжаттарда негізделген. Қазақстан Республикасының Білім туралы
Заңында «...білім беру жүйесі міндеттерінің бірі ретінде белсенді азаматтық ұстанымы
бар жеке адамды тәрбиелеу, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және
мәдени өміріне қатысу қажеттігін, жеке адамның өз құқықтары мен міндеттеріне
саналы көзқарасын қалыптастыру» атап көрсетілген. Осы тұрғыдан келгенде, үздіксіз
білім беру жүйесінің базалық буыны болып саналатын жалпы орта білім беру
мектептерінің оқушыларына саналы тәртіп пен сапалы білім беріп, туған жерінің
табиғатын қорғайтын мәдениетті тұлға етіп қалыптастырудағы атқарар рөлі зор екені
даусыз [1, 130 б.].
Адамның жеке басын қалыптастыру негізі бастауышта қаланатыны бәрімізге
белгілі. “Бастауыш мектептің негізгі міндеттері – баланың жеке басының алғашқы
қалыптасуын қамтамасыз ету: олардың қабілеттерін ашып, дамыту, оқуға деген
ынтымақтастықтық тәрбиесінің берік дағдыларын меңгерту”, – делінген Қазақстан
Республикасының орта білімді дамыту тұжырымдамасында [2].
Қазақстан Республикасының егемендік алған алғашқы жылдарынан бастап білім
беру мәселесінің дамуына аса мән берілуде. Білім беру барысында оқушының жеке
тұлғасын жан-жақты жетілдіруге, олардың танымдық әрекетін дамытуға, ой-санасын
қалыптастыруға ерекше назар аударылып отыр. Мұның дәлелі “Білім туралы” заңының
қабылдануы. Президент Н.Ә.Назарбаев “Қазақстан – 2030” атты Қазақстан халқына
жолдауында болашақта білім беру жүйесін баса дамытуға оның дүниежүзілік деңгейге
көтерілуіне аса мән беріп, осындай-ақ аса маңызды сенім жүктеліп отырған
жастарымыздың болашақта мемлекеттік жауапты қызметтерді атқаратындай, өз
мүддесінен гөрі халықтық мүддені жоғары қоятын деңгейде өсіп жетілуі үшін оларға
сапалы білім беру саналылыққа тәрбиелеу, жеке бас құндылығын көтеруі, оқу-ағарту
саласының үлесіне тиеді. Осыған байланысты білімнің мазмұнын, оқыту әдістері мен
сабақты ұйымдастыру нысандарын жетілдіруді нақтылай түсу қажеттілігі туындайды
[3].
Осы міндетті ойдағыдай орындау үшін, әрбір жас балаға, оқыту, тәрбиелеу,
дамыту жұмыстарын ұштастыра жүргізіп, оқушыны жан-жақты қамтамасыз етуге
52
дайын болуымыз керек, - дейді көптеген педагогтеріміз. Дүниетану пәні қоршаған орта
туралы білім бере отырып, балалардың табиғатқа деген қызығушылығы мен
сүйіспеншілігін арттырып, оның тылсым тынысы мен сиқырлы сырларын білуге,
табиғатты қорғауға, көркейтуге тәрбиелейді. Егер әр тақырыпты тиімді әдіс-тәсілдер
арқылы оқытса, балалардың сана сезімін, мәдениеті мен дүниетанымын дамытуда
пәннің тигізетін әсері айрықша [4, 223 б.].
Қоғам мен табиғат бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, айналадағы орта
мен адамның жеке-дара тіршілік етуі мүмкін емес. Табиғат байлықтарын тиімді
пайдалану, табиғатқа сүйіспеншілікпен қарау қоғамның да алға қарай дамуына негіз
болады. Айналдыра ортаның қолайлы болуы адамның дұрыс білім алып, еңбек етуіне,
материалдық жағынан қамтамасыз етілуіне ықпал етеді. Сондықтан әрбір адам
табиғатты аялап сақтауға өз үлесін қосуы тиіс. Әрбір отырғызылған ағаш, тазаланған
бұлақ сол табиғаттың бір бөлшегі екенін ұмытпаған жөн. Өзіміз тұрған жердің
табиғатын сақтаймыз. Табиғатқа аялы көзқарастары қалыптастыру үшін туған өлкеге
туристік саяхат жасаудың, оның табиғат ерекшеліктерімен, экологиялық жағдайымен
танысудың маңызы зор [4].
Экологиялық мәдениет ұғымы педагогика саласында экологиялық білім беру мен
тәрбиелеу мәселесіне айналады. Бұл педагогикалық мәселеге тұлғалық тұғырына
сәйкес адамды табиғаттың ажырамас бөлігі, жер бетіндегі материалдық және рухани
мәдениеттің, тарихи процестің дамуының субъектісі ретінде қарастыруды талап етеді.
Сонымен қатар тұлғаның экологиялық мәдениетінің қалыптасуы оның жергілікті,
аймақтық, ұлттық, ғаламшарлық экологиялық байланыстар жүйесіндегі әрекетіне
тәуелді болғандықтан, халық педагогикасының құралдарын пайдаланудың қажеттігін
туғызады. Бастауыш мектептерде экологиялық мәдениеттің қалыптасуы қазіргі
кезеңдегі білім беру жүйесіне бағытталған мемлекеттік білім стандарты негізінде
жүргізіледі. Білімді ақапараттандыру, компьютерлік оқыту элементтерін қолдану
рқылы жаңа экологиялық оқу пәндерін енгізуде жаңа типтік бағдарламаларды жасауды
қажет етеді. Мектепте алатын экологиялық мәдениеттн әрі дамытып, тереңдетіп,
ғылыми негіздерін қалыптастыратын оқу жоспарын жасау міндеті тұр.
Экологиялық мәдениетті бастауыш мектептерде берудің әр түрлі әдіснамаларын,
әдістемесін жасап, оқытудың тиімді әдістерін қолдану қажет:
1) Бастауыш мектептерде экологиялық мәдениетті үнемі жетілдіріп отыру.
2) Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,
адам қызметінің табиғатқа тигізетін әсерін нақтылап деректермен түсіндіру, оның
болашақтағы зиянды жақтарын алдын ала ойластыру, экологиялық сапалы тәрбие беру
(қоршаған ортаның өзгерістеріне талдау жасау, бағалау, бақылау).
3) Өзіндік ізденістер, шиеленіскен экологиялық мәселелерді дұрыс шешуге бағыт
беру, өзіндік жұмыстар барысында талдау, жіктеу, тұжырымдар жасай білуге
дағдыландыру.
4) Оқушылардың оқу-тәжірибелі, практикалық іс-әрекеттерін жергілікті
экологиялық мәселелерді шешумен байланыстыру (дүниетану жорықтарын
ұйымдастыру, экологиялық соқпақ, іскерлік ойындар ұйымдастыру, экологиялық
ұйымдар құру).
5) Оқытудың белсенді әдістері, формаларын қолданып, бастауыш мектептерінің
экологиялық мәдениеті мен тәрбиесінің сапасын арттыру, экологиялық мәдениетті
топтастырып оқыту, экологиялық фактілер, құбылыстар, адамның табиғатқа әсері,
қоршаған ортаны ластанудан қорғау мәселелері [5, 45 б.].
Жануарлар бойынша "Сүтқоректiлер", "Жорғалаушылар", "Балықтар", "Құстар",
"Бунақденелiлер", "Төрт түлiк" деген сабақтарда мынадай даналық сөздер қолдануға
болады:
"Түз тағысы – табиғатпен тiлдес", "Жылы-жылы сөйлесең, жылан інінен
шығады", "Шегiрткеден қорыққан егін екпес", "Шегiрткелер eгiн жер, екпейсеппей
53
тегін жер", "Көл жағалағанның өзегi талмас", "Ер жiгiт – елiне, көлбақа көлiне", "Ер
қанаты – ат", "Алты айлық жолға арымас атан деген көлiк бар", "Eкi сиыры бар кісінің
айраны бар", "Мал өсiрсең, қой өcip – өнімі оның көл көcip", "Ешкi тұқымы - егiз лақ".
Сонымен қатар халқымыз аңдарды қалай болса, солай аулауға рұқсат бермеген. Бұл
тыйым кез келген уақытта емес, дәл сол жануарлардың буаз кездерiнде "киесi атады",
"обал болады" деп қорғанған.
Құстардың қалай сайрап, өзендердiң қалай сылдырлап ағатынын естiмей өскен,
көк шөптің жер қыртысын жарып шығып келе жатқанын көрмеген, гүлдердің
сұлулығын тамашаламаған, шығып келе жатқан күннің шапағын қызыға қарамаған,
табиғаттың төрт мезгілін біліп, таңырқамаған ұрпақтың ойөрісі тар, қиял-сезімі
қанатсыз болатыны белгілі. Сол себепті халықтық педагогикалы оқу-тәрбие жұмысына
енгізудегі басты мақсат –оқушыларды биік, рухани қайырымдылыққа, жоғары
жауапкершілікке, өзінің ұлтын, халқын, отанын қастерлеп оған қалтықсыз қызмет
етуге, білімге деген ынтасын, қызығушылығын көтеру, алған білімін табиғат, тұрмыс,
өмір заңдылықтарымен байланыстырып, тәжірибеде қолдана білуге, ойлау қабілеттерін
дамытуға, тапқырлыққа, әдемілік пен әсемділікке, алғырлық пен ептілікке, ерлікке,
тұрмыс қажеттерін өздері өндіретіндей кәсіптің түрін таңдай білуге, еңбекқорлыққа
баулу. Демек халықтық педагогика – теңдесі жоқ даналық мектеп. Оның мөлдір
бастауының әрбір оқушының сусындауына мейлінше ықпал жасау – біздің, ұстаздар
міндеті [6].
Отан туралы алғашқы қарапайым түсінік сәби дүниеге келе салысымен-ақ
қалыптаса бастайды. Ана және емшек сүті бейнесінде санаға ұялай бастаған Отан
ұғымы күн өткен сайын, жыл өткен сайын толығып, отбасы, достар, көше, ауыл, қала
түсініктері арқылы молайып, терең және байсалды сезімге айнала бастайды. Мектепке
алғаш келген сәби отбасынан, балабақшадан алған адам туралы небары объективті
және субъективті түсініктермен келеді. Мұғалім жас сәбидің осы білімін Отан ұғымын
ашатын базалық білім ретінде пайдаланып, оны ары қарай дамыта, тереңдете түседі.
Табиғаттың сұлу көріністері негізінде табиғатпен қарым-қатынасты орнықтыру,
білім беру, тәрбилеу, дүниетанымын дамытуды қазақ халқының ағартушы – ғалымдары
мен ақын жазушылары Ш.Уалиханов, Ы. Алтынсарин, Ш.Құдайбердиев,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Аймауытов өз еңбектерінде тілге тиек етеді.
Жеке тұлғаны қалыптастыру процесін ұйымдастыру үшін оның үнемі
мәдениетке кіруіне зер салу, бүгінгі мәдени жетістіктер дәрежесінде әлемдік
мәдениетпен қарым-қатынас жасауы арқылы жеке тұлғаның әлеуметтік өмірдің
мағынасына енуін қарастыру көзделеді. Олай болса, бідер жан-жақты дамыған жеке
тұлғаның тәрбиесінің негізіне адамзаттық мәдениеттің бүкіл дүние жүзілік қоры: ақыл-
ой мәдениеті, тұлғаның кәсіби бағдары мен политехникалық және еңбек мәдениеті,
адамгершілік мәдениеті, саяси және құқықтық мәдениеті, эстетикалық және денесінің
даму мәдениеті, экологиялық және экономикалық мәдениеті алыну керек деп
есептейміз.
Ғылыми әдебиеттерде мәдениетке әртүрлі бағытта анықтамалар берілген.
“Мәдениет” – cultura – латын тілінен аударғанда өсіру, өңдеу деген мағынаны
білдіреді.
Мәдениет сөзін ең алғаш рет теориялық термин ретінде рим философы Марк
Туллий Цицерон “Тускулан пікір салыстары” (б.ғ.д. 45ж) еңбегінде қолданды. Ол кезде
бұл агротехникалық термин “жерді, топырақты өңдеу” деген ұғымды білдірген. Ал
Цицерон оны адамның ақыл-ойына әсер ететін ауыспалы мағынада қолданды.
«Экологиялық мәдениет» салыстармалы жаңа ұғым, дүниежүзілік мәдениеттің
маңызды кезеңі және құрамды бөлігі. Экологиялық мәдениет ұғымының пайда болуы
экологиялық қауіпсіздікті болжау, қоршаған табиғи ортаны қорғау мен жақсартуды
қамтамасыз ету қажеттілігін түсінумен тығыз байланысты екендігін көрсетеді [6, 36 б.].
54
Біз жоғарыдағы анықтамаларды негізге ала отырып, «экологиялық мәдениет»
ұғымын төмендегідей тұжырымдаймыз: «экологиялық мәдениет – қоғамның табиғи
ортамен ғана емес, әлеуметтік тарихи ортамен өзара әрекетінің тәсілдерін сипаттайтын,
барлық рухини өмін мен істе көрініс табатын, адамзат мәдениетінің маңызды бөлігі
және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен, экологиялық іс-
әрекетпен, қоршаған ортаға ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын тұлғаның ерекше
қасиеті».
Б.Т.Лихачев
өзінің
«Экологиялық
сананың
құрылымы
және
оны
қалыптастырудың педагогикалық негіздері» атты ғылыми мақаласында экологиялық
ананы табиғатта, қоғамда (социумда) және жеке тұлғада тірі ағзалардың қоршаған
ортамен және бір-бірімен өзара тәуелділігі, тұрақты тепе-теңдігі, заңды байланыстары
туралы адамның меңгерген және жинақтаған білімі, ағзаның қоршаған ортада тіршілік
етуінің экологиялық эталондары мен нормалары туралы білімі ретінде анықтайды [7, 89
б.]. Ғалымның пайымдауынша, экологиялық сана психикада туындап, экологиялық
тәрбиемен тәжірибенің негізінде жетіліп, экологиялық сананың қоғамдық
формаларына, экологиялық философия, экологиялық идеология, экологиялық мәдениет
және жеке тұлғаның тіршілік бейнесі ретінде қайта жаңарады. Экологиялық сананың
құндылығы артқан сайын соғұрлым жеке тұлғаның экологиялық мәдениеті де жоғары
болады.
Экологиялық қарым-қатынастар экономикалық мәдениеттің маңызды бөлігі
ретінде адам өмірінің табиғи жағдайларын танып білуге, өзгертуге және сақтауға
бағытталған танымдық, реттегіш және табиғат қорғау қызметтерін атқарады.«Адам-
қоғам-табиғат» жүйесіндегі қатынастарды ізгілендіру адамның іс-әрекетінің түрлі
сферасын экологияландырмайынша мүмкін емес.
Тұлғаның қызметтік – динамикалық құрылымында қарым-қатынас маңызды орын
алады.
В.Н.Мясищев
қатынастарды
субьективті
позиция
ретінде
сипаттай
келіп,«адамның
психологиялық
қарым-қатынастары-жеке,
іріктелген
саналы
байланыстарынан тұратын біртұтас жүйе, ол адам дамуының барлық жүйесінен
туындайды, оның жеке тәжірибесін, іштей әрекеті мен әсерленуін анықтайды», -деп
көрсетті [8, 48 б.]. Осыған орай, қарым-қатынас – адамның қоршаған дүниемен
байланысының біртұтас жүйесі, ол сыртқы мінез-құлқында ғана емес, тәжірибенің
негізінде пайда болған адамның ішкі дүниесінде көрінеді.
Экологиялық іс-әрекет экологиялық мәдениеттің негізін құраушы, экологиялық
проблемаларды ұтымды шешуші әрекет болып табылады. Мысалы, техника саласында
өндірісті экологяландыру, экономикада-жаңа өзгерістердің қоршаған ортаға тигізген
шығынын бағалау, ғылымда – экологиялық проблеманың төңірегінде интеллектуалдық
күштерді жинақтау, құқық саласында- табиғатты қорғау жөніндегі заңдарды жасау,
педагогикада- экологиялық ойлау стилі мен мінез-құлықты қалыптастыру және т .б.
Осыған орай, қоғамның экологиялық мәдениеті табиғатты танып- білу, игеру және
өзгерту сияқты, адам іс-әрекетінің барлық түрлеріне, яғни қоғамның материялдық және
де рухани өміріне сіңіп кеткен.
А.Н.Фалеевтің пікірінше, экологиялық мәдениет, «адамның жаңартылған іс-
әрекетінің табиғи процестармен байланыстарын ашып көрсетуге бағытталған табиғат
пен адам туралы, адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасының сипаты туралы
білімнің жиынтығы болып есептелетін адамның заттық –практикалық іс-әрекетінің
қоғамдық- тарихи дамуының нәтижесі» [9, 75 б.].
Экологиялық мәдениетік құрылымдық қалыптасу процесі адамның меңгерген
экологиялық білімінің, сенімінің, мінез-құлық ережелеріне айналып, табиғи ортада
тұлға іс-әрекетінің сипатын анықтайды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыру адамның өзі қоршаған табиғаттың
құрамды бөлігі ретінде, онымен бірлікте екендігін саналы түсіну.
55
Психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, бала дамуының психологиялық
шарты ең алымен оқу әрекетінде өтетін ойлаудың дамуы, атап айтқанда, оқушының
мінез-құлқы, ақыл-ой қасиеттері ойлаудың теориялық формасы екендігі анықталды.
Қазіргі уақытта экологиялық білім мен тәрбиенің әртүрлі технологиясы белгілі.
Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу технологиясы оқушының тұлғалық дамуында іргелі
бастыратын және тіршілік сапасының жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік беретін
психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйлестіру. Н.С.Дежникова: «Тұлғаның
қоршаған ортамен қарым-қатынасында экомәдениеттік дисбаланс тәрбиелік
технологияға бағытталған дамудың қозғаушы күші ретінде көрінетіндігін» анықтады
[10, 124 б.].
Тұлғада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған педагогикалық іс-
әрекеттің нысаны, оның сондықтан өзінің ерекшелігін, өз-өзіне ғана емес, табиғатқа
және әлеуметтік ортаға жауапкершілігін саналы түсінуін қалыптастыру негізгі
педагогикалық міндет болып табылады. Француз географы Элиза Реклю «Адам өз
бейнесі және ойына сәйкес қоршаған ортаны жасайтындығын» - көрегендікпен
байқаған. Тұлғаның өзінің сыртқы және ішкі дүниесіне жауапкершілікті, саналы,
қарым-қатынасы экологиялық мәдениеттің негізі болып саналады.
Қоршаған дүниені тану процесінде адам онымен қарым-қатынас жасап қана
қоймай, оның көп аспектілі өзара әрекетін де саналы түсінеді. Адамның үйлесімді
дамуында қоршаған дүниені өзара байланыстылықта танудың маңызы зор.
Сондықтан, пәнаралық байланыс оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың құралы ретінде тәрбиені тиімді жүзегеасыруға шындықты танудың
барлық тәсілдерін меңгеруге, сонымен қатар, табиғи және әлеуметтік дүниенің
маңызды күштерінің барлығын игеру процесіне қатыстыруға, дамытуға көмектесуі
керек.
Тұлғаның табиғатпен қарым-қатынасының үйлесімділігі оның экологиялық
мәдениетін қалыптастырудың маңызды аспектісі болып сұлулықты бағалауға және
қабылдауға үйоетуде пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері мол.
Табиғатпен өзара әрекет стратегиясы табиғаттағы байланыстардың айнадай
бейнесі болып табылатын қарым-қатынастар жүйесі. Ол постбиологиялық зат ретінде
өзінің дамуында адамның маңызын биосфераның объективті заңын түсіну, адамзаттың
саналы келісімін қолдау идеясымен анықталады.
Нағыз мәдениет – табиғат, қоғам және тұлғаның үйлесімді бірлігі. Ғылыми
жетістіктерді осылай бағалау планетарлық ойлауды қалыптастыруға мүмкіндік
жасайды [11, 203 б.]. Сондықтан әлемді, дүниені интеллектуалдық, адамгершілік және
эстетикалық түсінудің бірлігі ерекше маңызға ие, бұл, өз кезегінде, экологиялық
сананың негізін құрайды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда оның ішкі дүниемен қарым-қатынасы
үйлесімнің маңыздылығы тұлғаның сыртқы дүниемен қарым-қатынасының
үйлесімділігінен кем емес. Тұлға үйлесімді біртұтас жүйе ретінде экологиялық іс-
әрекеттерге қатысу үшін психикалық процестердің құрамды бөліктері арасында жоғары
сәйкестілікті жүзегше асырады.
Осыған орай, оқушылардың экологиялық мәдениетін пәнаралық байланыс
арқылы қалыптастыру «Адам – қоғам - табиғат» жүйесінде субъектілердің қоршаған
ортаға ұқыптылық, жауапкершілікті қарым-қатынасын орнатуға жағдайлар туғызады.
Экология ғылымның интегралдық сипаты жаратылыстану ғылыми, қоғамдық-
тарихи және гуманитарлық оқу пәндеріне ықпалын тигізіп, оларда экологиялық
білімнің барлық деңгейінде мазмұны мен заңдарын айқындайтын әдістердің, қоғам мен
табиғаттың, жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Ғылыми-теориялық еңбектердің, мектептің озат тәжірибесіне байқау жүргізудің
және өзіміздің педагогикалық ізденіс жұмысымыздың негізінде «Оқыту процесінде
56
пәнаралық байланыс арқылы оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға»
арналған үлгіні дайындадық.
Қазіргі таңдағы әлеуметтік экологиялық қарама-қайшылықтардың ғаламшарлық
деңгейде шиеленісу жағдайында «адам-қоғам-табиғат» қарым-қатынасы жүйесіндегі
үйлесімділігін қамьтамасыз ететін мәдениеттің жаңа түрі – экологиялық мәдениетті
қалыптастыру міндеті ерекше мәнге ие болды.
Қазіргі ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы және өзара байланысы,
ғылымның, жеке адамның дамуы, ғылымдар арасындағы байланыс адамның
интеллектілік өрісін байытумен бірге бүкіл азаматтық байлықтың бірлігін, тұтастығын
көрсестеді.
Экологиялық мәдениет өзіндік ерекшелігімен сипатталады. Сондықтан оның
анықтамасын барлық рухани өмір мен істе көрініс табатын адамзат мәдениетінің
маңызды бөлігі және табиғаттың құндылығын түсінетін, экологиялық білім жүйесімен,
экологиялық іс-әрекетпен, қоршаған орта ізгілік қарым-қатынаспен сипатталатын
ерекше қасиеті-деп тұжырымдауға мүмкіндік береді [12, 172 б.].
Адамның жеке мінез-құлқы, ұжымда, табиғатта өзін ұстай білуі, қоршаған
ортаға, айналасындағы адамдарға көзқарасы мен ықыласы, қарым-қатынастағы
енжарлығы, не белсенділігі, әрекетшілдігі оның психологиясы болып табылады. Оқу-
тәрбие процесін ұйымдастыруда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру – тұлғада
экологиялық мәдениетті қалыптастырудың маңызды шарты. Сондықтан оқыту
процесінде әр адамның жеке басының қабілеттерін, олардың психологиялық,
физиологиялық мәдениетін қалыптастыру тұтас педагогикалық процестің ең күрделі,
өзекті міндеті деп есептеймін. Оқыту процесіне пәнаралық байланыс арқылы
экологиялық мәдениетті қалыптастыру әрбір оқушының жан-жақты жетілуіне, табиғат
байлықтарын қорғауды жоғары гумандық іс-әрекетін жүзеге асыратын жеке тұлғалық
сапаларда: экологиялық білімділік, экологиялық саналық, табиғатқа жауапкершілік
қарым-қатынасын меңгеруіне бағыт-бағдар береді.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» егеменді еліміздің ертеңгі болар
жеткіншектерді жаңа заман талаптарына сай оқытып, тәрбиелеу, өмірге әзірлеу сияқты
жауапты міндетер үлкендердің қолындағы іс қоғамның, ой сананың биіктеп өсуі, жаңа
сапалық деңгейде, шарықтау кезеңі, еліміздің егемендік алып, өркениетті елдердің
қатарына қосылып, жаңа заманның жастарынан өзіндік таланты мен табиғи қабілетін
жетілдіріп қана қоймай, олардың жаңашыл болуын үнемі шығармашылық ізденісте
болуын талап етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |