11. Ғылыми этика негіздерін білу. Ғылыми этика - ғылыми саладағы моральдық реттеу ерекшелігін, сондайақ, осы саладағы құндылықтар, нормалар мен ережелердің жиынтығын зерттейтін пән. Ол мәселелердің екі шеңберін қамтиды: біріншісі – ғылыми қоғамдастықтың ішіндегі өзара қарым-қатынасты реттеумен, ал екіншісі - жалпы қоғам мен ғылым арасындағы өзара қарым-қатынасты реттеумен байланысты.
Ғылыми қоғамдастық этикасының негізгі принциптері: - ақиқаттың өзіндік бағалылығы;
- ғылыми білімнің жаңалығына негізделу;
- ғылыми шығармашылық еркіндігі;
- ғылыми нәтижелердің ашықтығы;
- ұйымдастырылған скептицизм.
Ақиқаттың өзін – өзі бағалау принципі немесе әмбебаптылық - зерттеушінің және ғылыми қызметтің жеке, топтық, корпоративтік немесе ұлттық мүдделерге емес, объективті білім іздеуге бағытталуы. Ақиқат және тек ақиқат қана ғылым саласындағы қызметтің негізгі құндылығы болып табылады. Бір ғана дихотомия мағынаға ие: «шынайы-жалған», ал қалғаны – ғылымнан тыс шеткеріледі. Зерттеу барысында алынған ақиқат қандай болмасын (жаңа немесе тривиальды, «күтіліп отырған» немесе «ыңғайсыз» ол жариялануы тиіс. Ақиқат ұдайы жаңғыртылған зерттеулер, тәжірибелер немесе бақылаулар барысында анықталуға және бұрын соңды алынған зерттеулер нәтижесімен үйлесімді болуға тиіс. Алынған нәтижелердің ақиқаттығын анықтаудағы жоғарғы төреші -әлемдік ғылыми қауымдастық болып табылады, ол үнемі дамып келе жатқан фактілер мен табиғаттың объективті заңдарына, яғни жинақталған ұжымдық ғылыми білімге сүйенеді. Ғылымда (әсіресе, нақты ғылымдар саласында) әрбір адамның өзінше сенуіне мүмкіндік беретін арождан бостандығы принципі қолданылмайды: ғылым сенім емес, ол біліммен өмір сүреді. Осы қағидаттан ғылыми қызметтің міндетті шарттарының бірі: нақты ғылыми пәнде қолданылатын деректерді алу, іріктеу, өңдеу және жариялау ережелерін нақты сақтау шарттары туындайды.
Ғылыми білімнің жаңалығы. Ғылым даму арқылы ғана алға жылжып, үздіксіз білім беру және жаңарту арқылы дамиды. Әрбір 10-20 жыл сайын ғылыми білімнің барлық көлемі жаңартылып, бүгінгі күндегі ғылыми нәтиже болып табылатын материалдар ескірген күйде қалып, жаңа ғылыми нәтижелермен алмастырылады. Осылайша ғылыми жұмыстың мәні мен болашағы үнемі жаңартылып отырылады.
Бірақ, ғылыми тұрғыдан асып түсу – зерттеушілердің жалпы тағдыры ғана емес, бұл олардың жалпы мақсаты болып келеді. Зерттеуші өзінің ізбасарлары осы жұмысты одан әрі қарай дамытады деп есептей отырып қызмет атқарады. Зерттеушінің жаңа фактілерді алу және жаңа гипотезаларды жасау қажеттілігі ғылымның осы саласында бұрын алған білімі туралы міндетті түрде хабардар болуына негізделеді.