Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Фіыояогия гылымдары» сериясы, Л'?.? (32),20Юж.
шілдехана т.б. үлкенді- кішілі той-жиын мерекелердегі тұрмыс-салт жырларының орындалу
үрдісі, өмірдегі нақты көрінісі ойын түрінде іске асырылып отырған. Ойынның бұл түрін
Б.Төтенай әдет-ғұрып ойындары деп атап, оған қыз ұзатқанда және үйлену тойында өткізілетін
ойын-сауықтарды жатқызған. Мысалы, үйлену тойында өтетін ойын-сауықтар: «тоғыз аяқ»,
«тоғыз табақ», «жар-жар», «беташар», «құда тарту», «қолұстатар», «шашсипатар», «некеқияр»,
«кемпірөлді», «шымылдықбайлар», «сақинасапар», «есікашар», «атбайлар», «түндіқашар»,
«итырылдатар», «тоқымқағар», «қынаменде», «қызкәде», т.б. жол-жоралар аталады [121, 17-18
бб.]. Бұған қоса «қызойнақ», «кіндік кесу», «бесікке салу», «шашу», «ас беру», т.б. салттармен
байланысты ойын түрлерін атауға болады.
Бұл ойын-сауықтардың «жар-жар», «беташар», «сақинасалу», «құйрық-бауыр асату»,
«шілдехана», «тұсаукесу» сияқты кейбір түрлері бұрынғыдай болмағанымен, ел арасында қазір
де ойналады. Ал көпшілігі ұмыт болып бара жатыр. Сол себепті біз
ұмыт болып бара жатқан
әдет-ғұрып ойындарының кейбіреулеріне ғана тоқталамыз.
Солардың бірі -
ұрын бару. Жігіт жағы мен қыз жағы құдаласып келіскеннен кейін,
қыздың қалыңмалы төленіп бітісімен не төленуге жақын қалған кезде күйеудің алғаш рет
қалындығын көру мақсатында қайын жұртына баруын «ұрын бару», «ұрын келу» деп аталады.
Тарихшы-этнограф ғалым Х.Арғынбаевтың пікірінше, «ұрын барудың» негізгі мақсаты
жастардың
өзара тілдесіп, бет-жүздерін көрісіп, құшақ айқастырып жақындасуы нәтижесінде
олардың арасында махаббат сезімін ояту екені даусыз. Көптеген авторлар ұрын баруды
күйеудің қалыңдығына ұрланып баруына байланысты деп жаңсақ пікірлер айтады.
Біздің
ойымызша, бұл атау көне түркілердің
урун сөзінен шыққан:
бағңырсақны булса бағырқа үрун.
«Егер мейірімділік тапсаң оның бауырына кір» (ДТС, с.615) [125, 189-190 бб.]. В.Радлов
ұрұн
етістігінің екі мағынасын келтіреді: 1) сағай, қойбал тілдерінде, ұйғыр-шағатай жазбаларында
бір нәрсеге тиісу, бір нәрсемен кездесу:
сабук йус урунды пажінжы сабит (ұйғ.). «С веселым
лицом встречает нас пятая (планета) Венера»; 2) ұрұн (қаз.) жасырын.
Ұрұн келеді - ол
қалыңдығына жасырын барды [Рсл, 1т., с.1660-1661].
Ұрын сөзінің мағынасы В.Радлов
келтірген алғашқы мағынаға жақындайды.
К.К. Юдахиннің пікірінше,
қырғыз тіліндегі урун лексемасы «ұру, соғу» мағынасында.
Етістік түбір ұр-дан шыққан, ср.
бас ұру. құлдық ұру. Бұл тұрғыда
ұрын моңғолдың
ураг/ураг
Достарыңызбен бөлісу: