«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет105/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник


часть правил, управляющих производством конкретной речевой продукции. В языке - с 
различной степенью строгости - закреплены лишь правила комбинирования грамматических 
категорий внутри фразы, фонологические правила, общепринятые значение слов. Между 
совокупностью этих правил, свойственных всем без исключения высказываниям, и 
конкретными 
характеристиками 
конкретного 
высказывания 
пролегает 
пропасть 
неопределенности. Эту пропасть заполняют, с одной стороны, правила, присущие каждому 
дискурсу в отдельности: официальные письма составляют иным образом, нежели письмо 
интимное; а с другой - ограничения, которые накладывает ситуация высказывания: личность 
адресанта и адресата, условия места и времени, в которых возникает высказывание. 
Специфика дискурса определяется тем, что он располагается по ту сторону языка, но по эту 
сторону высказывания, т.е, дан после языка, но до высказывания» [2, 9]. Әдебиеттанулық 
дискурс сөз арқылы беріліп отырған мағыналық қабатты, сөздердің тіркестері арқылы 
берілетін идеологиялық, концептуалдық, философиялық, эстетикалық қабатты құрайды. 
Әдебиеттану ғылымына керегі әдеби дискурс. Жоғарыда айтып өткеніміздей, әдеби 
дискурстың өзі пәнаралық ұғымдардан туындайды. Әдебиеттану үшін маңызды мәселе мәтін 
және дискурс ұғымдарының ара салмағы, арақатынасы болып отыр. Танымал голландиялық 
ғалым Т.Ван Дейк «К определению дискурса» деген мақаласында дискурс пен мәтіннін 
айырмашылыгын былай деп атап көрсетеді: «Дискурс - актуально произнесенный текст, а 
«текст» - это абстрактная грамматическая структура произнесенного (напомню: речь язык. 
Iangue parole, компетентность произносимость). 
Дискурс - это понятие, касающееся речи, актуального речевого действия, тогда как «текст» - 
это понятие касающееся системы языка или формальных лингвистических знаний, 
лингвистических компетентности» [3]. Ю.Руднев Ван Дейктің бұл анықтамасынан «дискурс 
мәтін емес, бірақ мәтінде бар, егер де мәтінді ойды жеткізудің, айтудың кешені, тізбегі деп 
қарастырар болсак, яғни сөйлеу (немесе коммуникативтік) акты және оның нәтижесі деген 
ұтымда»,- деген қорытынды шығарады. 
Көрнекті әдебиет теоретигі Т.Есембеков дискурс пен мәтіннің ара қатынасын талдай 
келе, жете түсінік бере отырып, дискурстың мәтіннен ауқымды екендігін атап көрсетеді: 
«Соңғы кездері «мәтінді» «дискурс» ұғымымен алмастыру жиі байқалады. Бұл терминді 
алғаш ғылыми айналымға енгізген Э.Бенвенист еді. Дискурс психолингвистика мен 
прагматикада кең қолданылып, мәтінге қарсы қойылды, өйткені ол өзіне мәтіннің пайда 
болу элементтері (прагматика) мен қабылдау барысын (психолингвистика) қарастыруды 
өзіне аударып алған. Ендеше дискурс - мәтінге қарағанда ауқымы кең ұғым. Мәтін - 
лингвистикалық құбылыс, дискурс - пән арқылы, яғни мәтінді бағыты бар әлеуметтік әрекет 
деп қабылдайтын, оның пайда болуын, бағалануын, талқылануын қарастыратын ұғым» [4. 
10-11]. 
Қазақ әдебиеттану ғылымында әлі күнге дейін көркем шығармаға дискурстық талдау 
жасаған зерттеулеріміз жоқтың қасы. Дискурстық поэтиканың методологиясы енді ғана 
жасалу, жетілдірілу үстінде. Дискурс пен мәтінге байланысты басы ашылуы керек түйіндер 
өте көп. Әдебиеттану ғылымы дәстүрлі шеңберде көркем мәтінді талдауға ғана дағдыланған. 
Мәтіннің тууы, онын структурасы мен стратегиясы, даму үдерісі, әлеуметтік 
қатынасқа түсуі мен қабылдануы, бағалануы, түсінілуі, түсіндірілуі сынды мәселелер қазіргі 
таңда жекелеген ғылым салалары, тәсілдер арқылы зерттеліп жүр. Алайда осы талдаулардың 
бәрі пәнаралық дискурстық талдаудың компетенциясына енетін дүниелер. 
Ю.Руднев дискурсқа жүктелген анықтамаларды, оның зерттеу нысандарын бағамдай 
келе мынадай пікірге тоқтайды: «Дискурс - такое измерение текста, взятого как 
цепь/комплекс высказываний (т.е. как процесс и результат речевого (коммуникативного) 
акта), которое предполагает внутри себя синтагматические и парадигматические отношения 
между образующими систему формальными элементами и выявляет прагматические 
идеологические установки субъекта высказывания, ограничивающие потенциальную 
неисчерпаемость значений текста» [1]. Дискурстық поэтиканың методологиясын анықтауға 
талпынған Ю.Рудневтің зерттеулерінде әдебиеттану ғылымы аясындағы дискурстық 
талдаудың әдіс, тәсілдерін анықтауға, олардың өзара байланысын, нысанын нақтылауға 
деген талпыныстар жасалған. Синтагматикалық және парадигматикалық дискурстердің 
спецификасы мен функциясын анықтау дискурстық поэтика үшін аса маңызды. Мәтінді 
дискурстық фрагмент деп қарастырып, әдеби шығарма дискурсына келер болсақ, 
парадигматикалық дискурс автор санасындағы көркем ойдың әдебиеттің қандай тегі арқылы 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   101   102   103   104   105   106   107   108   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет