«Ғылыми зерттеулер негіздері» пәнінің емтихан сұрақтары «Ғылыми зерттеулер негіздері»


Зерттеу тақырыбы бойынша библиография құрастыру мен пайдаланылған əдебиеттер классификациясы



бет18/94
Дата18.01.2023
өлшемі1,46 Mb.
#61759
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94
Зерттеу тақырыбы бойынша библиография құрастыру мен пайдаланылған əдебиеттер классификациясы.

Зерттеуді бастамас бұрын зерттеу сұрағын жақсылап, анықтап алу аса маңызды. Кей жағдайда кейбір студенттердің жақсы зерттеу идеясы немесе қызықты тақырыбы болуы мүмкін, бірақ зерттеу сұрағы болмауы мүмкін. Бұның нәтижесі аса ауыр болады. Өйткені жұмысыңыз жай бір энциклопедия сияқты, нақты бір сұраққа жауа бермейтін ғылыми емес еңбек болып шыға келеді. Яғни еңбегіңіздің ешқандай сенім тудыра алатын қабілеті болмай қалады. Бұл дегеніміз сіздің еңбегіңіздің ғылым саласы үшін, тексерушілер үшін еш құны жоқ дегенді білідреді. Мысалы, сізді қызықтыратын тақырып теледидардың жасөспірімге ықпалы деген тақырып болуы мүмкін. Бұл қызықты тақырып, бірақ бұл жерде сұрақ жоқ. Оны зерттегеннен не аламыз, ол онсыз да белгілі жайт емес пе? Ал егер теледидардан порнографиялық немесе қатігездік элементтерімен болатын контентті көрудің баланың психикасына және болашағына қандай ықпал етеді және оны болдырмау үшін қандай әрекеттер жасалуы керек десеңіз, бұл зерттеу сұрағына айналады. Енді осыған сай оңай-ақ зерттеу мақсаттары мен міндеттерін анықтап шыға аласыз. Ал жай теледидардың ықпалы деп алсаңыз, сұрақтың мақсатын анықтауда қатты қиналасыз. Өйткені мақсаттар сұраққа жауап беру үшін құралады.


Тағы бір ескеретін жайт тақырып аясын тарылту. Тақырып аясы тар болған сайын, зерттеуді жүргізу де оңай болады, әрі тексерушілерге де зерттеуді бағалау жеңілірек болады. Зерттеуіңіздің сенім тудыра алу қабілеті де жоғарылайды. Зерттеу сұрағын анықтауда мынандай төрт сатылы сұрақтарды қолдансаңыз болады? Сұрақтардың жауабы біреу не екеу ғана болуы керек: а) Тақырыбыңыз қандай? Жауаптардың мысалы: арқа ауруы, қалдықтарды өңдеу, тәуелсіз білім алу т.б. ә) Зерттеу жүргізілетін орта қандай? Жауаптардың мысалы: мектеп, жергілікті билік, аурухана, қоғамдастық т.б. б) Көздеген мақсатыңыз не? Жауаптардың мысалы: жаңалық ашу, сипаттау, өзгерту, барлау, түсіндіру, дамыту, түсіну т.б. в) Қандай сұрақ қоясыз? Жауаптардың мысалы: не, кім, қайда, қалай, қашан немесе неліктен? г) Қандай да бір потенциалды қарым-қатынасты зерттегіңіз келе ме? Жауаптардың мысалы: әсер ету, арттыру, азайту, қарым-қатынас, өзара байланыс, себептер



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет