68
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж.
тәсілдерін, техникалық құралдарын, басқаша айтқанда, оқытудың жаңа технологияларын
іздестіріп, ұтымды пайдалануды талап етеді. Осыған байланысты, орыс бөлімдерінде қазақ
тілін оқытуда тиімді болатын түрлерін бөліп алу қажет.
Яғни орыс бөлімдерінде қазақ тілін окытуда компьютерді қолдану өте тиімді екен
деген пікірге келдік. Мұның бірнеше себебі бар:
-
біріншіден, компьютердің дидактикалық мүмкіншіліктері, басқа құралдарға
қарағанда
мол екендігі байқалады;
-
екіншіден, компьютер өндірісте бар, ғылыми-техникалық прогрестің
талаптарына, сонымен бірге, оқытудың жаңа технологияларына сай келеді;
-
үшіншіден, бұл құралдардың кейбіреуін аудиторияда ғана емес, үйде де
қолдану мүмкіндігі бар. Ал бұл өзге тілде сөйлейтін оқушылардың қазақ тілін өз бетінше,
саналы және тез үйренуі үшін өте маңызды;
-
төртіншіден, техникалық жағынан пайдалану қиын емес.
Орыс тілді оқушылардың қазақ тілін үйрену сапасын арттыруда өзіндік жұмыстың
маңызы зор. Себебі, нәтижеге өз бетімен еңбектеніп жететіндіктен, оқушы немесе студент
материалды саналы түрде меңгереді. Еңбекте оқушының және студенттің берілген мәліметті
ұмытпауына, оның әрі қарай толықтырып, бекіте түсінуіне мүмкіндік жасайтын
аудиториядан тыс өзіндік жұмыс түрі ұсынылады. Өзіндік жұмысты үйде орындауға
мүмкіндік беретін құрал компьютер болғандықтан, аталмыш жұмыстың компьютердің
көмегімен орындалатын түрлері көрсетіледі. Бұл өзіндік жұмыстың ерекшелігі: сыныпта,
аудиторияда оқылған материалды олардың ұмытып қалмауына, керісінше, оны әрі қарай
толықтыруға, нығайтуға септігін тигізеді, өзіндік жұмыс бір лексикалық тақырып
төңірегінде құрылады. Мұның пайдасын былайша түсіндіруге болады: тақырып арқылы
сөйлеуге үйрету, біріншіден, тіл үйренушілерге не туралы айту керек екенін аңғартса,
екіншіден, қалай айту керек, қандай сөздерді білу керектігіне назар аудартады және соған
қатысты өмірлік жағдайды меңгертуге жәрдем береді.
Электронды оқулықтар арқылы
монологтық айтылым, сұхбаттық айтылым,
Достарыңызбен бөлісу: