Қызойнақ - бозбала, бойжеткендердің бас қосып өткізетін ойын-сауық кеші [ҚТТС, 6т., 556 б. ].
Күйеу келген ауылда қыз-келіншек, бозбала жиналып, қызық тамаша қызойнақ қытақ еді(Ғ.
Мұстафин).
Ұмыт болып бара жатқан әдет-ғұрыптың бір түрі - қызкәде ойыны. Қызкәде қызды алуға
келген жігіттер тобына және күйеу жігіттің өзіне қайын жұрты тарапынан қойылатын талап-
тілекке, дәстүрлі ырымдарға байланысты туған. Мысалы, беташар ойынында қызға қандай
талап қойылса, кызкәдеде күйеуге сондай талап қойып, қайын жұрттың алдында басын игізеді,
Осыған қарағанда беташар мен қызкәде ойындарының түпкі мақсаты қыз бен жігіттің отбасын
құруын екі жақтың ру елі болып жұрт алдында мойындаттырып алу болып табылады. Қызкәде
ойынында қыздың жеңгелері мен елінің жігіттері ортасында сәукеле киіп, ұзатылатын қыз
тұрады. Осы арада неше түрлі әзіл-қалжың, айтыс басталады. Күйеу жігіт жағы осы сөз
таласында жеңсе, қызды алып жүре береді, жеңе алмаса кәдесін береді. Кәдеге разы болмаған
қыз жағының жігіттері күйеудің жолдасын (қосшысын) тарта жөнеледі. Суырыла сөйлейтін
шешен жігіт, тілмар келіншек тағы да тартысқа түсіп, үлкендердің араласып, басалқы айтуымен
әрең дегенде тоқтап, қызды шығарып салады. Қазақта «қалыңсыз қыз болса да, кәдесіз қыз
болмайды» деген мақал осыдан қалса керек. Қыз ұзатылғаннан кейін «тоқымқағу» дәстүрі
бойынша жиналған жұртқа мал сойылып, қонақасы беріледі. Жиналған жұрт таң атқанша
отырып, өлең айтысып, ұзатылған қызға деген ізгі тілектерін білдіріп, ата-анасының көңілін
көтеретін болған [121, 18-19 бб.].
Ертеде жастардың сүйіп ойнайтын ойындарының бірі - бастаңғы//бастан. Бастаңғы -
үлкендер жолаушылап кеткенде қалған қыз-келіншектердің бас қосып, тамақ әзірлеп, ойын-
сауық құруы [ҚӘТС, 3 т., 69-70 бб.]. Тоғжан үйінің үлкендері жүріп кеткен соң, құрбылары жиналып келіп, бастаңғы істетіп жатыр(М.Әуезов). Бастаңғы кейбір жергілікті аудандарда
(Талдықорған, Семейдің оңтүстік аудандарында) бастан болып та айтылады. Мал coйып жастар oйнап бір жиылар, Қалқаман бастан қыл деп қызға келді, Азар болса бір тоқты шығын шығар (Ш.Құдайбердиев). Бұл лексема әртүрлі дыбыстық нұсқада түркі тілдерінің
бірқатарында кездеседі: татар диалектісінде - бастаңғыр «жаздыгүні жастар кеші», құмық
тілінде «бастанғыр». ноғай тілінде - бастанув- «қыздар бас қосқан кеш». Орта Еділ бойындағы
халықтардың рухани мәдениетін зерттеген Р.Г.Ахметьянов бастаңғы сөзін бастан кур «баштандағы (бақтағы) жастар ойыны» сөзінен шығарады. Бастан сөзі парсының бустан «бақ»
сөзінен ауысқан деп түсіндіреді [47, 106 б.]. Қазақ тілінің этимологиялық сөздігінде бастаңғы
сөзінің шығу тегін «тамақ жасау, тамақ пісіру» мағынасында шығыс түркі тілдерінің сөзінен
шығарады. Алтай, гува тілдерінде паштанчы, «аспазшы», паштаныр«тамақ жасау» [ҚТҚЭС,
57 б.]. В.Радлов телеут тілінен келтірген чын иолға паштанды «сәтті жолға аттанды» деген
мысалға Карағанда, бастан сөзі жолаушы адаммен байланысты сияқты, ср. телеут тілінде
паштандыр«жіберді, орналастырды» [Рсл., IV
T
.,
С
.
1204, 1205]. Бұл пікірлер бастаңғы сөзінің
тегі түркілік екенін байқатады. Бастаңғы өте көне сөз, халық этимологиясы бойынша, ол
«басты танудан» шыққан, Ауылда қалған адамдарды тағаммен сыйлап, жолаушының «басын
таңып» жібермесе, оның басы ауырады-мыс [ҚТҚЭС, 57 б.]. Қазіргі кезде қалалы жерде қыздар,
әйелдер бас қосыл кеш жасау әдеті бар, бірақ оны көбінесе орысша девичникдеп атайды.
Ертеде үлкен ас беру кезінде ойналған ойынның бірі - түйе шешу. Бұл ойын мүлде
ұмыт болып кеткен. Оның себебі, Б.Төтенайдың пікірінше, кейбір жағдайларда заман
этикасына лайықсыз болғандықтан, ойынның өткізілмегендігінде [121, 14 б.]. Түйе шешу
ойыны А.Мұрғабаеваның пікірінше, қазақ, қырғыз арасында XX ғ. басына дейін сақталып
келген және ас беру дәстүрінің бір элементі болған эротакалық ойын рәсімдерінің бір түрі.
Онда өмірдің жалғасымдылығы, жасампаздық магиясының рәміздік бейнесі сақталған. Сол
себепті оны әсіресе сексуалдық тұрғыдан табиғи ұятсыздық, әдепсіздік деп бағалаған дұрыс
емес. Түйе шешу рәсімінен анайылықты емес, керісінше, ас кезінде тіршілікті жалғастыру
қажеттілігі идеясын көрген дұрыс. Басқаша айтқанда, түйе шешу ойыны оргия емес, өмір
тойының бір сәті, көшпелілердің дионисшілік мәдениетінің көрінісі [62, 46 б.]. Ойынның
қысқаша суреттемесі мынадай. Түйе шешу ойыны әдетте үлкен ас кезінде жүргізілген. Атан
түйеге бағалы зат, сый артылып, оны арқанмен қазыққа әбден матап, байлап қояды. Кейбір
деректерде тыр жалаңаш, кейбір деректерде жартылай жалаңаш екі қолы байлаулы әйел ереже
бойынша тістерімен түйені шешуге тырысады. Пиғылы жүзеге асса, ол түйені де, оған
артылған жүкті де өзіне алады. Бұл рәсім-ойынды біршама қашықтықта отырған көрермен жұрт
күлкі астында тамашалап отырады [127, 356 б.]. Г.Симаковтың деректерінде қырғыздарда бұл
ойынға айғыр рөлін ойнайтын еркекпен, бие рөлін ойнайтын әйел бірден қатысады екен [83,
с.120]. Бұл ойын туралы деректерді белгілі суретші Н.Г. Хлудовтың «Бәс тігілген той» атты
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Фіыояогия гылымдары» сериясы, Л'?.? (32),20Юж. Мемлекеттік музейде сақтаулы туындысынан, А.Байтұрсыновтың осы сурет туралы
рецензиясынан, Ә.Марғұлан, М.Тәнекеев, Р.Кукашов, т.б. еңбектерінен кездестіруге болады.