«Филология ғылымдары» сериясы Серия «Филологические науки»



Pdf көрінісі
бет91/137
Дата13.03.2023
өлшемі1,79 Mb.
#73656
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137
Байланысты:
Хабаршы вестник

82
 
Абай атындагы ҚазҮПУ-дың Хабаршысы, «Филология гылымдары» серимы, Ко2 (32/,2010ж. 
журналының 4-санында «Пайғамбар» өлеңінің қазақша аудармасы жарық кереді. Оны 
тәржімалаған сол кездегі 19 жасар жас ақын - Қошке Кемеңгерұлы. Зерттеуші: 
«Қ.Кемеңгеров «Пайғамбардың» желісін бұзбай, лұғатын, көркемдік суреттеу құралдарын 
қалпынан айнытпай түсіруге тырысқан. Түпнұсқаның рухын ұғынып, көпшілікке түсінікті, 
оқуға жеңіл болар деген ниетпен ол кәдімгі 11 буынды, 4 жолды өлең формасын таңдап 
алған. Тәржіманың тілі жатық, сөз кестесі әжептәуір»,- дей келе, тәржіманың осал тұстарын 
да дөп басып көрсетеді. «Ақынның «Глаголом жги сердца людей» деп келетін ең мықты, ең 
негізгі түйінін жеріне жеткізе айта алмаған. Әсіресе, «күйдір» сөзі күшті де, дәл де емес. Ол 
« жандыр» мағынасында алынса әлдеқайда мағыналы болатын еді. Тәржіманың елеулі міні: 
кейбір тармақтардың түпнұсқадан алыстап кетуінде. Мәселен, төртінші шумақтың алғашқы 
екі тармағы орысшадағы : « И дальней лозы прозябане» сөзінен басқашалау - «Сай-сайды 
өрлеп біткен бала қайың, Толықсып гүлденгенін күн-күн сайын» болып шыққан. Осындай 
ауытқуларына қарамастан Пушкиннің ең бір күрделі де көрікті шығармасы «Пайғамбар» 
тұңғыш рет ана тілімізге тәржімаланып, орыс поэзиясын насихаттау, оның жанды мұрасын 
игеру бағытындағы ортақ іске азды-көпті себін тигізді» С. Сейітов әдеби процестерге 
осылайша салмақты, ойлы талдау жасай отырып, қазақ әдебиетінің алғашқы қалыптасу, 
даму кезеңіндегі аяқалысын, бағыт-бағдарын бақылап, жаңашырлықпен ұлттық руханиятқа 
зор үлес қосты. Ғалымның жан-жақты ізденімпаздығы мен тереңдігі талайды тәнті етті. Екі 
тілге жүйрік С. Сейітов зерттеулеріндегі әсіресе, аударма саласы туралы терең, мағыналы 
пікірлер - біздің бүгінгі әдебиетіміз үшін құнды мұра екені белгілі. Құндылығы сол - бұл 
қазақ әдебиетінің енді қалыптасып жатқан кезеңдегі, әдебиет алыптарының М.Әуезов, 
С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С. Мұқанов сияқты тұлғалармен йықтас жүріп, көзін көріп, өз 
құлағымен естіген тарихи деректерге толы ғылыми еңбектер. Жалаң сөзге емес, нақты 
дереккөздерге сүйеніп, жылнамаларды дәл келтіріп айту - С. Сейітов шығармашылығына 
тән басты ерекшелік. Әлемдік әдебиеттен орын алған А.С. Пушкиннің шығармашылығын 
терең талдай, жан-жақты зерттеу аса білімділікті талап етеді. XX ғасырдың басындағы 
әдебиетші қауымның Пушкиннің шығармашылығына соқпай өткені кем де кем. Бірақ оның 
бәрі асыл ма, жасық па? С. Сейітов зерттеулері осыны сараптайды. 
1949 жылы Пушкиннің туғанына 150 жыл толуына орай «Таңдамалы шығармалары» 
жарық кереді. Аударманың редакциясын басқарған М. Әуезов пен Ғ. Мүсірепов болды. 
Мұнда Абай аудармаларынан бастап, 52 тәржіма енеді. Ал 1953-54 жылдары Қазақтың 
мемлекеттік көркем әдебиет баспасы «Шығармалар» деген атпен Пушкиннің төрт томдығын 
шығарады. Бұл жинақта біраз өлеңдер жаңадан аударылды. Aтап айтқанда, «Ағайынды 
қарақшылар», «Бақшасарай фонтаны» (аударған - Т.Әлімқұлов), «Тазы ит» (аударған - 
Ғ.Қайырбеков) т.б. Мұнан басқа жеке басылымдарда орыс халқының «Хан Салтан туралы 
ертегі» (аударған - Ж.Молдағалиев), «Балықшы мен балық туралы ертегі» (аударған - 3. 
Қабдолов) жарық көреді. Осылайша Пушкин шығармалары ана тілімізге аударылуы арқылы 
халқымыздың көркем сөз қазынасы байи түсті. Ұлы Абайдан бастау алған аударма саласы 
туралы қазақтың көрнекті қаламгері С. Сейітов осы асыл қазыналардың құндылығын 
құнттап, өз уақытында әділ баға беруге ақын ретінде де, ғалым ретінде де белсене 
атсалысады. Ол ұлттық аударма саласында өз міндетін абыроймен орындаған санаулы 
білікті ғалымдарымыздың бірі болған еді. 
Пушкинді түсіну - оның поэзиясында ақынның өзіне ғана тән таңғажайып қасиеттер, 
дарын даралығы, болмысты қабылдау, суреттеу байлығы орасан күшпен көрінетіндігін 
қатесіз байқау, сезім арпалысы мен болмыс қайшылықтарын дөп басу. Пушкин поэзиясының 
рухани сұлулығын, нәзіктігін, сезім күйлерінің ізгілігін, кісілік ойының тереңдігін 
поэмаларын оқыған шақта ғана емес, аударған тұста да қадір-қасиеттерін жоғалтып алмауды 
басты назарда ұстаған ғалым өзі зерттеген ақындар шығармашылығына осы бағытта үңілген. 
Ұлттық әдебиетімізге аударма арқылы көркем образдардың, сиқырлы теңеулер мен сыршыл 
сөздердің мол қоры қосылды. Арзан сөзді кабылдамай, кіл жауһарларды теріп, асылдарды 
ғана жинауды үлгі еткен ғалым өз ісін мұқият атқарды. Ол туралы әріптесі Ә.Нілібаев былай 
дейді: «Сәкеңнің ғылыми еңбектеріндегі кейбір ерекшеліктерді айтсақ, біріншіден - оның 
еңбектері құрғақ ғылыми талдау емес, жеңіл оқылатын, оқушысына сан алуан ғибрат 
ұқтыратын қызықты шығарма ретінде оқылатындығы, яғни тілінің байлығы. Екіншіден 
автордың өрісінің кеңдігі, тың, нақтылы дәлелдермен анық, түсінікті етіп айтып беретіндігі, 
мол білімдарлығы. Үшіншіден - ғылыми еңбектерінде үнемі халықтар достығын, әдебиеттер 
достығын үзбей уағыздап отыратындығы»,- дейді . Әлемдік рухани кеңістік төрінен орын 
алған А.С. Пушкин шығармаларының аударма сапасын сараптау - оңай іс емес. Десек те, С. 
Сейітовтың теориялық білімі мен ақындық таланты және екі тілге жүйріктігі осындай 
салмақты зерттеудің мән-мағынасын тереңдете түскендігі анық. 


83
 
Весіпниі: КазНПУ имени Абая, серия «Филологические науки», № 2 (32), 2010 г. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   137




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет