«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет49/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

бололцох «қыз алысып туысу», ураг болох «құда түсу» сөздерімен, осы мағынада саха тіліндегі 
урула сөзімен урууғ «үйлену тойы» сөздерімен тектес [47, 87 б.]. М.Рясянен, Г.Вамбери, В.Банг, 
Э.В. Севоргян, Ә.Қайдар ұрун сөзінің негізгі жалпытүркілік ур үр «дән, ұрық» сөзінен 
шығарады. Оның қатысуымен түркі тілдерінде ұрғашы, ұру (ру), үрәм-бұтақ, өрен, өркен 
(жаю), үрім/ұрым («Ұлым өссе - үрімге, қызым өссе - қырымға») т.б. сөздер туған [47, 89-90 
бб.]. Соңғы екі пікірде (К.К.Юдахин мен Э.В.Севортян, т.б.) семантикалық байланыс бар деп 
қарауға болады: етістік түбір ұр сөзінде «жақындасу, құда түсу» ұғымдары, ал зат есім ұр/үр 
сөзінде етістік түбір ұр-дың нәтижесі іспеттес «ұрық, ұрпақ» ұғымы қатысып тұр. Ал бұл 
екеуін (етістік түбір ұр мен зат есім ұр/үр) ұрлану мағынасын тудырған ұр түбірімен омонимдес 
тұлғалар деп қарауға болады. Шынында, күйеудің әкесі, күйеу жолдас және 5-6 жігіт атқосшы 
қосып, қаншама сыйлықпен аттандырса, оны құдалар жағы біліп, алдын ала жеке отау тігіп
қошаметпен қарсы алса, ұрын келуді жасырын, ұрланып келу ұғымына байланыстыру қисынға 
келмейді. 
Үйленуге байланысты көне заманнан белгілі салт атауының бірі - ілу. Ілу кұдандалы 
адамдардың бір-біріне сыйға тартатын, құрмет үшін беретін заттарды, тарту [ҚТТС, 10т., 435 
б.]. М.Әуезовтің қолданылуында қалыңның бас сыйлығы. Мысалы, қалыңмал басы 
Алшынбайдың өзіне арналған кесек күміс бесік жамбы. Бұл ілу деп аталады (М.Әуезов). 
Е.Жанпейісовтің түсіндіруінше, ілу моңғолдың 1) бесік, 2) сом күміс, алтын мағынасындағы 
өлгий сөзінің қысқартылып, ықшамдалған түрі. Және ол қазақ тілінде ежелгі дәуірдегі күміс 
ақша, теңге, жамбы мағынасында қолданылған елгей сөзімен байланысты. Мысалы, Екеуің 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет