Филология ғылымдарының докторы, профессор Т. С



бет80/155
Дата05.02.2023
өлшемі1,06 Mb.
#65297
түріОқулық
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   155
Байланысты:
1240 lem 1241 debieti O 1179 uly 1179

Герберт Уэллс (1866-1946) ғылым мен қоғамның болашақта дамуы туралы пікірлер көрініс тапқан әлеуметтік-философиялық фантастиканың шебері әрі фантаст-жазушы ретінде танымал болған. Ғылыми-техникалық прогрестің жолдары мен оның адамзат тағдырына әсе­рі жайлы мәселелер Уэллс шығарма­шылығының негізін құрайды. Уэллстың ойынша, техни­ка­лық жетістіктер адамдарды бақытты ете алмайды. Оның болашақ жайлы суреттерінде оптимизмнің белгісі болмады. Уэллстің шығармашылығы екі негізгі бағытта дамыды: ғылыми-техникалық романдары мен әлеуметтік-тұрмыстық романда­ры алма кезек келіп отырды. «Махаббат және мистер Льюишем» (1900), «Құдайлардың тағамы» (1904) мен «Кипс» (1904), артынша «Тоно-Бенге» (1909) және «Анна Вероника» (1909), «Мистер Поллидің тарихы» (1910), «Әйел алу» (1912), «Сэр Айзеке Харманның әйелі» (1914) атты роман­дары жазылды. Кейінгі жылдары «Ремпол аралындағы Мистер Блетсуорси» (1928) романынан соң «Блэптан келген Белпингтон» мен «Крокет ойыншысы» атты повестері (1936), «Сақтық қажет» (1941) атты романы дүниеге келеді.
Жаңа замандағы адамзат баласының әлі де болса кемелдіктен алыстығы жайлы ой Уэллстің басқа шығармаларында көрініс табады. Сондықтан көпте­ген ғылыми жаңалықтар сәтсіздікке ұшырайды («Құдайлардың тағамы»). Әйтсе де ХХ ғасырдаға ғылыми фантастикаға Уэллстің қосқан үлесі ұшан теңіз.
Джон Голсуорси (1867-1933) – реалистік өнердің нағыз жақтасы, «Форсайттар туралы сага» атты роман топтамасының авторы. Голсуорси үшін реализм түсінігі өзі өмір сүрген дәуірдің ерекшеліктерімен анықталатын кейіпкерлердің шынайы бейнесін жасаумен тығыз байланысты болады. Госуорсидің шығармашылығына әлеуметтік-психологиялық бақылау­дың маңыздылығы, күнделікті өмірдегі адамның бейнесіне терең бақылау жасау мен лиризм­ге толы сыншылдық тән.
Голсуорси заң қызметкерлерінің отбасында дүниеге келген. Оның анасы халықаралық төрешінің қызы болған. Сондықтан да ата-ана ұлдарының заңгер болуын армандаған.
Бірінші дүниежүзілік соғыс басталысымен жазушының шығармашылығына соғысқа қарсы бағытталған тақырыптар ене бастайды. Оның зардаптарынан адамдардың басына түскен қайғы-қасіреттері туралы жазылған шығармалардың мазмұны жазушының адамгер­шілік құндылықтары арқылы анықталады.
Голсуорсидің Форсайттар әулетінің ұрпақтары, олрадың 1886-1926 жылдар аралығын­да­ғы қырық жылғы тарихы мен олардың өмірі, әдет-ғұрпы мен адамгершілік қағидалары туралы жазылған «Форсайттар туралы сага» деп аталатын романы жазушының ең жоғарғы шы­ғар­машылық жетістігі болып табылады. Романда англо-прустық соғыс, Виктория хан­шайымының өлімі, бірінші дүниежүзілік соғыс, 1926 ж. көтеріліс сынды сол дәуірдегі маңыз­ды оқиғалар көрініс тапқан. Форсайттық топтама екі трилогиядан құралған. «Форсайттар туралы сага» атты алғашқы трилогиясы «Меншік иесі» (1906), «Ілгекте» (1920), «Жалға беріледі» (1921) атты романдар мен «Форсайттың соңғы жазы» (1918) және «Серпіліс» (1920) атты интерлюдиядан тұрса, «Осы күнгі комедия» атты екінші трилогиясы «Ақ маймыл» (1924), «Күміс қасық» (1926), «Аққулар әні» (1928) романдары мен «Идиллия» (1927), «Кездесулер» (1927) атты екі интерлюдияны қамтиды.
1932 жылдың қараша айында Голсуорсиге Нобель сыйлығының берілгені туралы хабар келеді. Сол уақытта жазушы қатты сырқаттанып, ауыр халде болатын. Жазушы дәстүр бойынша сыйлықты тапсыру салтанатында айтатын сөзін дайындай бастайды, бірақ желтоқсанға белгіленген салтанатты рәсімге қатыса алмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   76   77   78   79   80   81   82   83   ...   155




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет