Сәуегейлік (апокалиптика) әдебиет. Пайғамбарлар кітаптары ежелгі еврей әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерге толы ең маңызды жанрының бірі болып саналады. Бұл кітаптарсыз әдебиеттің болмысы мүлдем өзгеше болар еді. Мұндай сәуегейлік кітаптар бізге YIII-YI ғ. тоқырау кезінде еврейлердің рухани өмірінің негізі болған бір ғана қоғамдық ерекшелік болып табылатын пағамбарлық қозғалыстың рухын түсіндіреді. Әр халық өз дамуында шамандық, бақсылық бейнелерді білетін. Мұндай қасиетті бар адамдар Ежелгі Палестинада да болды. Қалыпты адамдар олардан қорқып, кейде тыңдайтын, бірақ мұндай «қасиеттілерді» тіпті сыйламайтын.
Шамандық желігудің көне стихиясы біртіндеп мүлдем жаңа оймен сипаттала бастайды. Пайғамбар мұнда зұлым күшке қарсы тұрмайды, керісінше жалғыз мейірімді Яхве құдайына өмірінің соңына дейін тәуелді болады. Яхве үшін ол жердегі күштермен күреске шығып, тіпті Дәуіт патшаның уәзірі ретінде қызмет еткен пайғамбар Натан да патшаға қарсы шығып, патшаның өз беделін жаман істер үшін қолданып жүргеніне қатты ызаланады. Пайғамбарларлар өздерінің парызын өтеу үшін әлемде барлығын ұмытуға дайын, олар адамзат баласын тура жолға түсіруді өздерінің парызы деп санайды.
Міне, пайғамбарлар жайындағы әңгімелерден кейін, біз олардың өздерінің дауыстарын естиміз: б.з.д. YIII ғ. бері олардың насихаттары жазылып келе жатыр. Амос, Исаия, Иеримия, Иезиккиль сияқты пайғамбарлық қозғалысқа қатысушыларды ежелгі еврей әдебиетінің негізін қалаушылар ретінде тануымызға болады. Олардың өмір сүрген кезеңінде шығыс Палестинада жаңа діни-философиялық жүйелер пайда болып, Грекиядағы Гомер мен Гесиод сияқты алғашқы философтар мен лириктердің пайда болу кезеңімен сәйкес келді.
Пайғамбарлардың әр сөзі Яхвенің атынан айтылатын. Пайғамбарлардың құдайы Таяу Шығыстың халқы бұрын-соңды білмеген мүлдем басқа құдай болатын. Ол өзіне құрбандық шалып, сый тарту етуін немесе мейрамдар жасауды талап етпейді. Керісінше, оның елшілері құдайға жақындау үшін құрбан шалып, діни жоралғыларды орындаған адамдарды келеке еткен.
Осылайша, пайғамбарлардың насихаттары - бұл адамдардың рухани, ішкі жандүниесі мен парасаттылығының белгісі. Пайғамбарлық кітаптарды жазушылардың алғашқылары ретінде Иудейдің солтүстігінен шығып, б.з.д. YIII ғ. Израильде көзге түскен Амос малшыны айтуға болады. Ол Израильдің гүлденген кезеңінде өмір сүрді. Бірақ Амостың ойынша мемлекеттің гүлденуі шын мәнінде өтірік пен зұлымдылықтың негізінде қалыптасты.
Амостан кейінгі пайғамбарлар адамдарға Яхвенің опасыздыққа байланысты үкімін түсіндірген Осия (Хошеа) мен үш «ұлы пайғамбарлардың» бірі Исаия болды. «Исаия пайғамбардың кітабы» 66 тараудан тұрып, оның тек отыз бесінде ғана шамамен б.з.д. 740 жылы өзінің уағызын айта бастаған Исаия туралы жазылған. Сол кезде оның қоғамы мен айналасы өшпенділік, соғыс пен адамдардың жазықсыз қанына толы еді.
YI немесе Y ғ. «Исаия кітабының» соңғы тарауларын жазған авторды немесе авторларды Тритоисаия деп атау қалыптасқан. Гебраист А.Вейзер бұл кітапта түрлі дәуірлерде жазылған тарауларға қарап, оны әр кезеңде түрлі адамдардың қолына алып отырғанын байқайды. Иеремия халқы арасында ең мұңды пайғамбар әрі ақын ретінде танылғандықтан, өзі жазбаған жоқтау (кина) үлгілеріндегі Иерусалимнің құлауына арналған «жоқтау өлеңдерін» де оған таңады.
Пайғамбарлардың өздерінің шәкірттері екі ғасырға кеш болса да пайда бола бастады. Олар Исайдың идеялары мен ойларынан тәжіребие алып, кейін олардың насихаттары Исай кітабына енеді. Оның 40-55 бөлімдерінің авторы II Кир кезінде, яғни б.з.д. 6 ғасырда өмір сүрген. Ол ғылымда Дефтероиса деп аталады.