ТҮРКИЯДА ЕРТЕГІЛЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУІ MEH
КЛАССИФИКАЦИЯСЫ
Қ. Кенжалин -
М.О. Әуезов атындағы
Әдебиет және өнер институты
Абай атындагы ҚазҮПУ-дыц Хабаршысы, «Филология гылымдары» сериясы, М2 (.32),2010ж.
Түркияда ертегілер және оның классификациясы туралы зерттеулер 1950 жылдардан
басталады. Бірақ, түрік ертегілері ең алғаш XV ғасырда Лами Челеби тарапынан басталып,
ұлы Абдуллах Челеби аяқтаған "Mecmua-ti'l - Letaif’ атты еңбекте зерттеліп, 6 топқа
жіктелген екен:
1.
Балаларға арналған хикаялар
2.
Ақымақтар туралы хикаялар
3.
Басқа адамдар туралы түрлі хикаялар
4.
Күйеуі мен әйелі туралы хикаялар
5.
Хайуанатгар туралы ертегілер
6.
Жансыз нәрселер туралы хикаялар
Қазіргі кезеңдегі түрік ертегілерінің ең алғашқы классификациясын Вольфрам
Еберхард және Пертев Наили Боратав жасаған. Еберхард-Боратав 2500-дей түрік ертегілерін
зерттей келе 358 ертегі түрін тауып. 23 тақырып негізінде жіктеген:
1.
Хайуанаттар жайлы ертегілер
2.
Хайуанаттар мен адамдар
3.
Хайуан немесе рухтың адамға көмектесуі
4.
Шынайы емес рух немесе хайуанмен үйлену
5.
Ізгі рух немесе әулиелермен кездесу
6.
Тағдырдың салғаны
7.
Түс
8.
Зиянкес рухпен өмір сүру
9.
Сиқыршылар
10.
Қыздың өзіне жар табуы
11.
Жігіттің өзіне жар табуы
12.
Кедей қыздың бай жігітке үйленуі
13.
Қызғаныш пен жала жабу
14.
Жәбірленген қаһармандар
15.
Алдап, арбау
16.
Fажайып оқиғалар мен әрекеттер
17.
Ғажайып даулар
18.
Шыншыл ертегілер
19.
Ғажайып кездейсоқтық
20.
Күлкілі хикаялар
21.
Ақымақ, жалқау еркек пен әйелдер
22.
Ұры мен детектив
23.
Ақылды айлакер және сараң еркек пен әйелдер.
Пертев Наили Боратав түрік ертегілерін зерттей келе, ертегілерге мынадай
түсініктеме береді: «Әңгіме түрінде айтылатын, дін және сиқырлық наным-сенімдерінен
жеке, шындыққа жанаспайтын, толығымен қиялдың жемісі, әрі тыңдаушысын міндетті түрде
сендіру мақсатына құрылмаған қысқа әңгіме түрі»
1
.
Түрік ертегілерінің жіктелуі туралы келесі бір еңбек B.C. Волкер және А.Е.Уйсал
классификациясы
2
. Олар “Tales Alive in Turkey” атты еңбектерінде түрік ертегілерін төменде
көрсетілгендей 7 топка бөледі:
1.
Шынайы емес ертегілер (11 мәтін)
2.
Таңғалдыратын өнерімен жол табатын ертегілер (6 мәтін)
3.
Сықақ ертегілері (13+1 мәтін)
4.
Этикалық ертегілер (6 мәтін)
5.
Көроғлы (2 мәтін)
6.
Дінді әжуалайтын ертегілср (3 мәтін)
7.
Анекдоттар (25 мәтін)
Бұл жіктеуде зерттелген 64 мәтіннің АаТҺ жэне ЕВ классификацияларындағы түр
нөмерлері мен мотифтері де қоса берілген. Бұл еңбектің бір ерекшелігі Көроғлы хикаялары
мен анекдоттарды да қоса қарастырған.
1
Pertev Naili Boratav. “100 Soruda Turk Halk Edebiyati”. Istanbul, 1982. s. -75
вестник КазНПУ имени Абая, серия «антологические науки», Ай 2 (32), 2010 г.
Өзінің докторлық диссертациясында Мехмет Тугрул жергілікті ертегілерді зерттей
келе түрік ертегілерін тақырыптарына және жалпы ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөледі:
a)
Тақырыптарына қарай:
1.
Қаһарманы хайуан ергегілер (13 мәтін)
2.
Қаһарманы адам ертегілер (58 мәтін)
3.
Қаһарманы адам және хайуан ертегілер (11 мәтін)
4.
Қаһарманы адам және жабайы хайуан ертегілер (3 мәтін)
5.
Қаһарманы адам және ғажайып мақұлық ертегілер (19 мәтін)
6.
Қаһарманы символ ертегілер (1 мәтін)
b)
Жалпы ерекшеліктеріне қарай:
1.
Шынайы ертегілер (67 мәтін)
2.
Қиял-ғажайып ертегілер (38 мәтін).
Түрік ертегілерін зерттеп, оларды аймақтық ерекшеліктеріне қарай зерттеген
көптеген еңбектер бар. Солардың бірі Саим Сакаоғлуның “Gumushane Masallari (Metin
Toplama ve Tahlil)” атты еңбегі. Бұл енбектің бір ерекшелігі ертегілерді зерттеу саласындағы
ең алғаш докторлық диссертация. Сакаоғлу өзінен бұрынғы зерттеулерге тоқтала келіп,
“Кейіпкерлерінің кейбіреуі хайуанаттардан және қиял- ғажайып бейнелерден құрылған,
оқиғалары ертегі әлемінде өрбіген, адам қиялынан жасалғанымен тыңдаушысын сендіре
алған ауызекі әңгіме түрі” - деп ертегіге түсініктеме береді. Сакаоғлу, Гүмүшхане және оның
маңайынан жинаған 70 ертегіні АаТҺ классификациясы бойынша жіктеп, ЕВ
классификациясындағы түр нөмірлеріні де бере отырып, варианттары арасында салыстырма
жүргізген.
Келесі бір еңбек Ерзурум ертегілерін жинақтап, зерделеген Билге Сейидоғлу
ертегілерді АаТҺ классификациясы негізінде екі топқа бөліп қарастырады. Бірақ
хайуанаттар жайлы ертегілер қарастырылмаған.
1.
Негізгі халық ертегілері (61 мәтін)
2.
Қалжыңдар мен анекдоттар (11 мәтін)
Зерттеуші ертегі мотивтерін “Эпизодтарына қарай мазмұны” деген тараушада
қарастырған. Б. Сейидоғлу “Erzurum Halk Masallan Uzerine Aratirmalar" атты докторлық
диссертациясын 1975 жылы қорғап, 1999 жылы жариялаған.
Елазыгтан жинаған ертегілер негізінде Умай Гүнай 1971 жылы “Елазыг масаллары”
атты докторлық диссертациясын қорғап, жинақтаған 70 ертегіні АаТҺ тәсілімен жіктеп,
АаТҺ және ЕВ классификациялары бойынша тип нөмірлері мен анықтамаларын бергеннен
кейін Пропп әдісімен зерттеген. Бұл еңбек 1975 жылы жарияланып, 1993 жылы екінші рет
қайта басылып шыққан .
“Түрік ертегілері” атты докторлық диссертациясын Наки Тезел 1971 жылы қорғап,
1971 жылы жариялаған. 1997 жылы еңбек қайта жарияланған. Еңбектің алғысөзінде
ертегілерге байланысты теориялық зерттеулер берген. Наки Тезел түрік ертегілерін екі топқа
жіктейді:
1.
Қияли ертегілер
2.
Шынайы ертегілер
Ахмет Али Арслан 1980 жылы қорғаған “Солтүстік-шығыс Карс және солтүстік
Британия халық әдебиетінде ертегілер” атты докторлық диссертациясында Ирландиядан 23,
Шотландиядан 22 және Карстан 30 ертегіні салыстырмалы түрде зерттеген. Еңбек 1998
жылы жарық көрген.
“Мың бір түн” ертегілерінің түрік ертегілеріне әсері туралы докторлық диссертация
жазып, 1982 жылы жариялаған Зият А. Аккойунлу түрік ертегілерін “Мың бір түн”
ертегілерімен салыстырып, “Мың бір түн” ертегілерінің түрік халық ертегілеріне әсері
болмағандығын жазады.
Келесі бір еңбек Жоғарғы Чукурова ертегілері туралы зерттеулер жүргізген Есма
Шимшек, жинақтаған 70 ертегіні АаТҺ классификациясы негізінде жіктеп, АаТҺ және ЕВ
классификациялары негізінде тип және мотив нөмірлерін берген. Еңбек 2001 жылы
Мәдениет министрлігі тарапынан жарияланған.
Аймақтық ертегілер бойынша зерттеулердің бірі Али Берат Алптекин тарапынан
зерттеліп, 2002 жылы “Ташелі ертегілері” деген атпен жарық көрген еңбек. Алитекин, 70-ке
тарта ертегіні зерттеп, АаТҺ және ЕВ классификациялары негізінде жіктеген .
Түркияда түрік ертегілерін басқа түркі халықтарының ертегілерімен салыстыра
|