Философия, II бөлім. Онтология. Гносеология. Әлеуметтік философия


ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ



Pdf көрінісі
бет85/87
Дата16.02.2023
өлшемі0,59 Mb.
#68411
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87
Байланысты:
Философия, II бөлім. 2

ҚАЗІРГІ ЗАМАННЫҢ ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМАЛАРЫ
Адамзат дамуының қазіргі кезеңінің ерекшелігі - әлемдік 
(ғаламдық, жаһандық), глобальды (лат. globus – жер шары) 
проблемалардың пайда болуы. Олардың қалыптасуы адам қоғамының 
өзінің эволюциясымен, оның ішінде елдердің, мемлекеттердің соңғы 
он жылдықтардағы экономикалық, саяси және әлеуметтік үрдісінің 
өзгешеліктерімен,
әсіресе
қазіргі
ғылыми-техникалық 
революциясымен тығыз байланысты.
Бұл проблемалар қоғам өмірінің барлық салаларын, елдердің 
басым көпшілігін қамтиды және оларды шешу үшін тіпті ең күшті 
дамыған мемлекеттің де шамасы келмейді, ол үшін көптеген 
мемлекеттердің немесе бүкіл адамзаттың күш-қуатын жұмылдыру 
керек. Сондықтан да осы проблемалар әлемдік (глобальды) деп 
аталады.
Айтатын тағы бір ерекше жағдай - әлемдік проблемалар жер 
бетінде өмірдің, тіршіліктің әрі қарай жалғасуына, адамзат баласының 
болашағына үлкен қауіп төндіріп тұр, гамлеттік «болу не болмау?» 
сұрағы күн тәртібіне қойылуы мүмкін. Басқаша айтқанда ең басты 
құндылық - өмірді, тіршілікті сақтау, адамзаттың аман қалуын 
қамтамасыз ету ғаламдық проблемалардың оңтайлы шешілуіне 
байланысты деуге болады. Көптеген ғалымдар, қоғам, мемлекет 
қайраткерлері, әртүрлі халықаралық, аймақтық ұйымдар осы 
проблемаларды терең, жан-жақты зерттеумен айналасуда, 
тығырықтан, тұйықтан шығудың жолдарын іздестіруде (мысалы, 
«Рим клубы»). Сөйтіп, ғаламдық проблемалардың себептерін және 
оларды шешудің жолдарын зерттейтін глобалистика пайда болды.
142


1. Қазіргі әлемдік дамудың 
ерекшеліктері
Әлеуметтік өзгерістердің әр бағыттылығы, түзу сызықты еместігі, бір қалыпты 
дамымауы. Қоғамдық прогресс абсолютті емес, ол регреспен, тоқыраумен немесе 
құлдыраумен алмасуы мүмкін.
Қалыптасқан мемлекетаралық қатынастар жүйесінің тең салмақты еместігі және 
тұрақсыздығы, соның нәтижесінде екі қарама-қарсы тенденциялардың (бір полярлық 
әлемге тырысу мен көпполярлық әлемге тырысу арасындағы) бір-біріне қарсы күресі, 
әртүрлі аймақтық және жергілікті жанжалдар (конфликтілер) орын алды.
Жаңа ақпараттық технологияларды енгізуге байланысты әлеуметтік-экономикалық 
және ғылыми-технологиялық даму қарқынының өте жеделдетілуі
Масштабтылығы 
(масштабность)
жеке 
елдер 
және 
аймақтар емес, бүкіл 
адамзатқа маңызы бар.
Өткірлігі
(острота)
кешіктірмей шешуді 
талап етеді.
Кешенділігі 
(комплексность)
бір-бірімен 
тығыз 
байланыстылығы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   87




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет